Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Орындау уақыты 15 -20 минут
1-тапсырма. Диктант
Абылай хан: тұлға және саясаткер Абылай хан — 1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Хан Абылай – Қазақстан тарихындағы тағдырлы бір кезеңнің күллі тауқыметін бойына жүктеген тұтас бітімді тұлға. Жас сұлтанның басты мақсаты халық қалауындай айбарлы жауға қарсы күрес болды. Абылай көреген саясаткер ретінде Қазақ хандығы үшін басты қауіп екі ірі держава – Ресей мен Цин империясында жатқан жоңғарлардың басқыншылығы екендігін жақсы түсінді. Оның халық алдында және Әбілмәмбет хан алдында беделі болды. Сырттағы қауіппен күресе жүріп, Абылай хан қазақ жерін біріктіруге көп күш жұмсады. (119 сөз)
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
балл
Жазба жұмыстарын орындау барысында каллиграфиялық, пунктуациялық, орфографиялық заңдылықтарды қолданады.
№ 1
- cөздерді жазу барысында орфографиялық ережелерді сақтайды;
- мәтіндегі сөздерді қатесіз жазады және әріптерді дұрыс жазады; - мәтіндегі сөздерді өзгертпей жазады;
- үндестік заңына бағынбайтын сөздерді дұрыс жазады;
- айтылуы мен жазылуы әр түрлі сөздерді дұрыс жазады;
- тыныс белгілерін дұрыс қояды (оқу бағдарламасы аясында);