Дәріс 6. Сараптама – ғылыми-практикалық зерттеулердің негізі
Жоспар
1. Құрылымдық-функционалдық сараптама
2. Факторлық сараптама
3.Жүйелілік сараптама
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Омаров Д. http://el.kz/kz/news/archive/%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC-%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%9
1. Құрылымдық-функционалдық сараптама.
Функционалды сараптама саясатты білім беруге, немесе саяси шешімнің білім беруге әсерінің функцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Аналогиялық түрде білімнің саясатқа әсерін анықтауға болады. Шартты түрде саяси топтардың білім жүйесіне әсерінің үш негізгі функциясы бар:
Білімді қолдау және оған қолжетімділікті бақылау. Бұл жағдайда кім білім алатынын, қандай түрде және ол білімнің қандай сапада екенін анықтау қажет.
Білім берудің мазмұны мен процедураларын бақылау. Мұндағы анықталуы қажет басты сұрақ: кім сабақ береді, қандай әдістермен, қалай береді?
Жоғары оқу орындары субъектілерінің әлеуметтік және саяси іс-әрекетінің масштабын бақылау. Бұл жерде мына сұраққа жауап беру өте маңызды: профессорлық-оқытушылық және студенттік жастардың қаншалықты уақыттары бос емес, олар қандай саяси немесе әлеуметтік басымдықты таңдады?.
2. Факторлық сараптама. Бұл сараптамада жоғары білім саласындағы саясат негізгі параметрлер (факторлар) негізінде зерттеледі. Оларға саясат пен білім берудің қарым-қатынас сипатын, жоғары білім саласын қаржыландыру деңгейі саяси мәдениет және әлеуметтену деңгейі, жоғары білім саласын реформалау және модернизацялау процестері жатады. Бұл жағдайда ең маңызды мәселе білім жүйесінің дамуына әсер ететін ең маңызды, ең анықтаушы факторларды көрсету болып табылады. Білім жүйесіне әсер ететін факторлар өте көп және олар өзара тығыз қарым-қатынаста болғаны сонша, кейде оларды анықтап көрсету аса қиын болып кетеді. Осы көптеген факторлардың ішінен дифференциация принципі бойынша ең маңыздыларын көрсету – осы жұмыстың басты мақсаты.
3. Салыстырмалы талдау.
Салыстырмалы (немесе компаративистика, ағылшынша «compare» -салыстыру деген мағынаны білдіреді) саясаттанулық талдау саясатты зерттеудегі ең маңызды және ең шешуші ғылыми әдіс болып табылады. Өйткені бұл өмірде бәрі салыстырмалы және кез келген нәрсені тек салыстыру арқылы бағалауға болады.
4.Жүйелік сараптама.
Жүйелік сараптама нақты бір мемлекеттің тек білім жүйесін зерттеумен байланысты және сол білім білім жүйесі қаншалықты нәтижелі жұмыс істейтіндігін көрсетеді.
5.Контент-анализ.
Бұл жұмыста контент-анализ білім жүйесін терең зерттеуге мүмкіндік береді. Себебі ол құжаттар, заңдар, жоғары білім саласындағы үкіметтің шешімдерін сараптауға негізделеді. Бұл сараптама арқылы білім жүйесінің мемлекет өміріндегі рөлін, биліктің білім саласына деген ниетін, көңілін білуге болады, себебі контент-анализ текстпен жұмыс істейді.
6.SWOT-анализ негізінде білім жүйесінде стратегиялық менеджмент әдісін қолдану.
Қазақстандағы қазіргі нарықтық қатынас заманында білім жүйесіндегі реформалау сәтті іске асыру үшін демократиялық негіздерді жасау, плюрализм және қоғамдағы жаңа экономикалық қатынастар процесіндегі қазақстандық білім саясатындағы тенденциялар мен ситуацияларға сараптама жасау қажет.
7.PEST-анализ.
PEST-анализ (кейде STEP деп аталады) – білм жүйесіне әсер ететін сыртқы ортаның саяси (Political), экономикалық (Economical), әлеуметтік (Social) және технологиялық (Tecnological) аспектілерін анықтауға арналған маркетингтік инструмент. Бұл сараптама шын мәнісінде экономикалық әдіс болып табылады, сол себепті бизнес компаниялардың жұмысына арналған болатын. Бірақ мен осы тәсілді білім жүйесіне, соның ішінде жоғары білім жүйесіне пайдаланамын, себебі білім беру нарық қатынастарына сай өзгеріп келеді және университеттер бизнес компаниялар секілді нарық заманында жұмыс істейді, сұраныс пен ұсыныс ЖОО-ларға да өте маңызды. Студенттерді барынша көп тартып, олардан сапалы маман шығару үшін университетке осы сараптаманы жүргізу қажет.
.
Достарыңызбен бөлісу: |