Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы


АЛЬТЕРНАТИВТІК ТАМАҚТАНУ ТЕОРИЯСЫ



бет5/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
АЛЬТЕРНАТИВТІК ТАМАҚТАНУ ТЕОРИЯСЫ
Дәріс мақсаты: Альтернативті тамақтану теорияларын меңгеру
Жоспар:
Вегетериандық тамақтану
Бөлек тамақтану
Қан тобы бойынша тамақтану
Негізгі түсініктер: нутрициология, тамақтану, қан тобы, вегетериандық, бөлек тамақтану
Әдебиеттер тізімі:
  1. Кацерикова Н.В. Технология продуктов функционального питания. Учебное пособие. — Кемерово: КемТИПП, 2004. — 146 с.

  2. Юдина С.Б. Технология продуктов функционального питания. М.: ДеЛи принт, 2008. — 280 с.


Соңғы 10 жылдың ішінде көптеген жаңа тамақтану териоялары пайда болды. Олар ешқандай дәстүрлі ұғымға келмейді және терең тарихи маңызы бар. Осы теориялардың әрқайсысының өзіндік ұтымды жерлері бар. Бірақ өзіңе керекті тамақтану әдісін таңдау үшін жаңа альтернативты тамақтану теорияларының әлсіз жәңе мықты жақтарын білу маңызды. Тамақтану теорияларының негізгісін қарастрайық.


Вегетериандық тамақтану. Ол ежелгі альтернативті тамақтану теориясына жатады. Бұл жануар текті өнімдерді қабылдау алып тасталынған немесе шектелген тамақтану жүйесі . «Вегетериандық» термины латынның «vegetarius» - өсімдік деген сөзінен шыққан. Таза немесе қатал вегетериандық деп бөлінген вегетариандықтың жақтаушылары тағам рационынан ет пен балықты ғана емес, сонымен қатар сүт, жұмыртқа, уылдырықты алып тастайды, ал таза емес вегетериандықта сүт, жұмыртқа, яғни тірі жануардың өнімдері рационға кіреді.
Вегетариандық тамақтану туралы ойлар, яғн дәстүрлі аралас тамақтанудан бас тарту ойлары Пифагор (б.э. дейінгі 570-470 жж) заманынан бері белгілі. Пифагор 1-ші вегетериандық қауымдастық негізін Кротон қаласында (Оңтүстік Италия) құрастырған. Бұл тамақтану жүйесін белгілі ғалымдар, философтар, жазушылар және суретшілер ұстаған. Олардың ішінде Эпикур, Платон, Сократ, Диоген, Овидий, Плутарх, Сенека, Вольтер, Руссо, Байрон, И. Репин, Л. Толстой және т.б. болған. Олардың барлығы ұзақ және жемісті шығармашылық өмір сүрді. Қазіргі кезде 800 миллионнан аса вегертариандар саналады.
Вегетериандықтардың түсінігіне сәйкес, жануар тектес өнімдерді пайдалану адамның ас қорыту мүшелеріның құрылымы мен функцияларына қайшы келеді, олар ағзада созылмалы улануды тудыратын және шлактармен ағзаны ластайтын, клеткаларды уландыратын улы заттардың түзілуіне әсер етеді. Тек қана өсімдік өнімдермен тамақтану ғана таза өмірге әкеледі және адамды идеалға жоғарылататын кезең деп саналады.
Вегетериандық тамақтанудың әдеттегі тамақтанудан артықшылығы атеросклероз ауруының каупін төмендеу болып табылады. Вегетериандық диета артериялық кысымды нормаға келтіреді, бұл кезде қанның тұтқырлығы төмендейді, ішектің ісік аурулары сирек байқалады, өттің бөлініп шығуы және бауыр функциясы жақсарады, сонымен қатар басқа да оң әсерлер байқалады. Бірақ көп ғалымдар, тек өсімдік өнімдермен ғана тамақтану, яғни, әсіресе қатал вегетариандықта, ағзаны қажетті толық құнды ақуызбен, қаныққан май қышқылдармен, темірмен, кейбір дәрумендермен қамтамасыз ету қиындығы пайда болады, себебі өсімдік өнімдерінде аталған заттардың мөлшері өте аз болады. Қатал вегетариандықтың қағидаларын сақтау кезінде ағзаның энергияға қажеттілігіне сәйкес келетін өсімдік тағамының көп мөлшерін қабылдау қажет. Ұзаққа созылған қатал вегетариандықта көп мөлшерде қабылдаған тағамның әсерінен асқорыту жүйесіне салмақ түседі де, нәтижесінде дисбактериоз, гиповитаминоз және ақуыздың жетіспеушілігінің пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды. Ауыр аурулармен, онын ішінде, қатерлі ісік, қан жүйесінің ауруларымен ауыратындар, осындай тамақтануда өмірден кетуі мүмкін. Жыл өткен сайын қатал вегетариандықтарда темір, цинк, кальций, В1, В12, Д дәрумендерінің, лизин, треонин амин қышқылдарының жетіспеушілігі байқалады.
Сондықтан, қатал вегетариандық тамақтану жүйесін қысқа мерзімге, контрасты диета ретінде ұсынуға болады.
Қатал емес вегетариандықта сүт, жұмыртқа сияқты жануар тектес өнімдерді қабылдауда ағзаға қөптеген тағамдық құнды заттар түседі. Осындай жағдайда ұтымды тамақтану негізін құрастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет