Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Патриоттық тәрбие беру арқылы оқушының саналы сезімін көзқарасын қалыптастырады. Оқу орнында патриоттық тәрбиенің тереңдеуі Отанымыздың саналы да белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. патриоттық тәрбиесінің танымдары Жастардың Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың мен мінездерін қалыптастыру күрделі және сан түрлі процесс.
Оқушының дүние танымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда оқу орындары шешуші рөл атқарады. Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Сол арқылы әр жас жігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі тиіс. Ер жүрек адамды, табанды күрескерді тәрбиелеудің негізі мектепте басталады. Әскери - патриоттық, тәрбие - жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдік жағынан даярлау ұстаздар құзырында. ХХІ ғасыр жаһандану ғасыры. Осы дүниежүзілік үрдісте кей елдің мәдениеті басқа елге үстем болуда. Әр ел бұл үрдіске өз бетінше қам - қарекет жасау үстінде.
Мысалы, Жапон елі өз мәдениетін, салт - дәстүрін, ділі мен дінін жоғары деңгейге көтеріп, мемлекеттік дәрежеде қорғауда. Бізде Қазақ елінің жаһандану үрдісіне сіңіп кетпей, өркендеп, өсуі үшін өзіміздің мәдениетіміз, тарихымыз, салт - дәстүріміз, діліміз бен дінімізді қорғап, оларды өркендету үшін күресуіміз керек. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек.