Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


«ауызша 
сөз 
мәдениеті 
қалыптасқан фиололог-студенттің моделі» жасалды. Яғни тіл – сөз – сөйлеу 
Ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру 
тұжырымдамасы 
   жүйе 
ретінде 
педагогикалық 
әрекет 
   үдеріс ретінде 
   кәсіби-педагогикалық 
дайындық компоненті 
ретінде 
педагогикалық 
жүйе 
педагогикалық іс-
әрекет 
үдеріс 
кәсіби-педагогикалық 
дайындық 
жүйетүзуші 
фактор 
  жүйе бөлшегі 
жүйе 
компоненті 
педагогикалық іс-
әрекет құрылымы 
педагогикалық іс-
әрекет компоненті 
үдеріс 
құрылымы 
  үдеріс бөлшегі 
педагогикалық 
үдеріс 
кәсіби-педагогикалық 
дайындық компоненті 
коммуникативті 
компонент 
мәдени-тілдік 
ерекшелік 
вербалды және 
бейвербалды 
коммуникативтік 
әрекет 
ауызша сөз 
мәдениеті 
дискурсивті 
құзыреттілік 

119 
 
арақатынасын  жете  түсінетін,  ауызша  тілдің  ұғымдық  аппаратын  білетін, 
ауызша  тіл  мен  жазба  тілдің  қолданыстағы  ерекшеліктерін  ажырата  алатын, 
ауызша тіл сатыларын (ауызекі, бейтарап және әдеби) толық меңгерген, ауызша 
сөз  мәдениетінің  қалыптасу  мен  даму  кезеңдерінен  (бастапқы,  аралық, 
қорытынды)  өткен,  ауызша  сөз  үлгісіне  талдау  жүргізетін,  ауызша  сөз 
мәдениетінің  нормалық  (орфоэпиялық  заңдылықтар  бойынша)  және 
жүйетүзушілік, этикалық аспектілерін сезінетін, сөздің қатысымдық сапаларын 
орынды  қолданатын,  тілдік  сезімі  дамыған,  педагогикалық  дискурсқа 
қатысушы  ретінде  өз  рөлін  айқындаған  және  ең  бастысы,  ауызша  сөз 
мәдениетін  дамытуға  деген  қажеттілікті  сезінетін  білім  алушының  үлгісі 
шығады. 
 
Сурет 24 – Ауызша сөз мәдениеті қалыптасқан филолог-студенттің моделі
 
 
 
Зерттеу  жұмысымызда  жоғарыда  көрсетілген  педагогикалық  модельдерге 
сүйене отырып, жоғары оқу орнында ауызша сөз мәдениетін қалыптастырудың 
төмендегідей мазмұндық-құрылымдық моделі жасалды: 
 

120 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 25 – Филолог-студенттердің ауызша сөз мәдениетін қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі 
 
 
Берілген  мазмұндық-құрылымдық  модельді  жүзеге  асыру  үшін  біздің 
ҚОҒАМ 
Ауызша сөз мәдениеті қалыптасқан 
педагог маманға деген әлеуметтік 
сұраныс 
Білім алушылардың жеке 
қызығушылықтары мен қажеттіліктері 
Мақсаты: Ауызша сөз мәдениетін оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық және 
әдістемелік жүйесін ұсыну 
Міндеттері: ауызша тілге қатысты жаңа зерттеулерге сәйкес, ол туралы студенттердің 
түсінігін кеңейту; ауызша тілдің жүйесі мен құрылмын түрлі жағдаяттағы (әсіресе, 
педагогикалық дискурста) қолданысына қарай, тілдік және прагматикалық қырынан 
меңгерту; үлгісөздердің негізінде ауызша сөз мәдениетін қалыптастыруға қадам жасау. 
Ұстанымдары:жалпы дидактикалық (ғылымилық, білім алушылардың жас және 
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болуы, жүйелілік пен бірізділік, ізігілендіру, 
білім алуышылар білімінің беріктігі, түсініктілік, саналылық пен белсенділік, 
теорияның тәжірибемен байланысы), арнайы (тіл сезімін дамыту, пәнаралық байланыс, 
модельдеу, қызығушылықты ояту, медиатехнологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану, 
сыни тұрғыдан ойлау сауаттылығын дамыту). 
Мазмұны 
Оқыту әдіс-тәсілдері: үлгісөз негізінде оқыту, АКТ 
мүмкіндіктерін пайдалану, іскерлік ойын, пікірталас, 
портфолио, постер жасату, тірек-сызбалар, кешенді 
жаттығулар, аудиториядан тыс жұмыстар т.б. 
 
Оқыту формалары: 
жұптық, топтық, 
ұжымдық 
Компоненттері: мотивациялық-танымдық, мазмұндық-әдістемелік, 
нәтижелі іс-әрекеттік 
Нәтижесі: тіл – сөз – сөйлеу арақатынасын жете түсінетін, ауызша тілдің 
ұғымдық аппаратын білетін, ауызша тіл мен жазба тілдің қолданыстағы 
ерекшеліктерін ажырата алатын, ауызша тіл сатыларын толық меңгерген, ауызша 
сөз мәдениетінің қалыптасу мен даму кезеңдерінен өткен, ауызша сөз үлгісіне 
талдау жүргізетін, ауызша сөз мәдениетінің нормалық және жүйетүзушілік, 
этикалық аспектілерін сезінетін, сөздің қатысымдық сапаларын орынды 
қолданатын, тілдік сезімі дамыған, педагогикалық дискурсқа қатысушы ретінде өз 
рөлін айқындаған және ауызша сөз мәдениетін дамытуға деген қажеттілікті 
сезінетін білім алушының үлгісі
 

121 
 
тарапымыздан  5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  білім 
алушыларына  арналған  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті» 
элективті курсы ұсынылды. Ол элективті курстың мазмұны жинақталып, соның 
негізінде  «Сөз  мәдениеті  және  педагогикалық  дискурс»  атты  оқу-әдістемелік 
құрал жарыққа шықты (Қосымша Ғ). 
 
Сондай-ақ  пән  ауызша  сөз  мәдениетімен  қатар,  білім  алушының  бойында 
жазба  мәдениеттің  де  дамуын  көздегендіктен,  пәннің  күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарында  жазба  сөз  мәдениетін  жетілдіруге  бағытталған  дәрістер  мен 
тапсырмалар жүйесі қамтылады. 
 
Кесте 25 – «Риторика және педагогтың сөйлеу мәдениеті» пәнінің күнтізбелік-
тақырыптық жоспарындағы дәрістер тақырыбы
 
 
р/с 
Дәріс тақырыбы  
 
Дәрістің  қысқаша мазмұны 
 
 

Сөз мәдениеті және 
шешендік. Қазіргі 
теориялық концепциясы. 
Пәнге қойылатын 
мақсаттар мен міндеттер 
Пәннің  мақсаты  пен  міндеті.  Сөз  мәдениеті  мен 
шешендіктің қалыптасу тарихына шолу. Қазіргі зерттелу 
жайы.  Пәннің  өзге  салалармен  байланысы.  Глоссарий. 
Негізгі әдебиеттер. Пәннің теориялық концепциясы 
 
 
 

Тіл – cөз – сөйлеу 
қатынасы, ұғымдық 
ерекшеліктері. Ауызша тіл 
мен жазба тілдің 
арақатынасы. Ауызша 
тілдің түрлері 
«Тіл»,  «сөз»,  «сөйлеу»  туралы  айтқан  ғалымдардың 
тұжырымдамалары. 
Олардың 
халық 
және 
ұлт 
зиялыларының  санасындағы  көрінісі.  Ауызша  тіл  мен 
жазба  тілдің  тілдік  және  тілдік  емес  белгілері.  Ауызша 
тілдің ауызекі, бейтарап және әдеби түрлері 
 
 

Ауызша сөз мәдениеті, 
оның зерттелу аспектілері. 
Тілдік норма түсінігі және 
оның ауызша сөз 
мәдениетіне қатысы 
Ауызша  сөз  мәдениеті  және  оның  нормалық, 
қатысымдық, этикалық аспектілері тұрғысынан қаралуы. 
Сөздің 
қатысымдық 
сапаларын 
ауызша 
тіл 
мысалдарының  негізінде  түсіндіру.  Норма  мен  жүйе 
түсінігінің аражігін ажырату 
 
 
 

Ауызша сөз 
мәдениетіндегі 
коммуникативтік мақсат, 
сөз стратегиясы, 
тактикасы, амалдары. 
Педагогикалық дискурс 
ұғымы. 
Ауызша  сөз  мәдениетінің  прагматикалық  қыры. 
Коммуникативтік  мақсат  түсінігі,  оны  жүзеге  асыруда 
қолданылатын  стратегиялар  мен  тактика  түрлері. 
Дискурс 
ұғымы, 
оның 
түрлері. 
Педагогикалық 
дискурстың негізгі тіректері 
 
 

Сөйлеу әрекеті түрлері. 
Олардың ауызша сөз 
мәдениеті мен 
педагогикалық 
дискурспен байланысы 
Сөйлеу  әрекеті  түрлері  туралы  түсінік.  Олардың 
педагогикалық  дискурстағы  орны  мен  маңызы.  Ауызша 
сөздегі  тыңдаушы  мәдениеті.  Дұрыс  тіл  табыса  білудің 
шарттары. Тіл табысудағы сәтсіздіктердің себептері 
 
 

Шаршытоп алдындағы сөз 
мәдениеті. Педагогикалық 
шешендіктің жанрлық 
түрлері. 
Шаршытоп  алдындағы  сөз  типтері  мен  түрлері. 
Шаршысөз құрылымы. Сөз сөйлеуге дайындық және сөз 
алу.  «Жақсы  сөз»  сөйлеудің  алғышарттары.  Сөзді 
диалогтендіру.  
 
 
 
Классикалық сөз үлгісі. 
Қазіргі қазақ тілдік 
тұлғаларының сөз саптау  
Қазақ  шешендігінің  қалыптасу  кезеңдері.  Өткен  және 
бүгінгі  қоғам,  қайраткерлері  мен  тілдік  тұлғалардың 
үздік сөйленген ауызша сөздеріне талдау жұмысын  

122 
 
25-кестенің жалғасы
 
 
р/с 
Дәріс тақырыбы  
 
Дәрістің  қысқаша мазмұны 
 
мәдениеті. Олардың 
мұғалім тілдік тұлғасының 
қалыптасуына әсері. 
жүргізу.  Үздік  педагогикалық  сөйленіс.  Сөйлейтін 
сөздің  мазмұнын  құру,  сөз  тақырыбы  мен  мақсаты,  сөз 
композициясының тәсілдері. 
 
 
 
 

Сөйлеу техникасы. 
Артикуляция мен дикция. 
Қазақ сөз ағымының 
ерекшеліктері 
Сөйлеудің  ішкі  және  сыртқы  техникасы.  Жеке 
дыбыстарды  айту  нормасы: қазақ дыбыстарының сыры. 
Қазақ  орфоэпиясындағы  үндесім  және  үйлесім.  Екпін. 
Сөз 
ағымы 
бірліктері. 
Интонацияның 
қарым-
қатынастағы рөлі. Қазақ сөз сазының ерекшеліктері. Сөз 
ағымындағы 
кідіріс 
түрлері. 
Сөйлеу 
қарқыны. 
Қарқынның сөз мазмұнын жеткізудегі рөлі. 
 
 

Бейвербалды амалдар мен 
түрлері. Олардың 
шаршытоп алдында сөйлеу 
мен педагогикалық 
дискурстағы маңызы 
Бейвербалды  амалдар  түсінігі.  Қазақы  қимыл,  ым-
ишараттар.  Педагогикалық  дискурста  қолданылатын 
бейвербалды амалдар және олардың маңызы. 
 
10 
Сөз әдебі – ауызша сөз 
мәдениетінің құрамдас 
бөлігі. Сөз әдебі және 
ұлттық таным. 
Сәлем 
– 
сөздің 
анасы. 
Әлеуметтік-тұрмыстық 
қатынастағы  сөз  әдебі.  Қаратпа  сөз  әдебі.  Қазақы 
қаратпалар. 
 
 
 
11 
Ауызша сөз мәдениетін 
қалыптастырудағы 
лингвоэкологияның 
маңызы. Тілдік орта мен 
тілдік тұлға. Тіл саясаты. 
Лингвоэкология  бағыты  мен  оның  зерттеу  нысаны. 
Ауызша 
сөз 
мәдениетін 
қалыптастырудағы 
лингвоэкологиялық 
зерттеулердің 
пайдасы. 
Интерференция:  басқа  тілдің  әсері.  Қостілділік  пен 
үштілділіктің адамның когнитивтік санасына әсері. 
 
 
12 
Тілдік сәтсіздіктер, 
олардың себептері. Оны 
педагогикалық дискурста 
болдырмаудың жолдары 
Уәжді  және  уәжсіз  ауытқулар.  Ауызша  сөздің 
дайындықты  және  дайындықсыз  типтері.  Әсіре 
ресмилік.  
 
 
 
13 
Өзге функционалды 
стильдердің ауызша 
тілдегі көрінісі. 
Шаршытоп алдында 
көркемсөз стилінде 
сөйлеу. Шаршытоп 
алдындағы ғылыми-
көпшілік сөз. БАҚ және 
ауызша сөз мәдениеті. 
Іскери сөз. 
Қазіргі  іскери  сөзге  қойылатын  талаптар.  Көркемсөз 
стилінде  ойды  жарыққа  шығару  тәсілдері.  Қанатты 
сөздер,  плеоназм,  тавтология,  лаконизм,  лексикалық 
жетімсіздік, 
стилистикалық 
қателік, 
экспрессивті 
лексика  ұғымдарымен  жұмыс.  БАҚ  ауызша  тіліндегі 
сәтті  және  сәтсіз  қолданыстар.  Арнаулы  тіл  ұғымы. 
Ғылыми  сөздің  жанрлық,  стильдік  ерекшеліктері. 
Ғылыми  ауызша  сөз  сөйлеудің  алғышарттары  мен 
талаптары 
14 
Жазба сөз мәдениеті және  
жазба риторика 
Жазба сөз мәдениетіне қойылатын талаптар. Үздік жазба 
сөздің құрылымы 
15 
Жазу мәдениетіндегі 
орфографиялық норма 
Сөздердің  бірге/бөлек  жазу  нормасы.  Бас  әріп.  Жазба 
мәтіндегі пунктуациялық ережелер 
 
   
Аталған мазмұндық-құрылымдық модельді жүзеге асыру үшін алға қойған 
міндеттер  бірнеше  кезеңдерге  сәйкес  орындалды.Ол  кезеңдерді  өз 
мақсатымызға  қарай  өңдеп,  оның  модельдеу  алды,  негізгі,  рефлексивті  және 

123 
 
түзетуші секілді түрлерін ұсындық. 
 
   
1-кезең – Модельдеу алды 
 
 
   
Қадамдар: модельдеу нысанының жайын зерттеу; мақсатты айқындау мен 
оған жетуге бағытталған міндеттерді нақтылау; модельдеу әдіснамасын жасау; 
ұғымдық  аппаратын  түзу;  модельдеудің  стратегиялық  бағытын  бағдарлау; 
күтілетін нәтижені жобалау. 
   
Мазмұны: ауызша сөз мәдениетінің (соның ішінде филолог-студенттердің) 
қазіргі  жайын  зерттеу;  білім  алушыларға  ауызша  сөз  мәдениетін  меңгертудің 
әдістемелік  кешенін  құрастыру;  мақсатқа  жетуге  қажетті  әдіс-тәсілдерді 
анықтау. 
   
2-кезең – Негізгі  
   
Қадам: жоспарланған міндеттерді жүзеге асыру, апробация. 
   
Мазмұны: ауызша тілдің теориялық базасын меңгерту; білім алушылардың 
ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру, дамыту немесе шыңдау. 
   
3-кезең – Рефлексивті 
   
Қадам: жасалған жұмысты қорытындылау. 
   
Мазмұны:    алынған  нәтижені  бастапқы  күтілген  нәтижемен  салыстыру; 
жүргізілген жұмыс бойынша білім алушылардан кері байланыс алу және оларға 
сараптамалық қорытынды жасау. 
   
4-кезең – Түзетуші 
   
Қадам: жасалған қорытынды нәтижесі бойынша жұмыс жүргізу. 
   
Мазмұны:  апробация  немесе  білім  алушылардан  кері  байланыс  алу 
барысында  анықталған  әрі  түзету  қажет  ететін  мәселелермен  жұмыс  істеу; 
ауызша сөз мәдениетінің әдістемесін жасаудағы нәтижелерді жариялау.  
 
Қорыта  айтқанда,  нысанға  жету  үшін  жасалған  құрылымдық-мазмұндық 
модель – өте күрделі, кешенді әрі жүйелі құбылыс, үдеріс.  Сондықтан ауызша 
сөз  мәдениеті  қалыптасқан  филолог-студенттің  үлгі  моделіне  қол  жеткізуде 
мазмұндық-құрылымдық  модельдеудің  әрбір  кезеңін  барынша  тиімді  жүзеге 
асырудың маңызы зор.  
 
 
2.3 Ауызша сөз мәдениетін оқытудың жаңа әдістері 
 
 
Оқыту  технологиялары  мен  әдістері  әдістемелік  жүйенің  маңызды 
компоненттері  болып  саналады.  Дамыта  оқыту  теориясына  сәйкес,  оқытушы 
мен білім алушының оқу үдерісін бірге ұйымдастыруын және ең бастысы, оқу 
міндеттерін  бірге  шешуін  әдіс  деп  түсінеміз.  «Әдіс  –  оқыту  үдерісінің  өзегі, 
алға  қойған  мақсат  пен  жеткен  шынайы  нәтижені  байланыстыратын  құрал» 
[218, б.470]. 
 
Әдістерді  топтастырудың  бірегей  классификациясының  болмауы  оқу 
үдерісінің  күрделілігімен  және  жекелеген  пән  ерекшеліктерімен  түсіндіріледі. 
Осындай классификациялардың бірнешеуін келтіріп өтейік: 
 
1)  Білім  алу  көзіне  байланысты  (Н.Верзилин, Е.Голант,  Д.Лордкипанидзе, 
Е.Перовский т.б.): 
 
- сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, кітаппен жұмыс т.б.); 
 
- көрнекілік (бақылау, иллюстрация т.б.); 

124 
 
 
- практикалық (жаттығу, практикалық тапсырма). 
 
2)  Білім  алушылардың  танымдық  әрекетінің  сипатына  қарай  (И.Лернер, 
Н.Скаткин): 
 
- ақпараттық-рецептивті; 
 
- репродуктивті; 
 
- жартылай ізденушілік (эвристикалық); 
 
- зерттеушілік [219, б.25].
 
 
3) Дидактикалық міндеттерге сәйкес (М.Данилов, Б.Есипов): 
 
- білім алуға; 
 
- біліктілік пен құзыреттіліктерді қалыптастыруға; 
 
- алған білімді қолдануға; 
 
- шығармашылық қабілетті жетілдіруге; 
 
- білімді бекітуге; 
 
- білімді тексеру мен бағалауға бағытталған әдістер [220, б.157]. 
 
4) Іс-әрекеттің тұтастығы тұрғысынан (Ю.Бабанский): 
 
Оқуға ынталандыру әдістері: 
 
1) оқуға деген қызығушылықты арттыру; 
 
2) оқудағы жауапкершілік пен міндеттілік сезімдерін қалыптастыру. 
 
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру әдістері: 
 
1)  перцептивті  (оқу  ақпаратын  сезіну  арқылы  жеткізу  (оқытушы)  мен 
қабылдау  (білім  алушы),  сөздік,  көрнекілік,  аудиовизуалды,  практикалық 
әдістер; 
 
2) логикалық (логикалық танымды жетілдіруге бағытталған) әдістер; 
 
3) гносеологиялық (ойлауға бағытталған) әдістер; 
 
Бақылау (оқытушы) мен өзін-өзі бақылау (білім алушы) әдістері [221, б.9]. 
 
5)  Оқу  үдерісінің  мотивациялық  факторын  дамытуға  негізделген  әдістер 
жүйесі (Ю.Чернова): 
 
Кесте  26  –  Оқу  үдерісінің  мотивациялық  факторын  дамытуға  негізделген 
әдістер жүйесі [222, б.56].
 
 

 
Оқыту әдістері 
Оқу мотивациясын 
қалыптастыру жолдары 
1  Оқытудың ақпараттық-танымдық әдістері (әңгімелесу, 
дәріс, иллюстрация, хабарлама, кинокөрсетілім, саяхат, 
сұхбат, атақтыадамдармен кездесулер ұйымдастыру т.б) 
Қызықты фактілер келтіру, 
ғалымдар өмірі мен 
еңбектерімен таныстыру, 
пікірталас 
2  Дағдылы әдістер (кітаппен жұмыс, тірек-сызбалар, 
жаттығу жұмыстары, практикалық тапсырмалар, 
тренингтер, өзіндік жұмыстар т.б.) 
Тілдік жағдаят тудыру, 
топтық жұмыс, 
ынталандыру 
3  Шығармашылық оқыту әдістері (Сократ моделі 
бойынша әңгімелесу, жекелеген жағдаяттарды талдау, 
іскерлік ойындар, дөңгелек үстел, т.б.) 
Инновациялық білім 
технологияларын 
пайдалану, АКТ-ны қолдану 
4  Бақылау және кері байланыс әдістері (семинар, 
конференция, симпозиум, бақылау түрлері, емтихан, 
курстық жұмыс, бітіру жұмысы, реферат, сауалнама 
т.б.) 
Алған білімді бекіту, жеткен 
жетістіктердің 
көрсеткіштері, марапаттау 

125 
 
 
Зерттеу  жұмысында  И.Лернер  мен  Н.Скаткиннің  классификациясы 
басшылыққа алғанымен, әр бөліністің өзіндік ерекшеліктері де ескерілді. 
 
Фиололог-студенттердің ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру мақсатында 
ұйымдастырылған «Риторика және педагогтың сөйлеу мәдениеті» атты ғылыми 
курсы дәріс, семинар, білім алушының өздік жұмыстары мен білім алушының 
оқытушымен  жасайтын  жұмыстарын  қамтиды.  Әрқайсысы  мақсатына  жету 
үшін оқытушы тарапынан білім мазмұнын беретін  оқыту технологиялары мен 
әдіс-тәсілдер дұрыс таңдалуы керек. Пәнді меңгерту барысында бірқатар жаңа 
әдістер  қолданылды.  Атап  айтқанда,  болашақ  мұғалімдердің  ауызша  сөз 
мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда жоғары нәтижелерге жеткен әдістердің 
бірі – үлгісөздердің (үлгі сөз – сөздің сапалық ерекшелігін көрсету мақсатында 
қолданылса,  бөлек  жазылады;  ал  тұтас  бір  ұғымның  атауы  болғанда  бірге 
жазылады) негізінде оқыту болды. Үлгі  сөз  –кез  келген  тілдік  тұлғаның  үздік 
сөйленген сөзі. Жалпы, тілдік тұлға осы терминді ғылыми айналымға енгізген 
В.Виноградовтың  кезінен  бастап  тілшілердің  зерттеу  нысанына  айналғаны 
белгілі.Тілдік  тұлға  туралы  ойлар  И.Бодуэн  де  Куртенэнің  зерттеулерінде  де 
кездеседі.  Қазіргі  кезде  тілдік  тұлғаға  бағытталған  зерттеу  жұмыстары 
лингвистикалық, әлеуметтік лингистикалық және лингводидактикалық бағытта 
жүргізіледі.  Осылардың  ішінде  үлгісөздерді  зерттеу  лингвистикалық  бағытта 
ұстанса, үлгісөздердің негізінде оқыту лингводидактикалық бағытты ұстанады.  
 
Әр  адамның  табысқа  жету  жолы  әртүрлі.  Дегенмен  жетістікке  жету 
феноменін зерттеуші ғалымдардың пікірінше, табысты адамдардың барлығына 
ортақ дүние – шаршытоп алдында сауатты әрі әсерлі сөйлей білу өнері. Демек, 
үлгі сөз иелерін шешен деп атаймыз. «Шешен сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек, 
башқұрт  тілдерінде  де  қазақ  тіліндегідей  мағынада  қолданылады.  Түркі 
тілдерінің бұл тобында шешен сөзінен туындаған  шешенсу, шешенсіну сөздері 
кездеседі.  Өзбек  тілінде  «чечан»  сөзінің  «неге  болса  да  ұста,  шебер»,  тува 
тілінде  («чечен»)  «әдемі,  көркем»  деген  қосымша  мағыналары  бар.  Моңғол, 
бурят-моңғол,  қалмақ  тілдерінде  кәкен,  сэсэ(н),  цэцэ  сөзінің  «данышпан», 
«ақылгөй»,  «дана»,  «тапқыр»  деген  мағыналарымен  қатар,  «мерген»  деген 
мағынасы  да  бар.  Чечен  (сасан)  сөзінің  бұл  мағыналары  алтай,  якут,  тува 
тілдерінде  де  кездеседі»  [223,  б.222].  Сонымен,  шешен  дегеніміз  –  ой-
санасымен  белсенді,  мінез-құлқымен  төзімді,  өмірлік  пайымы  мол,  әсерлі, 
әдемі,  бейнелі  көркем  тілімен  оқырмандарының  бойын  билеп  әкетерлік  әсер 
ететін,  тыңдарманды  бір  нәрсеге  сендіріп,  бір  нәрсеге  ұмтылдыратын,  ойлы 
сөзге тапқыр, талпынысқа ынта-ықыласы басым тұлға [180, б.117]. 
 
Демек,  адамның  жағымды  қасиеттерінің  бірі  ауызша  сөз  мәдениетіне 
байланысты екенін байқадық. Оған А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, Ә.Бөкейханов, 
Қ.Сәтбаев, Қ.Жұбанов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов т.б. секілді қазақ зиялыларының 
үлгі  сөздері  дәлел.  Оқу  үдерісінде  олардың  сөйлеу  мәдениетін  өмірлерінен 
үлгілер  келтіре  отырып  дәлелдеу  өте  тиімді.  Мысалы,  кезінде  «Қ.Сәтбаев 
қасиеті  хақында  ой  тармақтай  келіп,  әлемге  әйгілі  Әуезов  ғұламаның  алуан 
мамандық  иелерімен  өз  тілдерінде  үндесе,  ұғыса  білетіндігін  былайша 
баяндайды:  «Сан  сала  білімнен  көп  дерегі,  білімі  бар.  Қаныштың  бір  үлкен 
ерекшелігі  –  ол  химикпен  де,  биологпен  де,  физикпен  де,  медикпен  де  және 

126 
 
тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі» [219, 
б.25].  
 
Оқытушының бойында да осы секілді қасиеттің болуы керегі анық. Себебі 
оқушылардың  арасында  жоғарыда  келтірілген  Қ.Сәтбаевқа  қатысты 
мәтіндегідей  болашақ  атақты  химик,  биолог,  физик,  филолог  отырулары 
мүмкін.  Олардың  әрқайсысымен  тіл  табыса  білудің  негіздерімен  болашақ 
мамандарды жоғары оқу орнында оқу үрдісінде қаруландырамыз. 
 
Эксперимент барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының  2-курс 
білім алушыларынан «Қазақ үлгісөз иесі ретінде кімдерді білесіз?» деген сауал 
қойылды. Нәтижесінде, студенттердің жауаптарында Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, 
М.Шаханов,  Б.Тілеухан,  М.Тазабек,  М.Мырзахметұлы,  М.Жолдасбек, 
Ә.Байменов,  И.Тасмағамбетов,  Р.Заитов,  Қ.Сарин,  Б.Имашев,  Б.Нұржекеев, 
С.Майғазиев, Қ.Әбілдина, Д.Нұржігіт, Д.Төлепберген, А.Осман, А.Жұмаділдаев 
т.б.  қоғамда  белгілітұлғалардың  есімдері  аталған.  Кейбір  білім  алушылар  өз 
оқытушыларынатап  көрсеткен.  Бүгінде  қоғам,  әсіресе,  жастар  үлгі  сөздерге 
зәру.  Үлгі  сөздер  ертеден  қажеттіліктерден  туындаған.  Оған  дәлел  ретінде 
танымал  әншілер  Instagram  парақшаларына  өздерінің  берген  сұхбаттарын 
жариялағанда,  тіркелушілерге  ұнаса:  «Сіз  қазақша  сөйлегенде,  жаным 
рақаттанады»,  «Сен  секілді  «таза»  қазақша  сөйлейтіндер  көбейсе  ғой», 
«Қалайша,  сіз  адамның  жетер  жеріне  жеткізіп  сөйлейсіз!»,  «Сіз  сөйлегенде, 
қазақ  екеніме  мақтанамын»  секілді  жазбаларды  оқуға  болады.  Жазғандары 
немесе  сұхбаттары  сәтсіз  шыққан  жағдайда:  «Осы  сіз  қазақша  сөйлемей-ақ 
қойыңызшы» немесе «Қазақтың сөзін қор қылдыңыз-ау!» деп халық өз бағасын 
беріп жатады.  
 
Филолог-студенттерге үлгісөздерді жалаң түрде тыңдатпай, мүмкіндігінше 
бейнежазбаларды  да  көрсету  әдісін  қолданған  тиімді.  Себебі  бейнежазбаны 
көру  арқылы  студент  сөйленген  сөзді  тыңдап  қана  қоймай,  оның  көрермен, 
тыңдаушылармен  байланыс  орнатуын,  сөйлеу  барысында  қолданған 
бейвербалды  амалдарынан  да  хабардар  болып  отырады.  Сондай-ақ  әдістің 
тиімділігін  арттыру  үшін  үлгісөзді  тыңдау  немесе  көру  барысында  оны 
құрылымына  талдау  жұмыстарын  жүргізуге  болады.  Осы  ретте  пәннің 
жүргізілуі  барысында  30-ға  тарта  үлгісөз  дискіге  түсіріліп,  жинақталып,  оқу 
үдерісінде тиімді пайдаланылды.  Болашақ  тіл  мен  әдебиетмамандарының 
ауызша  сөз  мәдениетімен  қатар,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытатын 
әдістердің  бірі  –  постерлерді  қолдану.  Постер,  негізінен,  ғылыми  айналымға 
жарнама  саласынан  келген.  Яғни  постер  дегеніміз  –  ауқымды  мазмұнды 
ақпаратты  көрнекі  түрде  қысқаша  жеткізу.  Постер  әдісінің  ерекшелігі  –  оны 
барлық  пәннің  аясында  қолдануға  болатындығында.  Постерлер  қолданылу 
мақсатына  қарай,  кең  көлемді  және  шағын  болады.  Кең  көлемді,  көбіне, 
студенттің  өздік  жұмыстарын  орындауға  пайдаланылады.  Шағын  постерлер 
күнделікті  семинар  сабақтары  барысында  қолданылады.  Пәнімізде  қамтылған 
«Шаршытоп  алдындағы  сөз  мәдениеті.  Педагогикалық  шешендіктің  жанрлық 
түрлері»  тақырыбын  игеру  барысында  2-курс  филолог-студенттеріне  мынадай 
тапсырма  берілді:  Студенттер  3-4  адамнан  тұратын  шағын  топтарға 
бөлінеді.  Әрқайсысына  қазақ  мақал-мәтелдері  таратылып  беріледі.  Білім 

127 
 
алушылар  нақыл  сөздің  мағынасынашатындай  сурет  салып,  оны  қорғауға 
дайындалады.  Дайындыққа  10-15  минут  уақыт  беріледі.  Нәтижесінде, 
студенттер  шаршытоп  алдындағы  сөз  мәдениеті  талаптарын  ескере 
отырып, педагогикалық шешендіктің жанрлық түрі  – түсіндіру әдісінің озық 
үлгісін  көрсетулері  керек.  Аталған  әдісті  пайдалану  барысында  филолог-
студенттер төмендегідей постер үлгілерін қорғады: 
 
 
 
Сурет 26 – Білім алушылардың «Жылтырағанның бәрі алтын емес» мәтеліне 
қорғаған постер үлгісі 
 
 
 
 
Сурет 27 – Білім алушылардың «Қойшы көп болса, қой арам өледі» мәтеліне 
қорғаған постер үлгісі 
 
 
 
Сурет 28 –Білім алушылардың «Сиырдың басына туған күн бұзауға да туады» 
мәтеліне қорғаған постерінің үлгісі 

128 
 
 
 
Сурет 29 – Білім алушылардың «Семіздікті қой ғана көтереді» мәтеліне 
қорғаған постерінің үлгісі 
 
 
Постерді қорғау барысында студенттер өзара бағалау әдісін қолданады.  
 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша  қолданылып  жүрген 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет