Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


әңгімелесу әдісі. Әңгімелесубірнеше түрге бөлінеді: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 31 – Әңгімелесудің түрлері
 
Әңгімелесу 
Тұрмыстық 
Іскерлік 
Бейресми 
Ресми  
Кадр-
лық  
Тәртіп орнату 
мақсатындағы 
Пробле-
малық  
Ұйымдасты-
рушылық 
Шығарма-
шылық  
Жұмысқа 
тұру, одан 
шығу, 
қызметтік 
ауысу  
Тәртіпке 
шақыру  
Шиеленіс 
жағдайын 
шешу  
Тапсырманың 
орындалу 
тәртібін 
түсіндіру  
Жоба, 
атқарылатын 
жұмысты 
талқылау  

136 
 
 
Оқытудағы әңгімелесу әдісі іскерлік түріне жатып, жағдаятқа байланысты, 
оның  ішінде  де,  белгілі  бір  түріне  кіреді.  Әңгімелесу  әдісінің  ерекшелігі  әрі 
тиімділігі  –  оның  сабақта  және  сабақтан  тыс  та  қолданылылуы.  Әңгімелесуді 
білім  алушының  ауызша  сөйлеу  тілі  деңгейін  анықтауда,  оны  дамытудың  қай 
бағытта жүргізілуі тиіс екендігі бағамдауда қолдану өте тиімді. 
 
АКТ және медиатехнологияларды қолдану әдісі. ЖОО-да оқу үдерісінде 
электронды  білім  беруге  (electronic learning, E-Learning, E-learning,  e-learning, 
eLearning, Elearning, Cyber learning) ерекше көңіл бөліне бастады. Электронды 
білім беру – қазіргі кезде оқу контентін жасаудан бастап оны бағалауға дейінгі 
білім  берудің  барлық  аспектілерін  қамтиды.  2016  жылы  TechNavio  зерттеу 
орталығының  басшылығымен  жүргізілген  «2016-2020  жылдар  аралығындағы 
электронды  білім  берудің  жаһандық  нарығы»  атты  зерттеу  жұмысының 
нәтижесі  бойынша  электронды  білім  берудің  үш  компоненті  көрсетілген: 
мультимедиалық  технологиялар  мен  компьютер  негізінде  оқыту  –  computer-
based  learning  (CBL),  оқытуда  ғаламтор  мүмкіндіктерін  пайдалану  –  Internet-
based learning (IBL) және веб-білім беру  – web-based learning (WBL) [232, б.3]. 
Тәжірибеде  филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру  мен 
дамытудаэлектронды білім берудің үш компоненті де қамтылады.  
 
Мультимедиалық  технологиялар  мен  компьютерлік  оқыту  негізінде  білім 
беру  компонентіне  «Электронды  қазақ  үй»  құралы  [233]  мен  Audacity 
редакторы қолданылды. Жалпы, электронды қазақ үй – тілді дамытып, ұлттық 
рухты көтеретін заманауи тәрбие құралы ретінде танылған.  
 
 
Сурет 32 – «Электронды қазақ үй» құралы [234] 
 
 
ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша, Дүниежүзі 
қазақтарының  қауымдастығы,  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институты  қолдауымен,  көптеген  ақын-жазушылар,  әнші-композиторлардың 
ұсыныстары  ескеріле  отырып  жасалған  бұл  өнертабыс  –  қазақ  ауызша  тілінің 
әдеби  түрі  үлгісін  көрсету  мен  оны  меңгертуде  тиімді  құрал.  «Электронды 
қазақ  үй»  ертегілер  (1),  балалар  әндері  (2),  күйлер  (3),  дәстүрлі  әндер,  терме-
толғаулар  және  отаншылдық  рухтағы  әндер  (4)  және  бесік  жырлары  мен 

137 
 
Абайдың қара сөздері (5) тәрізді бес бөлімді қамтиды. Барлығы 1200 шығарма 
енгізілген. Тәжірибеде «Сөйлеу техникасы. Артикуляция мен дикция. Қазақ сөз 
ағымының  ерекшеліктері»  тақырыбында  қазақ  сөз  ағымының  ерекшеліктерін 
түсіндіруде  өте  тиімді  болды.  «Электронды  қазақ  үйдегі»  әрбір  жазба  қазақ 
дыбыстық  үндесімі  мен  үйлесіміне  сай  оқылғандықтан,  әрқайсысы  қазақ 
ауызша әдеби тілінің үлгісі негізін құрды.  
 
Audacity  редакторы  –  дыбыстық  жазбалармен  жұмыс  істеуде  өте  қолайлы 
қондырғы. Ол «Электронды білім беруде ең жиі қолданылатын 100 бағдарлама» 
тізімінде  25-орынды  иеленеді.  Ауызша  сөз  мәдениетін  оқыту  барысында 
студенттердің  дыбыстық  жазбаларға  жиі  жүгінуіне  тура  келеді.  Басқа 
бағдарламаларға 
қарағанда, 
Audacity 
редакторының 
төмендегідей 
артықшылықтары бар: 
 
- дыбыс таспасына жазылған барлық жазбалардың сақталуы
 
- бір жазғанда, 16 файлға дейін жазуға мүмкіндік; 
 
-  дыбыстық  жазбаны  қолдану  барысындағы  болған  дыбыстарды  алып 
тастау т.б. мүмкіндіктердің болуы. 
 
 
 
Сурет 33 – Білім аулшылардың Audacity редакторының көмегімен жасаған 
дыбыстық жазбалары
 
 
 
Тәжірибеде  студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  дамытуда  ғаламтор 
мүмкіндіктерін  пайдалану  да  оң  нәтижелер  берді.  YouTube  және  басқа  да 
бірнеше  сайттарға  жүктелген,  әрқайсысы  6-10  минуттан  тұратын  «Дұрыс 
сөйлейік» атты дыбыстық бағдарламалар циклі білім алушылардың шаршытоп 
алдында  сөйлеу,  жалпы,  қазақ  ауызша  сөз  мәдениеті  туралы  танымдарын 
кеңейтті.  Дыбыстық  бағдарлама  филология  ғылымдарының  докторы 
А.Фазылжан мен жүргізушінің арасындағы сұрақ-жауапқа негізделген және ол 
барлығы  80  аудиодан  тұрады.  Тыңдалымтүрлері  оқу  мақсатымызға  сәйкес 
орындалды, солардың ішінде төмендегі тақырыптарды тыңдау білім алушылар 

138 
 
үшін пайдалы болды:  
 
1) Прагматика деген не?  
 
2) Тілдің екі түрлі өмір сүру формасы: ауызша және жазбаша; 
 
3) Тілдік емес құралдардың ауызша қарым-қатынастағы рөлі; 
 
4) Ауызша және жазбаша сөз нормалары; 
 
5) Жеке дыбыстарды айту нормасы: қазақ дыбыстарының сыры
 
6) Жеке сөздерді айту нормасы; 
 
7) Сөз ішіндегі дыбыстық өзгерістер заңдылығы; 
 
8) Қазақ сөз ағымының ерекшеліктері. Сөз ағымы бірліктері; 
 
9) Интонацияның қарым-қатынастағы рөлі; 
 
10) Қазақ сөз сазының ерекшеліктері; 
 
11) Қазақ сөзінің құрылысы: екпін мәселесі
 
12) Орфоэпиялық нормадан ауытқулар. Уәжді және уәжсіз ауытқулар; 
 
13) Интерференция: басқа тілдің әсері. Оған қалай тосқауыл қоямыз? 
 
14) Әуеннің сөз мазмұнын жеткізудегі рөлі; 
 
15) Ресми-іскерлік ауызша қатынастағы сөз әдебі; 
 
16) Ауызша сөздің үлкен екі типі: дайындықты және дайындықсыз
 
17) Сөз стильдері және олардың ауызша формадағы көрінісі; 
 
18)  Сөз  сапасы:  дұрыстығы,  тазалығы,  байлығы,  дәлдігі,  қысқалығы  мен 
нұсқалығы, бедері; 
 
19) Сөйлеу тілінде орын алатын қателіктер; 
 
20) Шешендік өнер дегеніміз не? т.б. 
 
 
 
 
Сурет 34 – YouTube арнасындағы «Дұрыс сөйлейік» атты А.Фазылжанның 
қатысуымен жасалған аудиобағдарлама
 
 
 
Оқыту  тәжірибесінде  «Дұрыс  сөйлейік»  дыбыстық  бағдарламасы 
студенттің  қазақ  ауызша  тілінің  заңдылықтарын  толық  меңгеруге  септігін 
тигізді. 

139 
 
 
Сонымен  қатарғылыми  курсты  оқыту  барысында  квест  сабақ 
әдісіқолданылды.  Квест  сабақтың  басты  мақсаты  студенттердің  танымдық 
қызығушылығын  арттыра  отырып,  мақсатқа  сәйкес  нәтижелерге  жету  болып 
табылады.  Пән  аясында  барлығы  20-ға  жуық  ақпараттық-танымдық  веб-
сайттардың  ауызша  сөз  мәдениетін  дамытуға  қатыстылығы  анықталып, 
олармен жұмыс түрлері белгіленді (Қосымша Д). 
 
Бағалау  –  оқу  үдерісінің  ажырамас  бөлігі.  Осы  тұрғыдан  электронды 
бағалаудың  (E-assessments)  дәстүрлі  бағалау  жүйесіне  қарағанда,  мынадай 
артықшылықтары бар: 
 
1) бейне-дыбыстық құралдар мен түрлі анимациялар негізінде бағалаудың 
практикалық құндылығын арттыруға болады
 
2)  жауаптар  автоматтандырылған  бағдарламаларға  негізделгендіктен, 
тексеруге аз уақыт қажет әрі қойылатын баға объективті болады; 
 
3) нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік болады; 
 
4) тапсырма мен олардың орындалу нәтижесін сақтау ыңғайлы [235, б.387].
 
 
Оқу  үдерісінде  білім  нәтижелерін  бағалау  көбіне  Google  Forms  арқылы 
жүзеге  асты.  Жұмыстың  эксперименттік  оқыту  тәжірибесінің  алғашқы 
кезеңінде аталған әдісжиі қолданылды. Cонымен қатар білім алушылардың оқу 
материалын  меңгеру  деңгейін  бағалау  мақсатында  жасалған  портфолио  да 
Google Sites арқылы электронды әзірленді.  
 
 
 
Сурет 35 – Білім алушының пән бойынша жасаған электронды портфолиосы 
 
 
Оқыту  үдерісінде  ғаламтор  мүмкіндіктеріненжәне  сан  алуан  әлеуметтік 
желілердегібағдарламалар қолданылды. Осы тұрғыдан Skype – Microft арқылы 

140 
 
тарайтын  интернет  көмегімен  мәтін,  дауыс,  бейне  түріндегі  байланыс 
орнататын  желі.  Skype-ты  қолдану  біздің  мақсатқа  сәйкес  өте  тиімді 
болды.Білім  алушылар  Skype-пен  жасалған  қысқаша  баяндамалары  арқылы  өз 
жұмысына сырт көзбен қарап, өзін-өзі бағалай алатын мүмкіндік алды. Дәл осы 
мақсатпен Twitter әлеуметтік желісі де тиімді қолданылды. Бұлар – ауызша сөз 
мәдениетіне  қатысты  жүзеге  асты.  Ал  жазба  сөз  мәдениетін  дамыту  үшін 
жоғарыда  аталғандардан  басқа  да  әлеуметтік  желілерді  пайдалануға  болады. 
Сондай-ақ  ауызша  сөз  мәдениетін  оқыту,  бір  қарағанда,  көзбе-көз  сөйлесуді 
қажет  ететіндей  көрінгенімен,  оны  Moodle,  Webex  платформалары  арқылы 
онлайн режимде оқыту мүмкіндіктері мол екендігі тәжірибеде байқалды. 
 
Тікелей  сабақ  үстінде  қолданылатын  оқыту  әдістерінен  басқа, 
аудиториядан тыс  іс-шаралар да білім алушылардың ауызша сөз мәдениетінің 
қалыптасып,  дамуына  өз  ықпалын  тигізеді.  Солардың  бірі  жоғары  оқу 
орындарында  сөз  мәдениеті,  стилистика  және  шешендіктен  сабақ  беретін 
оқытушылардың  республикалық  ассоциациясы  құрылды.  Ассоциацияның 
аясында  аталған  пәндерді  оқытудың  өзекті  мәселелері  талқыланып,  олардың 
шешу  жолдары  қарастырылып  отырады.  Сонымен  қатар  білім  алушылардың 
ауызша  сөз  мәдениеті  мен  шаршытоп  алдында  сөйлей  білу  өнерін  дамытатын 
түрлі  іс-шараларды  ұйымдастыру  мүмкіндіктері  мол  болады.  Оның  веб-сайты 
төменде көресетіледі: 
 
 
 
Сурет  36 – Сөз мәдениеті, стилистика және шешендіктен сабақ беретін 
оқытушылардың республикалық ассоциациясының веб-сайты 
 
 
Сонымен  қатар  пән  мазмұнын  игеруде  тірек-сызбалар,  дидактикалық, 
іскери ойындар арқылы оқыту әдістері де тиімді қолданылды.  
Қорытындылай  келгенде,  жоғарыда  аталған  оқыту  әдістері  филолог-

141 
 
студенттердің,  жалпы,барлық  мамандықтарда  оқитын  білім  алушылардың 
ауызша  сөз  мәдениетін,  ауызша  сөйлеудің  қыр-сырын  меңгеруге  толық 
мүмкіндік берді. 
 
 
2.4  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру 
әдістемесінің эксперименттік оқыту тәжірибесінің нәтижелері 
 
 
Диссертациялық  жұмыстың  негізгі  өзегі  –  ауызша  сөз  мәдениетін 
қалыптастыру мен дамытудың әдістемелік жүйесін ұсыну. Тәжірибеде алдымен 
филолог-студенттердің ауызша сөз мәдениетіне қатысты  түзетуді  қажет ететін 
негізгі  мәселелер  анықталды.  Осыған  сәйкес  оқытудың  нәтижесі  мен 
тиімділігін айқындау мақсатында эксперимент жұмыстары Сулейман Демирель 
атындағы  университеттің  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  2-4  курс 
студенттері және Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық Университетінің «Қазақ 
тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  4-курс  студенттері  арасында  жүргізілді. 
Барлық саны – 104 студент. Соның ішінде 50 білім алушы эксперимент және 54 
студент бақылау тобында болды.  Жүргізілген эксперименттік зерттеу жұмысы 
филолог-студенттердің,  яғни  болашақ  педагогтардың  ауызша  сөз  мәдениетін 
дамыту мен педагогикалық дискурс негіздерін меңгертудің әдістемелік жүйесін 
жүзеге асыруға бағытталған.  
 
Эксперименттік жұмыстар үш кезеңде жүргізілді: 
 
1)  білім  алушылардың  ауызша  тіл,  ауызша  сөз  мәдениеті  және 
педагогикалық дискурс туралы білім, білік деңгейлерін анықтау эксперименті; 
 
2)  ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  меңгерту  арқылы  филолог-
студенттердің  сөз  мәдениетін  дамыту  әдістемесін  жүзеге  асыратын 
қалыптастыру эксперименті; 
 
3)  ұсынылған  әдістеменің  негізінде  оқытудың  нәтижелерін  тексеру 
мақсатында ұйымдастырылған қорытындылау эксперименті. 
 
Аталған  үш  кезеңнің  ұйымдастырылуы  қысқаша  төмендегі  кестеде 
көрсетіледі: 
 
Кесте 27 – Педагогикалық эксперименттің ұйымдастырылуы
 
 
К
ез
ең
 
атауы
 
Эксперименттік тәжірибе 
кезеңдерінің міндеттері 
Зерттеу әдістері 
Қорытынды 
нәтижелері 




Ан
ықт
ау
 
Тақырып бойынша ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерді талдау, 
саралау. Түрлі жағдаяттағы және 
педагогикалық дискурстағы 
ауызша тілдің қолданылуына 
талдау жасау. Негізгі 
тұжырымдардың анықталуы. 
Зерттеудің педагогикалық 
 
Ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттердегі басты 
тұжырымдарды іріктеу, 
айқындау. Оқу үдерісін 
бақылау. 
Сауалнамажүргізу. 
Эксперименттік топпен 
жұмыс жүргізу. Нәтижеге  
Негізгі ғылыми 
тұжырымдар 
анықталды. 
Анықтау 
эксперименті 
жүргізілді. 
 
 

142 
 
27-кестенің жалғасы 
 




 
стратегияларының 
белгіленуі. 
Ғылыми 
тірек 
аппаратын 
нақтылау.  Қалыптастыру  кезеңіне 
дайындық жүргізу. 
статистикалық-сапалық 
әдістер  негізінде  талдау 
мен сараптамалар жасау. 
 
Қ
алып
тас
тыру
 
Негізгі  ғылыми  тұжырымдарды 
апробациядан 
өткізу. 
Құрылымдық-мазмұндық  модель 
бойынша 
оқу 
бағдарламасын 
жүзеге асыру.  
Зерттеу мақсатына сәйкес 
педагогикалық 
диагностикалық 
әдістердің  жүзеге  асуын 
бейімдеу.  
Эксперименттік 
топқа жаңа 
«Риторика және 
педагогтың 
сөйлеу 
мәдениеті» 
атты таңдау 
курсы бойынша 
дәрістер 
оқылып, 
практикалық 
жұмыстар 
өткізілді. 
Қ
орытын
дыла
у 
Қалыптастыру кезеңінде алынған 
нәтижелерді талдау,  сараптау. 
Құрылымдық-мазмұндық 
модельге қажетті түзетулерді 
енгізу. Эксперименттік жұмыс 
нәтижелерінің сандық-сапалық 
көрсеткіштерін айқындау, 
әдістемелік жүйенің тиімділігін 
анықтау. 
Математикалық 
статистикалық әдістер 
бойынша нәтижелердің 
көрсеткіштерін 
салыстыру. Нәтижелерді 
кестелер мен 
диаграммаларда беру. 
Педагогикалық 
экспериментті 
қорытындылау. 
Зерттеу 
жұмысының 
ғылыми-
әдістемелік 
тұжырымдары 
айқындалды, 
әдістемелік 
жүйенің 
тиімділігі 
дәлелденді. 
 
 
Білім алушылардың ауызша сөз мәдениеті, шешендік және педагогикалық 
дискурс  туралы  білім,  білік  деңгейлерін  нақтылау  мақсатында  анықтау 
эксперименті  жүргізілді.  Оның  басты  мақсаты  –  студенттерге  қажетті 
теориялық  және  практикалық  маңызы  бар  жұмыстардың  бағытын  айқындау, 
ЖОО-да  оқытылу  жайына  талдау  жасау,  сондай-ақ  ауызша  сөз  мәдениетін 
филолог-студенттерге  меңгертудің  қажеттілігі  мен  тиімді  әдістерін  анықтау 
болып табылады. Мақсатқа жетудегі белгіленген міндеттер: 
 
-  ауызша  сөз  мәдениетіне  қатысты  оқытылатын  пәндердің  мазмұнын 
саралау, талдау жұмыстарын жүргізу; 
 
-  студенттің  ауызша  сөз  мәдениетінің  тірек  ұғымдарына  қатысты  білім, 
білік,  құзыреттіліктерін  анықтау  мақсатында  сауалнамалар  алынып, 
педагогикалық жағдаяттарға негізделген топтық жұмыстар ұйымдастыру
 
-  ұйымдастырылған  жұмыстардың  нәтижелері  негізінде  жаңа  «Риторика 
және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  атты  таңдау  пәнініңоқу  бағдарламасы, 
силлабус, оқу-әдістемелік кешені жобасын даярлау. 
 
Сауалнама  сұрақтары  екі  блок  бойынша  жүргізілді.  Бірінші  блок  жалпы 
сұрақтарға негізделсе, екінші блок білім алушылардың ауызша сөз мәдениетіне 
қатысты  жекелеген  қабілеттерін,  негізгі  түзетулерді  қажет  ететін  мәселелерді 

143 
 
анықтауға  бағытталған.  Бірінші  блоктың  сұрақтары  мен  олардан  алынған 
нәтижелер төмендегідей болды: 
 
1)  «Ауызша  сөз  мәдениеті»,  «шешендік»  және  «педагогикалық  дискурс» 
ұғымдарын қалай түсінесіз? 
 
2) Қазіргі қоғам мүшелерінің ауызша сөз мәдениетіне қандай баға бересіз? 
Пікіріңізді дәлелдеңіз. 
 
3)  Өзіңізді  тіл  тұтынушысының  қай  деңгейіне  жатқызасыз?  (төрт 
деңгейдің де сипаттамасы сауалнамада көрсетілген). 
 
4)  Ауызша  сөз  мәдениеті  мен  шешен  сөйлеуді  дамыту  үшін  қандай 
жұмыстар жүргізілуі тиіс? 
5)  Саясаткерлер,  қоғам  қайраткерлері,  өнер  адамдарының  арасында  сіз  үшін 
сөзі үлгі боларлықтай тұлғалар бар ма?  
6) Ал өз ортаңызда үлгі сөзге ие адам бар ма? 
7) Ауызша сөз мәдениетіңізді дамытудың қажеттілігін сезінесіз бе? 
8) Мұғалімдік мамандығын таңдауыңызға не түрткі болды? 
9)  Педагогикалық  практикадан  өту  барысында  ауызша  қарым-қатынаста 
қандай да бір қиындықтар кездесті ме? 
 
Білім алушылардың басым көпшілігі ауызша сөз мәдениеті деп нормаларға 
сай  сөйлеуді  (67%),  шешендікті  би-шешендердің  сөздері  деп    (58%) 
түсінетіндігі  анықталды.  Ал  педагогикалық  дискурстың  мағынасын  толық 
ашатын  жауап  кездеспеді.  Студенттердің  5%-ы  ғана  дұрыс  жауабына  жақын 
нұсқаларын  ұсынды.  Қазіргі  қоғам  мүшелерінің  ауызша  сөз  мәдениетіне 
студенттер өте нашар (53%), ауыр (31%), қанағаттанарлық (11%), жақсы, бірақ 
түзетуді  қажет  етеді  (5%)  деген  баға  берді.  Жауаптарына  дәлел  ретінде 
адамдардың  анайы,  балағат  сөздерді  көп  қолданатындығын,  сөз  тазалығын 
сақтамайтындығын,  сөздік  қорының  аздығы,  дөрекілікті  т.б.  алға  тартқан. 
«Өзіңізді тіл тұтынушысының қай деңгейіне жатқызасыз?» деген сұраққа курс 
студенттердіңжауаптары арасындағы айырмашылықтар байқалады. Олар: 
 
 
 
Сурет 37 – «Өзіңізді тіл тұтынушысының қай деңгейіне жатқызасыз?» деген 
сұраққа әр курс студенттерінің жауаптарының көрсеткіштері 
12
26
38
63
60
53
25
14
7
0
10
20
30
40
50
60
70
2-курс
3-курс
4-курс
Элитарлы деңгей
Орта деңгей
Ортадан төмен деңгей
Төмен деңгей

144 
 
 
Мұндай  көрсеткіш  студенттердің  ауызша  сөз  мәдениеті  әлеуметтік  және 
динамикалық  сипатқа  ие  екендігін  дәлелдейді.  «Ауызша  сөз  мәдениеті  мен 
шешен сөйлеуді дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс?» деген сауалға 
әртүрлі  жауаптар  алынды.  Солардың  ішіндегі  кейбіреуін  келтіре  кетсек: 
«Ауызша сөз мәдениеті мен шешендікке балабақшадан баулу керек», «Отбасы 
мүшелері  жақсы  үлгі  сөз  көрсете  білуі  тиіс»,  «Халықтың  мәдениеттілігін 
көтеру  керек»,  «Қажетті  әдебиеттерді  көп  оқу»,  «Пайдасыз  шоу-
бағдарламаларды  тоқтатып,  әншілердің  әндерін  сүзгіден  өткізу  керек», 
«Дұрыс  әрі  сауатты  сөйлейтін адамдармен көп араласу»,  «Сауатты  жазуға 
мән  бергеніміздей,  ауызша  да  дұрыс  сөйлеуге  тырысуымыз  қажет» 
т.б.Саясаткерлер,  қоғам  қайраткерлері,  өнер  адамдарының  арасында  сөзі  үлгі 
боларлық  тұлғалар  ретінде  Ә.Кекілбаев,  Д.Исабеков,  М.Шаханов,  Б.Тілеухан, 
М.Тазабек,  М.Мырзахметұлы,  М.Жолдасбек,  Ә.Байменов,  И.Тасмағамбетов, 
Р.Заитов,  Қ.Сарин,  Б.Имашев,  Б.Нұржекеев,  С.Майғазиев,  Қ.Әбілдина, 
Д.Нұржігіт, Д.Төлепберген, А.Осман, А.Жұмаділдаев, Ж.Ерман есімдерін атап 
өткен.  Таныс  ортасында  үлгі  сөз  иелері  деп  отбасы  мүшелерін  (25%), 
оқытушыларын  (48%),  достарын  (19%)  көрсеткен.  Студенттердің  8%-ы  өз 
таныстарынан  үлгі  сөз  иесі  жоқ  екендігін  атаған.  Студенттің  басым  көпшілігі 
оқытушылардың  сөзіне  мән  беретіндігі  айқындалды.  Респонденттердің 
барлығы  ауызша  сөз  мәдениетін  дамытудың  қажеттілігін  сезінетіндігі  белгілі 
болды.  Білім  алушылардың  мұғалім  мамандығын  таңдауына  түрткі  болған 
себептерге  жауаптарын  үшке  бөліп  қарастырсақ  болады:  жоғары  гуманистік 
көзқарастарға  негізделген  уәж  (13,2%),  кәсіби  тұрғыдан  дамуға  негізделген 
мотив 
(54%),  педагогикамен  байланысы  жоқ  прагматикалық 
уәж 
(32,8%).Бұлардың түрлерін төмендегідей жауаптардың негізінде бөлдік: 
 
Кесте 
28 
– 
Білім 
алушылардың 
мұғалім 
мамандығын 
таңдау 
себептерініңкөрінісі 
 
Уәж түрі 
Білім алушылардың жауап үлгілері 
Жоғары 
гуманистік 
көзқарастарға 
негізделген уәж 
Шығармашылық тұрғыдан дамуға мүмкіндік бар. 
Мұғалім баланың адамгершілігік қасиеттерін 
қалыптастыра алады. 
Қоғамға өз пайдамды тигізгім келеді. 
Өзімді адамзатты тәрбиелеуге арнағым келеді. 
Кәсіби тұрғыдан 
дамуға 
негізделген уәж 
Қабілеттерім таңдаған мамандығыма сәйкес келеді. 
Ана тілімді жақсы көремін және оның дамуына өз 
үлесімді қосқым келеді. 
Мұғалім мамандығының мәртебесін көтергім келеді. 
Барлық талаптарға жауап беретін, заманауи жеке 
педагогикалық оқу орнын ашуды армандаймын. 
Сіңірген еңбегімді оқушылардың жетістіктерінен көргім 
келеді. 
 

145 
 
28-кестенің жалғасы 
 
Педагогикамен 
байланысы 
жоқ 
прагматикалық 
уәж 
Ең бастысы – жоғары білім туралы құжат алу. 
Журналист маманы болғанды қалаймын. 
Ата-анамның қалауымен оқып жатырмын. 
Белгілі бір себептермен мұғалім мамандығынтаңдауыма 
тура келді. 
 
 
Бірінші  блоктағы  соңғы  сұрақ  бойынша,  студенттер  педагогикалық 
практикадан  өту  барысында  ауызша  қарым-қатынаста  сабақ  түсіндірген  кезде 
сөздің  логикалық  құрылымының  сақталмауы,  сөздік  қордың  аздығын  сезіну, 
жүйесіз ой және сөз қайталауларына жол беру, сөз тазалығын сақтай алмау, 
термин ұғымдарды түсіндіру тәрізді қиындықтар кездескенін баяндаған. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет