41. Ауызша сөздің үлкен 2 типі: дайындықты және дайындықсыз Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»



Дата17.06.2018
өлшемі18.31 Kb.
41. Ауызша сөздің үлкен 2 типі: дайындықты және дайындықсыз
Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік» бағдарламасы. Студиямыздың қонағын естеріңізге сала кетейін, тіл маманы – Анар Мұратқызы. Анар ханым, ендігі тақырыбымыз – ауызша сөздің үлкен екі типі жайлы болмақ: дайындықты және дайындықсыз деп бөлеміз.

Анар ханым: Иә, дұрыс айтасыз. Бұл типтер туралы да бізге білген артық болмайды. Біз осының алдында сөздің ресми және бейресми қатынаста жүзеге асатынын айттық. Осы ресми, бейресми қатынаста да сөз екі типте көрінуі мүмкін. Біреуі – дайындықты сөз, біреуі – дайындықсыз сөз. Енді дайындықсыз сөздің орысша баламасын айтсақ – «спонтанный» деп айтады немесе «спонтанно».

Жүргізуші: «Спонтанды» деп те аударылып жүр қазақшаға.

Анар ханым: Ал «дайындықты» деген сөз, енді орысша «подготовленный» деген сөз. Мысалы, Самат, екеуміздің қазіргі сөз дайындықты сөзге жатады. Өйткені біз алдын ала не мәселе жайлы сөйлейтінімізді білдік және онда қандай мазмұнда айтатынымызды білдік, сосын біздің тыңдармандарымыз кімдер екенін бізге алдын ала ескертіліп айтылды. Енді дайындықсыз сөзде сіз осындай барлық жағдаяттардан хабардар болмайсыз. Ол өзі өмірдің ағынымен аяқ астынан тап болған жағдаяттағы сөз дайындықсыз сөз болады. Сондықтан оның дайындықсыз сөзде жіберілген қателіктер немесе интонациясындағы кейбір уәжсіз қолданыстар кешірімді. Оларға кешіріммен қараймыз. Дайындықты сөзде ондайға кішкене қатаңдау қарайды. Сондықтан дайындықты сөзде, ауызша сөзде қателіктер жібермеуге тырысу керек. Егер онда қателіктер кетіп жатса, демек ол адамның құзыреттілігі, сөйлеу құзыреттілігі төмендеу деген хабар жетеді, тыңдап тұрған адамға сондай хабар жетеді. «А, мына кісі тілді әлі білмейді екен, дұрыстап сөйлей алмайды екен немесе сөйлеп үйренбеген адам екен, көпшіліктің алдында сөйлей алмайды екен деген сияқты әртүрлі жағдаятқа қатысты сондай ақпарат туындайды. Енді дайындықты сөздің интонациясы да өрнекті болады, интонациясында ауытқушылықтар болмайды. Себебі...

Жүргізуші: Бір мысал келтіре кетсеңіз...

Анар ханым: Иә.

Жүргізуші:...тыңдарманға.

Анар ханым: Мысалы, дайындықсыз сөзде хиздатциялық пауза дейміз, біз ол туралы алдағы сабақтарымызда айтамыз, «ммм», «ііі» деген сияқты. Олар көбірек болады. Сосын бір қызығы, дайындықсыз сөз аяқ астынан бір сөзді айту керек болып қалған кезде, ол сөздегі ақпарат көбірек болсын деп талап етілген кезде сол ақпаратты анау кісінің өзінің ар жақ санасына жинап, түйіндеп шығарғанша, босқа кетірмейтін деп, көбіне біз «варвар», паразит сөздерді көп қолданамыз, мысалы, жаңағы менің тұтығып, тоқтап қате айтып қойғаным бұл дайындықты сөзде жіберген, кешірілмейтін қателіктерге жатады. Паразит сөздерді айтып қоямыз. Ол паразитті сөздерді өздеріңіз білесіздер, ол «жаңағы», «яғни» деген сияқты қайта-қайта қайталана беретін сөздер жатады. Дайындықсыз сөздерде осындай келеңсіз жағдайлар болып қалуы мүмкін. Бірақ оған кешіріммен қараймыз, дайындықты сөзде ондай қателіктерді қайта-қайта жіберу сөйлеп тұрған адамның тілдік құзыреттілігінің онша жақсы емес екенінен хабар беріп қояды.

Жүргізуші:Мм.

Анар ханым: Енді дайындықты сөз. Дайындықты сөзге мысал келтіретін болсақ, дайындықты ауызша сөз ол мына тележурналистердің, радиожурналистердің бағдарламада сөйлеуі, мектеп мұғалімдерінің оқушыларға сабақты түсіндіруі немесе ресми қарым-қатынастағы мынау мекеме қызметкерлерінің күнделікті ағымдағы жиын, жиналыстардағы сөзі – осының бәрі дайындықты сөзге жатады. Дайындықсыз сөз көбіне әлеуметтік-тұрмыстық аяда қолданылады. Ол жерде өйткені күнделікті өмірде тіршілікте, туысқандар арасында, базарда, көшеде сіз коммуникантыңыз кім болатынын білмейсіз. Жағдайға қатысты адаммен сөйлесе бересіз. Сондықтан дайындықсыз сөзде осындай әртүрлі вариациялар көбейіп кетеді.

Жүргізуші: Мм. Көп рақмет, Анар ханым! Біздің уақытымыз шектеулі. Құрметті тыңдармандар, алдағы бағдарламаларымызда тілге қатысты бұдан да қызықты ақпараттарға қанық боласыздар деген ойдаймыз.
Каталог: static -> electronic book -> text80
text80 -> 56. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасы Жүргізуші: Сіздер «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 30. Уәжcіз ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 6. Ауызша сөз нормаларын қайдан білеміз? Жүргізуші: «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 11. Сөз ағымы бірліктері Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 29. Уәжді ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 73. Грамматикалық қателер Жүргізуші
text80 -> 23. Бата беру Жүргізуші. Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 72. Сөздерді дұрыс айтпау Жүргізуші: Қадірменді тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 64. Дайындықсыз ауызша сөздегі қателер Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 20. Қоштасу Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет