Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет6/32
Дата24.05.2023
өлшемі142,35 Kb.
#177642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
treatise206008

1-тарауда Басқару туралы ғылымның дамуы, менеджмент туралы шетелдік теория мен тұжырымдамалар, білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері талданады. 2-тарауда білім берудегі басқару түсінігі, мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер негіделсе, 3-тарауда оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістері қарастырылады. Қосымшада басқару туралы тест, СӨЖ тақырыптары, СОӨЖ тапсырмаларының үлгісі берілді.
Педагогикалық менеджмент ұғымы жалпы білім беру жүйесін басқаруға байланысты 90 жылы қарастырылды. Қоғам талабына байланысты мектептегі басқару жүйесі де үлкен өзгерістерге ие болды. Соның салдарынан, басқарушыға жаңа талаптар мен міндеттер қойылып, олардың ұстанатын қағидалары да жаңаша ұсынылды. Болашақ мамандарды даярлауда бұл курс білім алушыларды басқару ісінің этикасымен, тәсілдерімен, қағидаларымен, технологияларымен таныстырады. Педагогикалық менеджмент туралы теориялық білімдерін практикада іске асыруларына көмектеседі.
Курстың мақсаты: теориялық және практикалық тәжірибе негізінде білім менеджерінің қызметінің моделін болашақ мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқаруда және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетінде басқару туралы кәсіптік құзыреттілін қалыптастыруды сипаттайды. Сондай-ақ, білім беру саласына менеджерлерді даярлауды тәжірибеге ендірудің әдістемесінің жүзеге асырылуын және білім сапасы менеджменті туралы түсінік қалыптастыру.
Курсты оқудың нәтижесінде студенттер:
- педагогикалық менеджмент негізінде педагогикалық басқару әдістерін қолдана білуге;
- педагогикалық менеджмент негізінде тренингтік технологияларды қолдана білуді;
- мектептің білім беру сапасын айқындау, жетілдіру жолдарына нұсқау беруге қабілетті болады. Оқу құралының мазмұны « Білім берудегі менеджмент» пəнінің типтік бағдарламасына сай жазылған. Ұсынылып отырған оқу құралының мазмұны мен құрылымы білім алушылар үшін заман талабына сай бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.
I ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет