Мақсаты: Жастарды маңғаз дала Маңғыстаудан шыққан спортшымен таныстыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Жастармен пікір алмаса отырып, спортқа шыңдау.
Еліміздің мақтанышы, Маңғыстаулық спортшы, ( боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері (2012), Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2012 жылда өткен Лондонда Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Сәбитұлын колледж табалдырығын аттағаннан бастап оқытушылар мен студенттер үлкен құрмет көрсетіп алдынан бауырсақ және шұбатпен қарсы алды. Әділбекке арнап дайындаған видео-роликтертер көрсетіліп, колледж мақтанышы 4 курс студенті Пайпақов Б. өз арнауын оқып, оқытушылар мен студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойды. Әділбек Сәбитұлы барлық сұрақтарға толықтай жауап беріп, қолтаңбаларын беріп, естелікке суретке түсті.
Елбасымыз:- «Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен,тәнімізбен қызмет етеміз тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де, жастарды да тәрбиелеуіміз керек», деп айтқандай Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы С.Туберовтың. ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында «Ел қорғаны-айбынды ер» атты әскери патриоттық жарысы өтті.
Мақсаты : Жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Отан алдындағы жауапкершілік
сезімін қалыптастыру. Қазақстан халқының ұлттық,эскери ,еңбек дәстүрлерін
жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.
Жарыс бағдарламасы;
1.Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
3. Марапаттау.
Жарыс түрлері
а/ әскери спорттық жарыс
б/ викторина
Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары:
а. әскери спорттық жарыс
1. Гир тасын көтеру. Әр топтан бір оқушы қатысады. Уақытка көтереді.
2. Автоматты бөлшектеу және жинақтау.
3.Викториналық сұрақтар конкурсы .
Команданың барлық мүшелері қатысып, әрбір командаға Қазақстанның тарихы, әскер және әскери дайындық бойынша сұрақтар берілді.
Бүгінде жаңа Қазақстанның жастарын тәрбиелеудегі басты құндылық – олардың отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Сондықтан білімді де, іскер де, білікті патриоттар қалыптастыруда әскери-патриоттық сайыстардың маңызы зор.