2016 жылдың 28-і күні «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында студенттердің эссе жазу шеберлігін анықтау үшін 1-3 курс аралығында сайыс өтті. Мақсаты: Студенттерге болашақ мамандық және оқу бағдарламасын игеруде көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
.
20
29.11.2016ж.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшысы болуға лайық» дегендей «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшлық» тақырыбында колледж оқытушылары арасында коучинг өткізілді. Мақсаты: Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру.