Галогендер. VIIA топшада орналасқан, олар:
фтор F, хлор Сl, бром Вr, йод I, астат At. Астат - радиобелсенді элемент
F2 – ашық-сары түсті, қиын сұйылтылатын газ;
Cl2 – сары-жасыл түсті, өткір тұншықтырғыш иісті, оңай сұйылтылатын газ;
Br2 – қызыл-қоңыр түсті сұйықтық;
I2 – күлгін түсті кристалдық зат.
Галоген молекулалары екі атомнан тұрады.
Топ бойынша галогендердің атомдық радиустары, балқу және қайнау температурасы жоғарыдан төмен қарай артады.
Жалпы сипаттамасы : 17A-топ галогендерден тұрады. Жалпы электрондық конфигурациясы – ns2np5, яғни сыртқы қабатында жеті электрон орналасқан. Бұлар – күшті тотықтырғыштар. Галогендер «тұз түзуші» деген мағынаны білдіреді (лат. «галос» – тұз және «генус» – тудырушы). Элементтер бұл атауларды металдармен әрекеттесіп, тұз түзу қабілетіне ие болғандықтан иеленген.
Мысалы: 2 Na +СІ2=2 NaСІ+Q Қолданылуы Маталарды ағартуда,ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады.
Инертті газдар.
Асыл газдар -элементтердің периодтық жүйесінің VIIIА тобындағы химиялық элементтер. Олар: гелийHe, неонNe, аргонAr, криптонKr, ксенон Хe, pадон Rn .Сыртқы электрондық конфигурациясы
ns2 np6.Сыртқы электрондық қабаты толған.Түссіз және иіссіз , моле кулалары бір атомды ,сұйылу ,қату температурасы өте төмен. Аздаған мөлшерде ауада, минералдар құрамында ,табиғи газдарда ,еріген күйін де суда кездеседі . Атомдық массаларының өсуіне қарай олардың сұйылу ,қату температуралары артады. Гелий ,неон ауадан жеңіл ,ал қалғандары ауадан ауыр.Бұл элементтер сутекпен ,оттекпен қосылыстар түзбейді . Қолданылуы .
Инертті газдар аэростаттарды толтыру, температураны төмендету үшін, ал аргон мен неон жарық беретін шыны түтіктерде қолданылады. Сонымен қатар Инертті газдар түрлі заттарды ауа, т.б. орта әсерінен қорғауға пайдаланылады. Түрлі-түсті жарық шығарады, сондықтан жарнамалық лампаларда қолданады.