Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет10/13
Дата20.11.2016
өлшемі2,7 Mb.
#2172
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ағартушылық әдебиет.
XVIII ғ. Еуропалық мәдениет — XVII ғ. мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғ. рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғ. Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо (Фран-ция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін ба-тыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протеста-низм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымда-рының қарқынды дамуы, ғылымға бүрын-соңды болып көрме-ген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. — осылардың бәрі . де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғ. құдайға, қогамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.

XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағыттар аңгарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін Францияның қар-сыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіпті Англия сияқты өркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды.

Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 ж. үлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жай-лаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Қүрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемле-кетке айналды.

Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жо-лындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформа-ция кезеңінен басталып, үзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды — қоғамның жаңа түрі — «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың на-туралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптас-қан қоғамдық сана да күйзеліске үшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыз-дығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы тұрар күш — мәдениет болды. Ол коғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік әзгерістерге тікелей байланысты болды.

Өндіріс саласында, қоғамның базистік құрылымында ма-нуфактурадан күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия кездерін игеру және т.б. щаралар жүзеге асырылды.

Ғылым саласында, бұрын механика-математңка сияқты ғы-лым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физи-ка, география, биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар сала-сында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Фи-лософтар қоғамдық өмірге сын көзбен қарап, терең философия-лық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі объектісі — қоғамдық (мемлекеттік) қүрылыс және сол құрылыстың идеологиясы — дін болды.

Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде шиеленісіп, таптық қайшылықтар асқынған Франция-да дінді (католиктік) сынау радикалдық, атеистік тұрғыдан жүргізілді. Гольбахтың пікірінше, дін — барып тұрған өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс философы Канттың көзқа-растары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына қарамас-тан, олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам түлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.

Революция отаны Францияда да Ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғ. бірінші жар-тысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (XVIII ғ. 60— 80 ж.) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағарту-шылардың ага буынының өкілдері — Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық қүрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия-ландыру идеясын үсынса, феодалдық қүрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро (1713—1784). К. Гельвеций (1715—1771), П. Гольбах (1723—1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.

XVIII ғ. ортасына қарай Еуропаның ірі мемлекеттерінде ко-роль өкіметі феодалдық үстемдікке қарсы күресте «үшінші со-словиены» өзінің одақтасы деп санамады, ал оның есесіне ко-роль өкіметі шіркеумен және дворяндармен ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, оларды осы бір тарихи кезеңде өзіне одақ-тас етті. Ескі қоғамның барлық саяси күштері бұрынғы алауыз-дықтарын уақытша болса да үмытып, халық толқуларына кү-ресте бірігіп күш көрсетті. Өз халқына қарсы бітіспес соғыс жа-риялаган абсолютті режимнің тағылық әрекеттері мәдениет сала-сына да ойысты. Қоғамға жат пиғылда жазылды деп танылған еңбектер отқа жагылды, ал ол еңбектердің авторлары түрмеге қамалды. Бірақ еркіндік пен бостандық рухына қарсы небір сұрқия шаралар қолданылса да, ол өз шарасынан төгіліп жат-ты. Өйткені, заманның рухы, оның тынысы мәдениет пен енердің барлық салаларында да кеңінен көрініс тапты. Бах, Гете, Мо-царт, Свифт және т.б. дарын иелері сол бір қилы заманда туын-даған творчестволық шабыт иелері болды. Олар өз замандас-тарымен де, болашақ ұрпақтың өкілдерімен де «Мәңгілік өнер» тілімен тілдесті, олардың шығармаларының халық жүрегінен терең орын тапқаны соншалық, бүл үлы туындыларды өнердегі қалыптасқан «стильдер» қатарына жатқызуға болмайтын сияқты.

Бірақ осы жағдайға қарап XVIII ғ. мәдениеті мен өнерінің өзіндік ерекшеліктері, дәлірек айтқанда өзіне ғана тән көркемдік стильдері мүлде болмаған екен деген үғым туып қалмау керек. Өнер саласында біртектес стильдер (романдық және готикалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бүл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады. Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара үштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды. Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуірівдегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық қүбы-лыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз өсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдай лар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дәуірінде парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ой-толға-ныстарының негізгі орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшалар композициясын музейлер мен театр-лар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғиб^датханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.-

XVIII ғ. бароккомен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердің бірі — рококо болды. Ол сарай зиялылары мәдениетімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасының басты ұраны — «Өнер — рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дөлме-дәл көрсетеді. «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик ХҮ-нің ұраны да осы дәуірде шыққан.

Бірақ Еуропа халқы болашақтан топан суды немесе селді емес, түбегейлі өзгерістерді, мәдени жаңғыруларды күтті. Ха-лық сенімі бұл орайда ақталды десек қателеспейміз, өйткені ғасырдың бел ортасына қарай Франция, одан кейін бүкіл Еуро-па елдері Ағартушылық идеялары рухының аясында өмір сүрді. Вольтер мен Руссо күрес туларын көтерді. Бірақ бұл екі ақыл-ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен багдарлама-ларына айтарлықтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғаңдық құрылысқа қарсы екі орталықтың, әлеуметтік өмірдің шиеленіскен жағдайындағы қарсы полюстің өкілдері болатын. Екі ғүлама да бір уақытта, 1778 жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін-бірі аяусыз сынаумен өтті. Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тар-тып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жа-йындағы пікір де ешқандай қанағаттандырмады. Ал Руссо бол-са өз тарапынан замандасының қарапайымдылыққа байланыс-ты өркөкіректігін жақтырмады. Бірақ тарихи кезең бұл қарама-қайшылықтарды жуып-шайып жіберді, өйткені олар күні өтіп бара жатқан қоғамдық құрылысты, оның идеологиясын қай тұрғыдан сынаса да, қалай сынаса да — ортақ іс үшін, бір мақ- сат үшін сынады, ортақ мақсат үшін күресті, сондықтан да бүл екі дананың екеуі де Ағартушылық заманының үлылары болып қала береді.

Олай болса, қоғамды қайта қүру жолындағы күрестің бүл аристократиялық және демократиялық жолдары — прогресс жо-лындағы мәдени қозғалыстың екі бағыты десек қателеспейтін шығармыз деп ойлаймыз.

Вольтердің жолы — рухани және әлеуметтік революциялар-ды «жоғарыдан» жасау жолы, бұл жол — Вольтердің ізін қуушылардың романтизм мен еркіндікке үмтылу жолы. 1825 жылы Ресей топырағында болған декабристер қозғалысы да осы идея-лар жолындағы патриоттық күрес болды. Еуропалық және орыс әдебиетінде Чайльд Горольд, Карл Моор, Чацкий мен Дубров-ский сияқты аристократтық толқулар батырларының бейнелерінің тамаша сомдалуы да осы бір ағымның әсерінен болса керек.

Вольтерге қарағанда Руссоның ілімі мен идеяларының тағ-дыры әрі күрделі, әрі ерекше. Олардан француз революциясы-ның бостандық, теңдік, туысқандық жайындағы өмірлік үран-дар туындады. Бірақ, өкінішке орай, бостандық пен теңдікті желеу етіп якобин диктатурасы өз бағдарламасында жаппай қырып-жою теориясын жақтап шықты. Жан Жак Руссо алғаш-қы өнеркәсіп революциясының қарсаңында ғалымдар мен саясатшылар адамзаттың болашағы үшін жауапты екендігін, адамның табиғатты игеруге байланысты іс-әрекеттеріне бақы-лау орнату қажеттігін мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке орай, бүл мәлімдемелер мүлде ескерілмей, бүл дәуірдегі еуропалық-тардың басқыншылық әрекеттері кездейсоқтық сипатынан ай-рылып, саналы түрде жүзеге асырыла бастады. Мысалы, АҚПІ-тың шығысында Еуропадан қоныс аударғандар жергілікті ха-лықты ата-қонысынан ығыстырып, жаңа жерлерді зорлықпен басып алды. Африка, Азия қүрылықтарының бірқатар мемлекет-тері де жыртқыштықпен тоналды. Британ өкіметі шалғайда ор-наласқан «бесінші континентті» (Австралия) қылмыскерлердің жазаларын өтеу орталығына айналдырды.

Ал Еуропалық мемлекеттердің өз араларындағы әскери қақты-ғыстарға келетін болсақ, мүнда жағдай мүлде басқаша болды. Олар соғыс жағдайында бір-бірін тең деп санады, тіпті шиеленіскен сәттердің өзінде де тиісті келісімдерге келіп отыр-ды (жеңіске жеткен мемлекет түтқындарды қүлға айналдыра ал-мады, соғыс қимылдарына тек арнайы әскерлер ғана қатысты-рылды және т.б.)- Бірақ Франция, Англия, Португалия, Испания сияқты Еуропа мемлекеттері еуропалық емес немесе «христиан-дық дүниеге» жатпайтын елдер үшін ешбір заң да, ешбір норма да есепке алынбады. Олар «түземдіктермен» саудаласып не бол-маса бәтуаға келіп жатудың ешбір қажеттігі жоқ, шама келгенше оларды бағындырып қана қоймай, қырып-жоя беру керек деп са-нады. Бұл қанды саясаттың құрбандығына Үндістан сияқты көпте-ген өркениетті елдердің ұшырағаңдығы тарихтан белгілі.

Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуро-падағы «Ағартушылық» дәуірі — дүниежүзілік мәдениет тари-хындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идея-ларының нәтижесінде пайда болған мәдени, өзгерістерді сол дәуірдің адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. «Ағартушылық» дәуірі — Еуропаның рухани дамуындағы үлы бетбұрыс кезеңі болды. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласына (қоғамдық-саяси, мәдени және т.б.) айтарлық-тай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен, жанрлар мен стильдердің көптігімен, оптимистік сарынымен және адам-заттың ақыл-ойына деген шынайы сенімімен осы уақытқа дейін таң қалдырып келеді.

21 Дәріс. XVIII ҒАСЫРДАҒЫ АҒЫЛШЫН ӘДЕБИЕТІ


ХVІІІ ғасырда поэзиямен қатар ағылшын романы да әртүрлі формада дамыды. Ағылшында сарай ақсүйектерінің арасында дамыса посторальды романдар болып есептеледі. Кейіннен жалпы көпестерге, өндіріс иелеріне, еңбек адамдарына арналып жазылып жүрді. Ренессанс дәуіріндегі бірінші роман Джон Лилидің “Эвфуэс” романы.

Джон Лили (1554-1606)Оксфард университетінде классикалық білім алған, романист болумен қатар драматургия саласында да қалам терген. “Александр және Компаспа”, “Сафо”, “Фаон”, “Эндимион” пьесалары бар. Сюжеті жағынан біріне-бірі байланысын таппайтын эпизодтар көп кездеседі. Эфвуэстің хаттары көп жағдайда ғылыми трактаттар сияқты. Мысалы, Эфвуэс пен атейстің арасындағы діни сұхбат. Романның қоғамда қызығушылық туғызу себебі стилінде. Осыған байланысты XVIІІ ғасырда эфвуизм стилі пайда болды. Эфвуизм астарында үйіп-төгіліп, риторикалық амал-тәсілді пайдаланған метафора, аллитерация, ассонанс, теңеу, түрлі-түсті ерекше бояу сөздер. Бұл стиль сол кездегі ағылшын қоғамында үлкен жаңалық еді. Сол себепті жаппай бұл стильде сөйлемек әуреге түсті. Француз тілінде сөйлей білмеген ақсүйек қандай болса, эфвуизм стилін қолданбаған ағылшын сондай дәрежеде еді. Шекспир өзінің “Алғашқы жылдар” туындысында жеміссіз махаббат әрекетін суреттеген. Шекспир мұндай мәнерді Армадо образында эфвуизмді карикатура деңгейіне жеткізеді, қатты сынға алады.

Сол секілді роман жазуда ғылыми голландтық, посторальдық роман жазушылар Томас Лодж, Роберт Грим, Филипп Сиднейді атауға болады. Филипп Сидней “Аркадий” романын “Эфвуизм” романымен қатарлас деп әкелген. Бұл роман сарайдың және Грецияның табиғат аясындағы өмірін идилия арқылы суреттейді. Роман сюжеті жағынан авантюралық рольдер қатарына жақын. Лодж небары үш роман жазды. Ең үздігі “Розалинда”. Кейіннен бұл роман Шекспирдің “Бұл сізге қалай ұнайды?” комедиясында жалғасын тапты.

Ағылшын романы негізінен қоғамдағы өндіріс, еңбек, шаруашылық адамдарды суреттеуге бағытталған комедиялар көп жазылды. Ондай шығармалар Томас Дилонның, Томас Нештің шығармасынан табуға болады.


22 Дәріс. ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ФРАНЦУЗ ӘДЕБИЕТІ
Елдегі тарихи ахуал. Француз ағартушылығы. Шарль Можтескье (1689-1755(. “Пареп хаттары” философиялық роман. “Заңдар өзені” еңбегі – автордың жалпы заң ұғымына к-өзқарасы. Вольтер (1694-1778)-шығармашылығы. Франсуа – Мари Аруэ –Вольтердің шын аты. Өмір жолы. Еңбектері. Вольтер эстетикасы. “Генриада” поэмасы. Философиялық көзқарастары. Дени Дидро шығармашылығы. Еңбектері. “ Актер туралы парадокс”, “Племянник Рамо”, “Монахиня”, “Жак-фаталист”. Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Исповедь”. Бомарше шығармашылығы. Комедиялар. “Севиль шаштаразы”, “Фигароның үйленуі”. Ағартушылар және рококо өнері. Француз сентиментализмі. Неміс әдебиеті. Тарихи жағдай. Лессинг және Шиллер шығармашылығы. Гете творчествосы. Эстетикалық, философиялық көзқарастары. Еңбектері. Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Француз революциясы. Ағартушылық. Ағартушылар әдебиетінің эстетикалық принциптері. Сентиментализм. Пайда болуы және дамуы.

Ағылшын әдебиеті. Даниель Дефо ”Робинзон Крузо”. Джонатан Свифт “Гуливердің хикаялары”. Ричардсон “Памела” немесе “Кларисса Гарлоу, немесе жас ледидің өмірі”.

ХҮІІІ ғасырдағы ағылшын драмасы. Ағылшын театры. Джозеф Аддисон (1672-1719), Джордан Милло (1693-1739), Ричард Бринсли Шеридан (1751-1816). Стерн (1713-1768) шығармашылығы. “Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері”, “Сентиментальдік саяхат”. Роберт Бернс (1759-1796) шығармашылығы. Өмір жолы. Шығармалары. Жан Жак Руссо Женева қаласында 28 маусым 1712 жылы дүниеге келген. Ата – анасы француздықтар. Руссоның әкесі мамандығы бойынша часовщик болып істейді. Дүниеге болашақ жазушыны әкелу үстінде анасы қайтыс болады. Алғашқы өмірге басқан қадамы сәтсіз аяқталады. Ал 10 жасында Руссоны әкесі тастап, Женева қаласынан қашып кетеді. Ол бірінші шіркеуге латын тілін оқу үшін жіберіледі. Көп қиындықтарға тап болып, өмір тауқыметін көп көреді. 16 жасқа толған Руссо өзінің болашағына сеніп, үлкен таңғажайып, құпиясы көп өмірге қадам жасайды. Кейін бұл қиындықтарының бәрін өзінің “Исповеди” кітабында жазады. Онда Руссо былай дейді: “Мен біреуге тәуелді емеспін, өз өзіме қожамын, маған тек алға сенімділікпен батыл қадам жасау керек. Мен батыл қадам жасай алдым.” Кейін ол шіркеу адамдарын қызықтырмайды. Сосын оны олар шіркеуден 20 франк беріп босатады.

Руссо өзін музыка сабағының мұғалімі етіпте жариялайды. Тіпті музыкалық пьеса да жазады. 1741 жылы Париж қаласына барады. Ол кезде Руссо 29 жаста болады. Өзінің “Галантные музы”, “Нарцисс” атты екі поэмасын жазады. Бірақ та, екеуі де сәтсіз аяқталады.

Көп жылдар өтеді. Ал 1745 жылы ақпан айында Версале қаласында “Принцесса Новарская” опера – балеті өтеді. Соған Вольтер пьеса жазып жүреді. Опера барлық сарайды қызықтыра түседі. Бұл уақытта Жан Жак Руссо Париж қаласында болады. Герцог Ришелье Вольтерге Руссомен бірге жұмыс жасауды ұсынады. Міне, сол себепті Жан Жак Руссо Вольтерден хат алады.Онда былай делінген: “Сіздің бойыңызда екі талант бар. Бұндай қасиет бұрын да, қазір де еш адамның бойынан табыла қойған жоқ. Мен сол үшін де сізді құрметтеймін. Бірақ, маған ең өкініштісі сіздің талантыңыздың бағаланбауы”.

Бұл хатты Жан Жак Руссо құдайының берген сыйындай қуана қарсы алып, құлшына іске кіріседі. Руссо өзінің есімі ендігі жерде Вольтер, Рамо сынды белгілі жандардың қатарында болатынына қуанады. Көптеген ұйқысыз түндер мен күндер пьеса жазуға кетеді.

Руссо да Вольтерге өзінің тамаша жүрек жарды сөздерімен хат жолдайды. Бірақ, бұл тамаша хаттардың соңы сәтсіздікпен аяқталатынын Руссо білген жоқ. Пьеса жазылып, сарайда қойылады. Бірақ онда Руссо есімі аталмайды. Оның кім екенін ешкім білмейді. Руссо үшін бұл үлкен соққы. Алдан үлкен үміт күткен Руссо түңіліп кетіп, корольдік баллдың бағдарламасын жыртып тастайды. Бұл жайттар жайлы да кейін өзінің ”Исповедь” кітабында жазады.Руссоға атақ бес жылдан кейін келеді. Ал философиялық романы “Эмиль” Руссо үшін ең сәтсіз болады.Париждік парламент 9 маусым 1762 жылы кітапты жыртып, оның авторын ұстауға үкім шығарылады. Жазушыға Франциядан да, Женевадан да қашуға тура келеді. Қайда бармасын, қайда болмасын оны ешкім қарсы алмады. Тамыз айында 1762 жылы париждік Хрестофор Бэмон барлық шіркеулерге “Руссо құдай және адам жауы” деген лақап таратады. Шіркеу адамдарын бұл өтірік аяқтарынан тік тұрғызады. Өмірінің соңғы 10 жылын Париж қаласында қайыршылықпен өткізеді. Руссо Вольтермен бір жылда өледі. Ол 1778 жылы 2 шілдеде өмірден өтеді. Руссо сүйегі революция кезінде Париж қаласына әкелінеді. Дидро 1713 жылы Лангр деп аталады ежелгі француздық қалада дүниеге келген.Дидроның әкесі –ұрпақтан –ұрпаққа жалғанып тұратын пышақпен жонып әр түрлі бұйымдар жасаудың шебері қолөнерші еді.Жанұясы ауқатты ,тұрмыс жағдайы жақсы Дидро астананың ең жақсы оқу орындарының бірі Гаркур деп аталатын париждік колледжде білім алады . Колледжде Дени Дидро үлкен қызығушылықпен ежелгі және жаңа тілдерді оқып үйрнеді , ақырында оны философия, қолонер ,өнер туралы білімдер қызықтырады .Әкесі ұлының священник болуын қалайды. Бірақ Дидроның священник болу ойында да жоқ екендігін біліп,оған материалдық көмек беруден бас тартады.1733 жылдан бастап Дидро өзінің әдеби жұмыстарына аз ғана ақша алып сонымен күн көретін интеллегенттер қатарына қосылады.

Дидро көптеген шығармалар жазды, солардың тек бір бөлігі ғана басылымға берілген. 1746 жылы «Философиялық ойлар” атты еңбегі Париж сотының бұйрығымен өртелінеді.Оған себеп ,ол осы еңбегінде християн құдайына сенуден бас тартуға шақырады.Бұл шығармаға қарсы болған Париж парламенті "Философиялық ойлар" туралы, олар Мұнда барлық діндер бір деңгейде қойылған. Оның түпкі мақсаты- бір дінді де қабыдамау деген болатын. 1749 жылы жазылған “Письмо о слепых в назидание зрячим " атты атеистік шығармасы үшін Венгер қамалы деп аталатын түрмеге 100 күнге қамалады,өйткені "Зағиптар туралы көзі ашықтарға хат "шығармасында Дидро дінді жоққа шығаратын нақты-нақты материализм принциптерін атап көрсетеді. 1750жылы Лебретон Дидроны “энциклопедияның” редақторы болуға шақырады.1750 жылы бастап өмірінің соқына дейін Дидро осы жұмыспен шұғылданады.Осы “энциклопедияда” өзінің мыңдаған статьяларын жариялаған.1760жылы Дидро өзінің “Монахиня” деп аталған романын жазады.

1773 жылы Дидро өмірінде ең маңызды оқиға болды ол Екатерина ІІ ұсынысы бойынша Ресейге келеді.Дидро Ресейге келіп оның тілін және әдебиетін меңгеріп өзімен бірге еліне көптеген орысша кітаптарды алып келеді. Францияға оралғаннан соң Дидро 1784 жылы қайтыс болады.
23 Дәріс. ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ НЕМІС ӘДЕБИЕТІ

Лессинг.

Лессинг драматургиясы. Лессинг Германияда классикалық трагедияға қарсы етіп драмма жанрын құрады. Оның бірінші драмасы «Мисс Сара Сампсон» (1755), Дидро пьесасына дейін жарық көрді; француз ағартушысы оған жоғары баға берді. « Герман гениі табиғатқа бет бұрды – бұл ақиқат жолы», - деп жазды Дидро « Мисс Сара Сампсонға» жазған рецензиясында. Пьесаның тақырыбы – жас қыздың азап шегуі, ол моральдық келісімді бұзып, сезімге берілуі. Сара Сампсон махаббат сұрақтарында тек қана жүрекке сену керек дейді. «Мен үшін бұл өмірде тек қана бір нәрсе қымбат - бұл сіздің махабатыныз. Мен сізбен жоғары қауым үшін емес, өзім үшін бірге болғым келеді». Пьесса үлкен табысқа жетті.

1763 – 1767 ж.ж. «Минна фон Барнхельм» деген екінші пьесасын жазды. Комедиядағы оқиға жеті жылдық соғыстан кейінгі оқиға. Онда офицер Тельхейм саксон қызы Миннаны сүйеді. Соғыс аяқталғаннан кейін Тельхейм отставкаға кетеді, бірақ оған басқа біреудің ақшасын қалталап алды деген жалған айып тағылып, ол өз қаражатынан соны төлейді. Материалдық жағдайы төиендеп, аты қараланғаннан кейін, өзінің сүйгеніне қолын ұсына алмайды. Қыз Тельхеймнің дұрыс адам екенің біліп, Тельхейм қызды өз деңгейінде деп санасын деген оймен бүкіл байлығынан айырылғандай болады. Тельхеймнің достары араласып барлығы дұрысталады. Екі ғашық бақытты өмір сүреді.

Пьесада Германияның өмірі, ұлттық мінезі бейнеленеді. «Минна фон Бернхельнен» алты – жеті жылдан соң «Гец фон Берлихинген» және « Вертер» жазылды. « Эмилия Галотти» трагедиясы Лессингтің ең жақсы пьесаларының бірі. Ол 14 жыл бойы жазылды ( 1757 – 1771 ).

Бұл пьесадағы автордың политикалық тенденциясы бірінші қойылымнан – ақ байқалып тұрды.

Гонзаг ханзадаға кеңесшісі келіп, өлім жазасы үкіміне қол қоюын сұрады. « Үлкен қуанышпен. Мында берініз. Тезірек».Таң қалған кеңесшісі бұл өлім жазасына үкім екенің қайталайды. « Жақсы естіп тұрмын. Тезірек. Мен асығыспын», - деп жауап береді. Адам өміріне осынша немқұрайлықпен қарағанына таңданып, протоколды бүгін бермеуге тырысады. Егер осы кезде менің жалғыз баламды өлтірейін десе де иен бұл өлім жазасына қол қоюға мүмкіндік бермес едім.

Ханзада ауылда тәрбиеленген, сыпайы Эмилияны көріп ұнатып қалады. Бірақ сұлудың граф Аппианимен некелескенің білсе де оны бұзу оған қиын емес. Ханзаданың бүкіл тілегін орындап, айтқаның екі етпейтін Каменгер Маринелли – той пойызына шабуыл жасайды. Аппиани өлтіріліп, Эмилияны ханзада қоластындағылары құтқарғандары секілді алып кетеді. Ханзаданың көңілдесі болған графиня Орсини Эмилияның әкесі полковник Одоардо Галлотиге болған жайтты айтып береді. Одоардо Эмилияның тілегін орындап, ханзаданы өлтіреді. Лессингтің соңғы « Дана Натон» пьесасы дін тақырыбына арналған. Бұл пьесаның жазылу тарихы: 1774 – 1779 ж.ж. Лессинг Вольфенбютель кітапханасынан тауып алған профессор Герман Самуил Реймарустің қолжазбасын басып шығарады. Профессор Реймарус библияның шынайылығына күмән келтіріп, діңге қатысты өзінің атеистік пікірлерін айтқан. Гамбурлық Иоганн Мельхиор Гице профессордың критикалық пікіріне қарсы шықты. Пасторға жауап ретінде Лессинг « Анти – Геце» атты памфлеттерін бірінен кейін бірін жаза бастайды. Кейін Лессинг өз драмаларын жаза бастайды. Лессинг, әкесі үш ұлына, оларды әркез ағайын екендіктерін ұмытпау үшін, үш сақина сыйлағаны туралы әңгімесін, ол үш діңге – хрестиан, йудей, магоматан дініне теңейді. Барлығы да тең. Адамдар қандай дін қабылдаса да ағайынды. Солай деп қарт еврей данасы насихаттайды.

Натан адамгершілігі мол адам. Ол өзі секілді адамгершілігі мол адамдарды бағалайды. Ол өзінің досы , өзі сияқты шыншыл Аль Гафиді адамдар арасында өмір сүре алмай елсіз далаға кетіп, сонда тұратындығына кіналайды. Ол үш сақина туралы әңгімені айта отырып қандай да бір діннің басымдылығын айтқысы келіп отырған жоқ. Оған қандай дін болса да бәрібір. Сол үшін өмір сүріп, сол үшін еңбек ететін табиғаттың нағыз құдайы ол – адам:

Ол өгей хрестиан қызы Реханы өз қызы ретінде тәрбиелейді. Реха оны туған әкесіндей жақсы көреді. Бірақ хрестиан патриархы, кішкентай қызды аштық пен өлімнен алып қалғаны үшін Натанды кіналайды.

« Дана Натан» - неміс ағартушыларының ішіндегі адамгершілігі мол идеалдардың бірі.

Лессинг 18 жүзжылдықтағы Германия қоғамдық ойын алға қарай дамытты. Гете мен Шиллер Лессингтің оң ісін әрі қарай жалғастырды. Лессинг өзінің « Лаокоонымен» бізді бізді қандай жағдайға душар ететінің түсіну үшін, жас жігітке айналу керек, біздің ойымызды қараңғылық пен мұңшылықты жарқын және тәуелсіз дамуымен ауыстыру». Лессингтің эстетикаға қосқан үлесін орыс ағартушылары бағалады.

« Лаокоон» еңбегінде Лессинг поэзияға жаңа теория еңгізді. Ол осы кезге дейін эстетикада төре еткен формальдықты жаңа өмірмен ауыстыру. «Лессинг ойының жарқындығы және күштілігімен, логикалық щындығымен поэзия пәні кесеіндеме және басқа да пәндерден айырмашылығы, оның іс - әрекеті екендігін дәлелдеді».

Бұрыннан қарама – қарсы қойылып келе жатқан өнер мен өмірдің қайсысы биік тұрады деген сұраққа жауап бергенде Лессинг өмірді жоғары бағалайды. « Өмір суреттен артық». Сұлулықтың ең биік формасы – тірі адам сұлулығы. Лессинг өзін сол кездегі әдебиеттін ең жақсы түрі саналған аллегория мен шарттылыққа қарсы қойды. Эстетика және өнер саласындағы сұрақтарға бер3лген жауаптарынан феодалдық, сарайлық позицияға қарсылығы көрінеді. « Мен бұрыннан бері сарай адам табиғатын зерттейтін жер емес деген пікірімді ұстанамын». « Ханзадалар мен басты кейіпкерлердің есімдері пьесаға үстемдік береді, бірақ сезім оятарлықтай мән бермейді». Өзінің драматургиялық теориясында Лессинг Дидроға сүйенеді.Ол француз философының келесі жолдарын айтады: « Осы кезге дейін пьесадағы маңызды нәрсе бұл адам мінезі, сословие кездейсоқ нәрсе, ал қазір ең маңызды сословие, мінез кездейсоқ нәрсе».

Егер классикалық теорияда мінез мәңгілік және тарихи емес екендігін көрсетсе, Дидро кейін Лессинг адам мінезін әлеуметтік жағдайға байланысты деп дәлелдейді.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет