Кафедра: Дене тәрбиесі және Бейнелеу өнері


Дәріс №2-3. Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау



бет4/34
Дата18.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#186571
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
lektsiya 3

Дәріс №2-3. Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау
Жоспары:

  1. Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері

  3. Критериалды бағалаудың негізгі принциптері мен функциялары

  4. Критериалды бағалаудың тиімділігі



Критерийлік бағалау жүйесі- қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерийлікбағалау

  • Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады ;

  • Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес, эталонмен салыстырылады, (үздік орындалған жұмыс үлгісімен), эталон оқушыларға алдын ала белгілі;

  • Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты алгоритмі жасалған;

  • Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады , сондықтан бағалау критерийі - оқу мақсаттарының нақты көрінісі;

Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – бағалау критерийлері болып табылады;
Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.
Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Өткен тақырып бойынша барлық жұмыстар, бақылау жұмыстары да сәйкес рубрикамен бағаланады. Рубрикаларды оқушы әр тақырыпты бастар алдында алады. Бұл берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы қалай бағаланатындығын түсінуіне мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, рубрика оқушыға берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде нені үйренетіндігін және осы тақырыпты меңгеру үрдісінде неге көбірек көңіл аудару керек екендігін көрсетеді. Яғни, оқушы өз оқуының белсенді бір жағы – субъект болады.
Рубрика – оқушы не үшін оқып жүргендігін, критерий – ол нені үйренуі керек екендігін, ал дескриптор – оқушы оны қалай орындау қажеттігін көрсетеді. Егер рубриканы қандай да бір төбе деп есептесек, критерий – баспалдақ, ал дескриптор – жоғары көтеріле отырып, сенімді түрде мақсатқа қарай жылжуға болатын жеке басқыштар.
Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады.
Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай-ақ, критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий құнына өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.
Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. Балдық жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу керек. Бағалаудың әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс табады.Барлық көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша өлшенеді және есептеледі және оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау криериийлерімен және дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол дескрипторлар арқылы оқушылар өзінің деңгейін анықтай біледі.

2.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде негізгі 6 критерий қолданылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет