Лекция т ақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі, құралдары мен формалары, әдістері Лекцияның оқыту нәтижелері



бет3/4
Дата24.04.2022
өлшемі124 Kb.
#140668
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
№ 10 лекция (1)
10 сынып ҚМЖ 3-тоқсан 31.01.2022ж, elektr-syyymdylyғy-kondensatorlardyң-құrylysy-zhәne-tүrlerі, Баяндама2, open lesson, sources of light, lesson study, 7-сынып,математика Юниор хатаммасы
Жазалау – педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына ерекше ептілікпен әрі ойланыпқарауы тиіс. Жазалау баланың жағымсыз мінез – құлқы мен іс - әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді. Жазалау әдісін қолдануда ескерілетінкейбір талаптар:

  • оқушыға жаза қолданғанда талап қоя білу және оқушының басына құрметпен қарай білу принципін ұштастыру керек;

  • жазаның еш уақытта кек алу, баланың жеке басының адагершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауын ескеру керек;

  • жаза қолдануда әділеттілік қажет. Әділетсіз және негізсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, олардың ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;

  • жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау жазалаудың тәрбиелік тиімділігін арттыра түседі;

Тәжірибелі педагогтер жаза қолдануда оқушылар ұжымының көмегіне қолдауына арқа сүйеді.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай болуы керек. Сонымен қатар жазалау тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Мектеп тәжірибесіне арнайы қабылданған нұсқау бойынша жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, оқушының тәртібі жөнінде бағасын төмендету шаралары қолданылады.
Жарыс. Мектеп жағдайында мінез – құлық пен іс - әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік – психологиялық фактор ретінде жастардың бір – бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс - әрекетіне жаңа серпін жаңа ой – сезім және баланың өзіне жаңа талап қоюына мүмкіндік туғызады.
Тәрбие әдісінің төртінші тобына тәрбие процесін жетілдіру талаптары мен оның барысында, нәтижесінде объективті баға беру әдістері жатады. Тәрбиенің бұл топтағы әдістерін қолдануда тәрбиеші мен тәрбиеленуші-лердің тәрбие процесіндегі бағыт – бағдары үйлеспеген жағдайда тәрбие
әрекеті, тәрбие ықпалының нәтижесі жоққа шығады, ал кейде келеңсіз оқиғаларға душар болады. Ондай кезде қайта тәрбиелеу ісімен шұғылдануға тура келеді.
Сонымен, тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін зерттеу, дәрежесін айқындау және талдау үшін мінез – құлықпен іс - әрекетке бақылау жасау, адамның өзін - өзі бақылауын ұйымдастыру және өзіне - өзі баға беруді жүзеге асыру әдістері қолданылады.
Тәрбие процесінде әр әдістің жеке оқшауланған құралдары шешуші орын алмайды, керісінше, ол әдістер бір – бірімен үйлесімді ұйымдастыры-лып, жүйелі қолданғанда ғана нәтижесі болады.
Тұтас педагогикалық процесте оқушылардың мінез – құлқы мен іс - әрекетіне педагогикалық байқау, бақылау жүргізу, олардың өзін - өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру тәрбие жұмысының нәтижелерінің көрсеткіші бола алады.
Осыған орай тәрбиі әдісі ретінде педагогикалық теорияда педагогикалық байқау, тәрбиелікті анықтауға арналған әңгімелер өткізу, ауызша және жазбаша анкета толтыру, тестілерұйымдастыру, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар жазу, оқушыларды өзін - өзі сендіруге үйрету, оқу – тәрбие процесінің барысындағы оқушылардың барлық іс - әрекеттеріне талдау жасау, қорытынды шығару әдістері айқындалған.
Қазіргі мектеп тәжірибесінде бұл әдіс әрбір баланың өзіндік педагогикалық – психологиялық ерекшелігін тану, дамыту мақсатында кеңінен қолданылып келеді.
Тәрбие әдістерін таңдау және оларды тиімді пайдалану.
Тәрбиенің түрлі әдістерін таңдау мұғалімнің шығармашылығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Себебі тәрбие әдісі – тұтас педагогикалық процестің заңды бір құрамы.
Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, принциптеріне және нақтылай педагогикалық жағдайлардағы міндеттерді шешуге бағынышты болады. Мұғалім өзінің күнделікті практикалық жұмысында тәрбие әдісін таңдау барысында барлық жағдайға арналған әмбебап тәрбие әдісі болмайтынын ескеруі керек.
Тәрбие әдісі жеке дара тиімді не тиімсіз бола алмайды. Тұтас педагогикалық процестің негізіне жеке тәрбие әдісі емес, тәрбие әдістерінің тұтас бір жүйесі алынады. Әдетте өте нәтижелі деп есептеліп кеңінен қолданылып жүрген педагогикалық құрал: түсіндіру, әңгіме, сендіру, қоғамдық ықпал жасау әдістерінің өзі де ең әсерлі, абсолютті, тиімді бола алмайды.
Бір жағдайда оң нәтиже берген әдіс, басқа бір жағдайда балаға тіптен теріс әсер береді. Сондықтан тәрбиеші әдістерді қолдануда педагогикалық – психологиялық талаптарды білу қажет.
Тәрбие әдісі баланың жеке басына жанасудың және ықпал етудің өте нәзік әрі сезімтал құрал болғандықтан жаңашыл озат тәрбиешілер оқушылар-дың дара және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу – тәрбие процесін
физиологтар мен психологтардың бала дамуының заңдылықтары туралы ғылыми деректеріне сүйене отырып ұйымдастырады.
Адам жеке адам болып қалыптасу процесінде бөлшектеніп тәрбиеленбей, тұтас тұлға ретінде қалыптасатынын тәрбиеші әрдайым тәрбие жұмысының негізіне алуы керек. Жоғарыдағы аталған педагогикалық – психологиялық талаптармен қатар тәрбие әдістерін қолайлы таңдау және тиімді пайдалану үшін тұтас педагогикалық процестің күрделі диалектика-лық заңдылығы негізге алынады.
Осыған орай әрбір тәрбиешінің жеке адаммен жеке топпен оқушылар ұжымымен жұмыс жүргізгенде тәрбие процесінің ұзаққа созылатын үздіксіз әрі комплексті ерекшелігін ескеруінің маңызы зор.
Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолданудың тиімділігі ең алдымен педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениеттілігінің жоғары дәрежеде болуына байланысты екендігін озат мұғалімдер тәжірибелері дәлелдейді.
Тәжірибе көрсеткендей, мәдениет өмірдің тек рухани жағын ғана қамтып қоймайды. Мәдениет дегеніміз еңбектің, әлеуметтік дамығандықтың, зиялылықтың, тіпті көппен бірге өмір сүрудің мәдениеті деген сөз. Тек жоғары мәдениетті адам ғана өзіне де басқаға да қатаң талап қоя алады.
Тәрбие әдістері – бұл тәрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тәсілдері. Мектеп тәжірибесіне орай әдістердің және бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне және қылық - әрекетіне ықпал жасау тәсілдері.
Әдістер түрі сан – алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шәкірттерінің білімділік күш – қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып және басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог әрекетіне тәуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, әдіс формасы да сондай әрі сонша – бұл заңдылық. Әлбетте, әдістердің бәрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол әдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп әдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тәрбие тәжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дәстүрлі әдістерге арқа сүйегенді тәуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тәрбиеші әрдайым тәрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем және мол табыспен, жылдам жеткізетін жаңа әдістерді іздестіруге мәжбүр. Тәрбие әдістерін құрастыру, таңдау және дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы.
Тәрбие тәсілі – жалпы әдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке әрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тәсіл – тәрбиешінің өз шәкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тәсілмен басқа да тәрбиешілер пайдалана бастаса, тәсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - әдістерге айналады. Әдістер мен тәсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.
Тәрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал – жабдықтар тәсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек – тәрбие құралы, ал көрсету, еңбекті
бағалау, жұмыс қателігін білдіру – тәсілдер. Сөз (кең мағынада) – тәрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, әзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тәсіл. Бұл тұрғыдан кейде тәрбие әдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тәсілдер мен құрал – жабдықтар жүйесі деп те атайды.
Әдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен наты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Әдістер классифика-циясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген әдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тән сипаттарын тереңірек түсінеді.
Тәрбие әдісі – көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан – алуан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет