Бұрыштың симметрия осі бойындағы бұрыштың төбесінен басталатын сәулені биссектриса деп атайды.
Деңгейлік тапсырмалар
А. Берілген фигуралардан осьтік симметриялы фигураларды таңдап алыңдар.
В. Координаталық жазықтықтағы А(2;6) нүктесіне:
Ординаталар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар;
Абсциссалар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар.
С. АВС тең бүйірлі үшбұрыштың В төбесі арқылы өтетін k түзуі – оның симметрия осі. А төбесінің симметрия осінен қашықтығы 3,5 см. ВС қабырғасының ұзындығы 9 см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
у
х
. А
. А1
А2 .
А
В
С
3,5
9
Жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарында кездеседі.
Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа “Г” әрпі тәріздес өрнек. Кестеде жиі кездестіруге болады.