Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді



бет23/26
Дата09.10.2023
өлшемі196,06 Kb.
#184426
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
КТЖ 3 сынып 2022-23 оқу жылы
5кл-23 кмж, 6-сынып-кмж 27, 4-сынып-кмж 16
Түсінік хат


«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасының мақсаты әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негіздерін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған:

  1. зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктерінің негізін қалыптастыру;

  2. техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу;

  3. қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылыми тұрғыдан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу біліктерін меңгеру;

  4. зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстануғылыми ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;

  5. табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;

  6. күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болып табылады.
24-кесте. «Жаратылыстану» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Жиынтық бағалаудың рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны
Әр тоқсанда

3-сынып

1

1

1

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет