Зертеу жұмысы: балалармен бағдаршам жұмысын және жол реттеуші жұмысын бақылау. Не көргендерін, не ұққандарын әңгімелеу.
Еңбек: алаңшада, жол қиылысындағыдай белгі жасау, оны тазалап, сыпырып, жөнге келтіру.
Мақсаты: жұмыла еңбек етіп, бастаған істі аяғына дейін жеткізу.
Қимылды ойын: «Бағдаршам».
Мақсаты: бағдаршамның белгілері туралы балалардың білімдерін бекіте түсу.
Жеке жұмыс: «Көңілді жолаушылар» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру
Маусым
Серуен №5
Ағаштарды бақылау
Мақсаты: Балабақшаның ауласыңда өсіп тұрған ағаштрды жапырақтары бойынша танып, атын атай білу. Табиғат байлығы ағаштарға қамқор болуға, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар:
Ағаштардың бір-біріне қандай ұқсастығы бар?
Айырмашылығы кандай?
Ағаштардың қандай пайдасы бар?
Қалың ағаш өсетін жерді қалай атайды?
Орманды қалай сақтау керек?
Орманды қорғайтын адамдарды қалай атайды?
Көркем сөз: «Орманшы» М. Әлімбаев
Орманшы менің нағашым, Лайлатпайды тұнығын,
Омырауында үлкен дүрбісі. Ауырлатпайды ауасын.
Аралап орман арасын, Көрсең де қашан, қай түні,
Түспейді аттан бұл кісі. Айтатын сөзі әйгілі:
Шырылдатып шыбығын, -Қалың ну-халық саулығы!
Аңыратпайды ағашын. Көк орман-Отан байлығы!
Дидактикалық ойын: «Қай ағаш екенін тап»
Мақсаты: тәрбиешінің берген нұсқауымен аталған ағашта табу.
Еңбек: ағаштар түбінің топырағын қопсыту.
Мақсаты: балаларға ағаш түптерін не үшін қопсыту керектігін түсіндіру, ағаштарды күтуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Кім ағашқа бұрын жетеді».
Мақсаты: Берілген белгі бойынша тез жүкіруге жаттықтыру, мақсатқа жетуге деген ынталарын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |