Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар


«Б» сынып оқушысы Қалжанов Санжарбек



бет4/6
Дата14.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#126462
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шығ. жұм

3 «Б» сынып оқушысы Қалжанов Санжарбек

(мәтіннен түсінігін айтуы)

Мәтінге жоспар жасау мен түсінігін айту бір-біріне тығыз байланысты болып келеді. Мәтінді түсінбеген оқушы жоспар құра алмайды. Ал, мәтінді толық, дұрыс түсінген балаға жоспар құру қиынға соқпайды. Оқушылар мәтінді бірнеше бөлімдерге бөліп, әр бөлікке ат қояды. Әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. III—IV сынып оқушылары тұтас әңгімені өздері бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қою жұмысын атқара алады. Екінші сөзбен айтқанда, әр әңгімеге өз беттерімен жоспар жасай алады. Мұндай жағдайда мұғалім тек «Бұл бөлімде не жөнінде айтылады?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларға бағыт қана беріп отырады. Дегенмен, мұғалім балалардың жоспар құруына аса мән бергені дұрыс. Өйткені, кейде балалар ойланбастан кез – келген ат қоя салуы әбден мүмкін. Бұл кезде мұғалім балалардың барлығының ойын тыңдап, мағынасына қарай ең жақсыларын іріктеп алғаны жөн.

Мәтінге сай шығармашылық тапсырма беру – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазір интербелсенді оқыту технологиясына сай балаларды топқа бөліп, әр топқа әртүрлі тапсырма бердім.

І топ – «5 жолды өлең» әдісі – оқушы берілген мәтін бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлең құрастырудың ережесі мынадай:


  1. Зат есім (1 сөз)

  2. Сын есім (2 сөз)

  3. Етістік (3 сөз)

  4. Сөйлем (4 сөз)

  5. Мәндес сөз(синоним), (1 сөз)

ІІ топ – «Рөлдік» ойын – мәтінді рөлдерге бөліп, сахналайды.

ІІІ топ – «Сурет салу» – балаларға мәтінге байланысты топпен бірігіп сурет салады.

ІV топ – «Бағалаушы» топ – балалар мұғалімге қарағанда, бір-бірін бағалауда өте адал. Бұл топ оқушыларды бақылап отырып, бағалау парағын толтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет