Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру



бет6/6
Дата14.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#126462
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шығ. жұм

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықты ояту

- Балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын мынаны айтыңдаршы, өткен сабақтарда Абай атамыз жырлағандай « Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды »немесе Сәкеннің « Шұнақ аяз жалаңдап , екі санын сабады » дегендей осы құбылыстың барлығы қай мезгілде болады?



  • Суреттегі кім?

  • Екінше суретте не көріп тұрмыз?

2. Мағынаны тану

- Жәрәйсыңдар, балалар! Міне, балалар бүгінгі тақырыбымызда қыстың бір құбылысына байланысты « Боран » деп аталады, авторы М.Әуезов.

М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде болған. Жастайынан Абай өлеңдерін жатқа айтып өскен. Алғаш Абай ауылындағы бастауыш мектепті, сосын Семей қаласындағы орыс мектебінде оқып, содан кейін білімдерін әртүрлі оқу орындарында жалғастырды.

Мұхтардың ең құнды шығармасы – «Абай жолы» эпопеясы. (Абай жолы кітабын көрсету).





3. Оқулықпен жұмыс

1. Мәтінді бір рет өзім толық оқып беремін.

2. Жақсы оқитын оқушыға оқытамын;

3. Сөздік жұмысын жүргіземін.



Жұмырланған – қатты су қар

Толассыз - тоқтамай жүру

Сарылған – ұзақ уақытқа созылған

4.Сергіту сәті

5. Шығармашылық жұмыс:

І топ – «5 жолды өлең» әдісі – оқушы берілген мәтін бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлең құрастырудың ережесі мынадай:

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Сөйлем (4 сөз)

5. Мәндес сөз(синоним), (1 сөз)



ІІ топ – «Екі жақты күнделік» әдісі – Оқушылардан дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер жазылады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады ( нені еске түсіреді, себеп салдары қандай?);

ІІІ топ – «Сурет салу» – балаларға мәтінге байланысты топпен бірігіп сурет салады;



ІV топ – «Бағалаушы» топ – балалар мұғалімге қарағанда, бір-бірін бағалауда өте адал. Бұл топ оқушыларды бақылап отырып, бағалау парағын толтырады;

6.Дәптермен жұмыс:

Мәтіннің мазмұнына сай жоспар құру



IV Сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

Ой толғаныс:

Қыс туралы мақал – мәтел айтқызу және оның мәнін түсіндіру.

а) Жеріне қарай егін ек, жолына қарай жегін жек.

ә) Қыс азығын жаз жина

б) Қыстың қамын жаз ойла

в) Қыс – арбаңды, жаз шанаңды сайла

г) Қар - қара жердің көрпесі



Мәтін бойынша сұрақ қою.

1. Боранның күшейе түскенін әңгіменің қай жолдарынан білуге болады?

2. Әңгіменің ең соңғы сөйлемін қалай түсінесіңдер?

3. Мәтінге сүйеніп үсінгеннен сақтану жолдарын (тауып оқы) айтып бер.

4. Өздерің боранды қалай суреттер едіңдер

5. Ерте кезде халық ауа райын қалай болжаған?( балалардың өздерінің білетін болжамдарын айтқызу)



VI Үйге тапсырма

VII Бағалау.

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»

Бастауыш білім беру мамандығын

ІІІ курс студенті:



Теңгелбаева Жанарсұлу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет