«Оқырмандық мәдениет» ұғымының мәні мен құрылымы Бұл параграфтың мақсаты – студенттердің «оқырмандық мәдениеті»



бет4/6
Дата16.12.2022
өлшемі167,41 Kb.
#163006
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1.2 тарау

Құндылық бағдар – тұлғаның бағытының дамуымен байланысты және адамның өмірге деген, өзіне деген және тұлғалық бағытқа деген көзқарастарын сипаттайды. Психологиялық бағытта «құндылық бағдар» феноменіне көптеген анықтамалар берілген.
Философиялық сөздікте (Мәскеу, 1983ж.) құндылық бағдар ұғымына: «Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары» - деп анықтама берілген.
Ал ғылыми әдебиеттерде «құндылық бағдар» ұғымына әртүрлі анақтамалар беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы құндылық бағдарды жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға деген субъективті қатынасы деп көрсетеді, ал үшінші тобы «құндылық бағдар» ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер береді. Кейбір зерттеушілер «құндылық» түсінігін белгілі бір сапалы қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді.
В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша, «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның рухани дамуының негізі, жеке тұлғаның қоғамға, белгілі бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы» болып табылады.
К.К. Платоновтың пікірінше, «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның әлеуметтік тепе-теңдігінің мазмұны мен адам өмірінің эмоционалды дүниесімен байланысты».
В.А. Ядов бойынша, «Құндылық бағдар – жеке тұлғаның қарым-қатынасының неғұрлым күрделі иерархиялық ұйымдасқан құрылым компоненттерін көрсетеді» [].
Құндылық бағдар – күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс және жеке тұлғаның қарым-қатынас жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қызметін бағдарлау және қызметінің мазмұны, адамға жалпыға ортақ көзқарасты айқындайтын, өз алдына, мағынасы мен бағытын көрсете отырып, мінез-құлық сипаты, әрекеттер көрінісі. Сонымен, құндылық бағдар бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке деген көзқарасы мен іс-әрекетке қатынасын білдірсе, екінші жағынан белгіленген мақсаттар жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді, қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі. Құндылық бағдар адам дамуының ең негізгі факторы болып табылады.
Мінез-құлық икемділігі – жаңа міндеттер мен жағдайларға қатысты туындаған міндеттерді ескере отырып, мінез-құлықты өзгерту қабілеті. Икемділік – бұл адамның жағымды қасиеті. Дененің икемділігінен басқа, біз үшін ойлау, мінез-құлық, қарым-қатынас, эмоционалды интеллект икемділігі маңызды.
Ойлаудың икемділігі – бұл адамның жаңа шешімдерді жылдам іздеу қабілеті. Бұл оңай және саналы түрде шешім қабылдау, оңтайлы нұсқаларды іздеу мүмкіндігі. Бұл адамның бір тапсырмадан екіншісіне тез ауысу қабілеті, мәселені екінші жағынан көру қабілеті, ескі стереотиптер мен сенімдерден бас тарту, кез-келген жағдайда жағымды сәттерді табу.
Икемді адамның сөз саптауы, мәнері, әдемі сөйлеуі қалыптасқан болады. Ол оқуды, тәжірибе жинауды, көп оқуды ұнатады. Ол әрқашан оған, оның дамуына уақыт табады. Бір ойдан екіншісіне оңай ауысады. Ол өзгерістерден қорықпайды, стреске төзімді. Ол әрдайым әртүрлі жағдайларда өзін сенімді сезінеді. Жаңашылдықты, белгісізмен танысуды, тәжірибе жасауды ұнатады. Оған әрдайым жаңа жарқын әсерлер, эмоциялар, жаңа идеялар қажет.
Мінез-құлықтың икемділігі – бұл өмір жағдайларына байланысты өзін-өзі көрсете білу, бағалау, іс-әрекеттің дұрыс нұсқаларын таңдай білу, өзгерістерге тез бейімделу.
Мәнді ізденіс – жеке сөздердің немесе өрнектердің сөздік мағыналарының орнына сұралған сөз тіркестерінің контекстік (семантикалық) мағынасын қолдануға негізделген ақпаратты іздеу әдісі мен технологиясы.
Мәнді ізденісті ақпараттық контекстті, пайдаланушының орналасқан жері мен іздеу мақсатын, ауызша вариацияларды, синонимдерді, жалпыланған және мамандандырылған сұрауларды, сұрау тілін және тиісті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін басқа мүмкіндіктерді ескереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет