Оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген «Жоғарғы және жоо кейінгі білім беру ұйымы қызметінің типтік ережелеріне»



бет3/4
Дата22.03.2017
өлшемі1,02 Mb.
#12133
1   2   3   4

4.49.4. Сырттай оқу түріндегі студенттерге емтиханы бар пән бойынша қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
И=А2  0,6 + Э  0,4 , (3)
мұндағы А2аралық бақылау бағасы, емтихан басталғанға дейін қойылады және емтихан ведомостісіне, соның ішінде электрондық ведомостқа енгізіледі.

Э – емтихан бағасы;

0,6; 0,4 – аралық бақылау және емтиханның салмақ коэффициенттері.

4.49.5. Сырттай оқу түріндегі студенттерге курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пән бойынша GPA есептеу үшін қорытынды баға болып курстық жобанының қорғалу бағасы саналады.

Курстық жобаны (жұмыс) қорғауға дейінгі рұқсат болып екі аралық бақылаудағы орташа 50-ден кем емес бағаны алу. Басқалай жағдайда оқушы қорғауға жіберілмейді және келесі академиялық аралықта немесе жаздық семестрде берілген пәнді ақылық түрде қайта оқуы тиіс.



4.49.6. Сырттай оқу түріндегі студенттерге курстық жоба (жұмыс) және емтихан қарастырылған пән бойынша қорытынды баға (2) формулаға сәйкес орташа ретінде саналады.

4.50. Кафедра меңгерушілері сессия нәтижелеріне және қызметтік міндеттемелеріне сәйкес барлық туындайтын проблемаларға жауапты болады.

4.51. Емтиханды өткізу туралы жалпы ережелер

4.51.1 Емтихандар, ережеге сәйкес, билет тапсырмаларына толық жауап жазу қажеттілігімен жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханды өткізу мақсаты бағалаудың объективтілігін және студент білімін бағалау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

4.51.2. Егер компьютерлік жүйені немесе бланкіні пайдалану арқылы әдістемелік және технологиялық тұрғыдан емтиханды тест түрінде өткізу жөн деп табылған жағдайда, тиісті шартты сақтау қажет – тестілік тапсырмалар базасы пәннің бір кредитіне 100-ден кем болмауы керек.

4.51.3. Компьютерлік тестілеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы ЭОТО ҒЗИ-дың немесе кафедра әзірлемесінің бағдарламалық қамсыздандыруы қолданылады. Кафедра әзірлемесінің бағдарламалық қамсыздандыруының тестілеуден кейін апелляцияға берілетін таласты сұрақтар туындаған жағдайда студенттердің жауаптарын қарау мүмкіндігі болуы қажет.

4.51.4. Емтиханды тест түрінде өткізу үшін кафедра оқу жұмысы жөніндегі проректорға негіздеме ұсынуы қажет.

4.51.5. Емтиханды жазбаша түрде өткізу үшін кафедра, кафедра отырысында қаралатын және бекітілетін пәндердің толық түрде талданған тақырыптарын (тарауларын), пәннің жұмыс-оқу бағдарламасына сәйкес келетін сұрақтар мен тапсырмаларды қамтитын емтихан материалдарын әзірлейді.

4.51.6. Емтихан сессиясын өткізу кезеңінде емтихан түрін өзгерту рұқсат етілмейді.

4.51.7. Пәннің толық түрде талданған тақырыптары (тараулары), сұрақтар, типтік тапсырмалар және басқа да материалдар студенттерге (магистранттарға) емтиханға дайындалу үшін беріледі және кафедра сайтында жарияланады.

4.51.8. Құрастырылған билеттер студенттерге (магистранттарға) берілмейді, олардың сақталуына пән оқытушысы жауапты болады.

4.51.9. Жазбаша емтихан тапсырмасының саны оны өткізудің максимум уақытымен анықталады 2 академиялық сағаттан артық емес.

4.51.10. Билеттер саны сы пән бойынша бір уақытта емтихан тапсырушылардың жалпы максимум санынан 30% артық болуы тиіс. Билеттер нөмірленбейді.

4.51.11. Емтиханда жазуға арналған таза парақтарға кафедра меңгерушісі қол қояды немесе ОПД немесе ОПҰД мөрі болады, олардың саны билеттегі тапсырмалар санына көбейтілген емтихан тапсырушылардың жалпы санынан 30% артық болуы тиіс.

4.52. Жазбаша емтиханды өткізу тәртібі:

4.52.1. Аудиторияға емтихан тапсыруға студенттер (магистранттар) сынақ кітапшасымен немесе студенттік билеттермен кіреді.

4.52.2. Оқытушы емтихан тапсырушыларға емтихан тапсыруға жіберілгендерді және оны өткізу тәртібін мәлімдейді, тәртіпті сақтау қажеттілігін ескертеді, денсаулық жағдайларын сұрайды.

4.52.3. Емтихан алушы емтихан тапсырушы сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін қандай да бір амалды (шпаргалок, техникалық құралдар, сыбыр сөз және т.б.) қолданса, емтиханнан шығарылатынын ескертеді, ал ведомостіге F бағасы қойылады. Бұл жағдайда емтихан алушы емтиханнан шығару фактісі туралы институт дирекциясына қызметтік хат ұсынады.

4.52.4. Билеттер нөмірсіз емтихан тапсырушылар көзінше кездейсоқ түрде сырт жағы жоғарыға қаратылып қойылады.

4.52.5. Емтиханды өткізу үшін студент (магистрант) билет таңдайды. Билеттегі сұрақтарды жауап парағына көшіргеннен кейін оқытушы барлық жауап парақтарына оқытушының таңдауы бойынша (сан немесе әріп түрінде) код қояды және оны қолымен бекітеді, артынан кодты алдын ала жасалған «Емтиханнан құлағаны туралы» ведомостіге енгізеді. Бұл ведомость емтихан аяқталғанға дейін кафедра меңгерушісіне тапсырылады. Билеттерге қандай болмасын белгі салуға тыйым салынады. Билеттер тапсырмалар жауап парағына көшірілгеннен кейін оқытушыға тапсырылады.

4.52.6. Студент барлық тапсырмаға толық жауап береді. Жауап парақтарына студент (магистрант) тегін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ешқандай жазба жазылмайды. Бұл үшін емтихан алушы мен оқытушы жауап береді.

4.52.7. Емтихан тапсырушы оқытушының рұқсатымен емтихан уақытында ақпараттық-анықтамалық әдебиетті, сондай-ақ силлабусты қолдануға құқылы. Емтихан уақытында байланыстың кез-келген түрін, есептегішті және басқа да техникалық құралдарды қолдануға тыйым салынады.

4.52.8. Емтихан аяқталған соң студенттер жауап парақтарын оқытушыға тапсырады. Бірінші бетке толтырылған парақтардың жалпы саны көрсетілген әр параққа оқытушы студент көзінше қол қояды.

4.52.9. Емтихан аяқталған соң 1 сағаттан кешіктірмей жауап парақтары тексеру үшін тәуелсіз оқытушыға беріледі. Пайыздық үлестегі және әріп түріндегі баға әр сұраққа қойылады және қол қою арқылы расталады.

4.52.10. Қорытынды баға ықтимал салмақ коэффициентін есепке алғанда орташа арифметикалық ретінде анықталады. Қорытынды баға бірінші параққа қойылады және тексеріп отырған оқытушының қолымен расталады.

4.52.11. Тексерілген емтихан жұмыстары кафедра меңгерушісіне тапсырылады. Ол бұл жұмыстардың шифрін анықтайды.

4.52.12. Парақтардағы сәйкестендіру ведомостінсіз студент тегін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез-келген белгі парақты (жауап парағын) тексеруден алып тастауға негіз болады.

4.52. 13. Шифрді анықтау аяқталғаннан кейін 2 сағаттан кем емес уақыт ішінде емтихан қабылдаған оқытушы бағаларды емтихан ведомостісіне, яғни жеке паролі мен логинін пайдалана отырып, электронды ведомостіге қояды.

4.53. Кешенді түрде емтихан қабылдау бойынша комиссия қызметтері:

4.53.1. Комиссия емтиханды ұйымдастыруы және емтиханда оқу пәндері және анықтамалық әдебиеттерден басқа рұқсат етілмеген көздерден жауаптарды көшіруге жол бермеуі керек.

4.53.2. Емтихан жауап берер кезде комиссияның барлық мүшелері қатысуы керек; әрбір студенттен жауап алу барлық комиссиямен жүргізіледі, студенттердің комиссия мүшелері арасында бөлінуіне рұқсат етілмейді.

4.53.3. Емтихан аяқталғаннан кейін нәтижелер деректер базасына енгізіледі және 2 сағаттың ішінде қорытынды ведомості жасалады және тиісті факультет деканатына тапсырылады.

4.54. Компьютерлік тестілеу түрінде емтихан қабылдау бойынша кезекші оқытуышының қызметтері:

4.54.1. Студенттердің аудиторияға студенттік билеттерге (сынақ кітіпшаларына) және емтихан ведомостісіндегі рұқсатнамаға сәйкес кіруін қадағалау;

4.54.2. Студенттердің тестілеу кезінде қосымша материалдарды қолданбауын қадағалайды; емтиханды өткізу тәртібін дөрекі бұзған жағдайда материалдарды алады, студентті емтиханнан шығарады, кафедра меңгерушісін немесе тиісті факультеттің өкілін шақырып, тәртіп бұзу фактісін хаттамалайды және оны емтихан ведомостісіне қосымша тіркейді. Хаттамаға оқытушы, кафедра меңгерушісі немесе сәйкес факультет өкілі қол қояды;

4.54.3. СМЖ ҰС 5.2.03 – 2008 «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру» ұйымдастыру стандарты, «Білім алушының білімдерін бағалау» 20 бөлім талаптарына сәйкес бағалардың қойылуын қамтамасыз етеді».

4.55. Бланкілік тестілеу түрінде емтихан қабылдау бойынша кезекші оқытушының қызметтері:

4.55.1. Студенттердің аудиторияға студенттік билеттерге (сынақ кітіпшаларына) және емтихан ведомостісіне сәйкес енуін бақылайды;

4.55.2. Студенттер билеттерді немесе тест нұсқаларын алады және тек жеке кодын көрсетіп, жауап парағын толтырады;

4.55.3. Студенттердің тестілеу кезінде қосымша материалдарды қолданбауын қадағалайды; емтиханды өткізу тәртібін дөрекі бұзған жағдайда материалдарды алады, студентті емтиханнан шығарады, кафедра меңгерушісін немесе тиісті институттың өкілін шақырып, тәртіп бұзу фактісін хаттамалайды және оны емтихан ведомостісіне қосымша тіркейді. Хаттамаға оқытушы, кафедра меңгерушісі немесе сәйкес институт өкілі қол қояды;

4.55.4. Студенттердің жауап парақтарында тек жеке кодын көрсетуін қадағалайды;

4.55.5. Жазбаша жұмыстарды тексергеннен кейін СМЖ ҰС 5.2.03 – 2008 «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру» ұйымдастыру стандарты, «Білім алушының білімдерін бағалау» 20 бөлім талаптарына сәйкес баға нәтижелерін енгізуді жүзеге асырады.

4.56. Қорытынды ведомостілерді жасап, бергеннен кейін бір сағат ішінде олардың көшірмелері кафедра стендісіне ілінуі керек.

4.57. Емтиханды сәтті тапсырған және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаған сырттай оқу түріндегі студенттерге емтихан сессиясы аяқталған соң келесі емтихан сессиясына арналған анықтама-шақырту беріледі. Анықтама-шақыртудың берілуі және чырттай оқу түріндегі студенттің емтихан сессиясына келуі қатаң есепке алынады.

4.58. СҚОИ студенттерін ауыстыру және қайта қабылдау емтихан сессиясы басталарға дейін 1 айдан кеш қалмай жүзеге асырылуы керек.

4.59. Студенттер сессия аяқталғаннан кейін өз бағаларын деканатта салыстыруға және жазғы сессия аяқталғаннан кейін оқу жылы үшін өз GPA-ларын алуға міндетті.

5. Қашықтан білім беру технологиялары

5.1. ҚарМТУ-да қашықтан оқыту технологиясы (ҚОТ) бойынша сырттай оқу түріндегі студенттер қысқартылған және жеделдетілген білім бағдарламасы бойынша білім алады.

5.2. ҚОТ пайдалана отырып оқуға ауысу студент өтініші негізінде СҚОИ деканының ұсынысы бойынша ректор бұйрығымен жүзеге асырылады.

5.3. КОТ пайдалана отырып оқу мамандықтың оқу-жұмыс жоспарының қосымшасы, жеке оқу жоспары, шығарушы кафедраларда әзірленген сабақ үлгерімін бақылаудың жеке кестесі негізінде жүзеге асырылады.

5.4. Қашықтан оқытудың кейс-технологиясы кезінде оқу үшін қажетті негізгі ақпарат және пайдаланылатын оқу әдістерінің сипаттамасы электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ЭОӘК) жинағында - әрбір білім алушы қамтамасыз етілетін, оқу пәндерінің кейстерінде болады. Кейстер СҚОИ секретариатына электрондық түрде беріледі.

5.5. Желілік технология бойынша білім алушылар, ЭОӘК және барлық қажетті қосымша ақпаратты университет сайтынан ала алады: ҚОТ оқытушы Web-порталында http://www.kstu.kz.

5.6. Қашықтан оқыту ПОҚ және білім алушының кезең-кезеңмен өзара әрекеттерінің Жоспарына сәйкес ЭОӘК пайдалана отырып тьютор басшылығымен оқу пәндерін білім алушылардың өздігінен зерделеуін көздейді.

5.7. КОТ бойынша білім алатындар пәндер бойынша аралық аттестацияға оқу-жұмыс жоспарында белгіленген барлық бақылау шараларын орындап тапсырған жағдайда ғана жіберіледі.

5.8. Аралық аттестация емтиханға студент келген кезде сессия уақыты кезінде автоматтандырылған тестілеу кешендерін қолдана отырып жүргізіледі.

5.9. КОТ бойынша білім алатын және семестрдегі барлық пәндер бойынша сабақ үлгерімін жеке бақылау кестесін орындаған студенттер үшін аралық аттестацияның жеке мерзімдері белгіленеді.

5.10. Желілік қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алатын СҚОИ студенттер үшін графикке сәйкес (7-кесте) екі межелік бақылау белгіленеді.

5.11. Кейстік қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алатын СҚОИ 1-5 курс студенттері үшін межелік бақылау міндетті түрде кафедрада тіркелуі тиіс зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтарды орындау, оның ішінде орындалған бақылау жұмыстарын қорғау нәтижелері бойынша семестрде бір рет емтихан сессиясы кезеңінде жүргізіледі.

Межелік бақылау бағалары оқу пәні бойынша емтиханға дейін электрондық ведомостіге қойылады - екінші аралық бақылау.



5.12. Желілік технология бойынша білім алатын студенттер үшін пән бойынша қорытынды баға (1) және (2) формулаларға сәйкес есептеледі.

5.13. Кейстік технологияны қолдану арқылы білім алатын СҚОИ 1-5 курс студенттері үшін пән бойынша қорытынды баға (4) формула бойынша есептеледі.

6. Келесі курсқа, ЖОО-дан ЖОО-ға, мамандықтан мамандыққа ауысу және қайта оқыту

6.1. Білім алушыларды курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты білім алушының жоғарғы оқу орындары (ЖОО) үшін белгіленген ауысу балынан төмен емес орташа үлгерім балын (GPA) алу болып табылады.

6.2. Өту балы GPA (Grade Point Average) – таңдап алынған бағдарлама бойынша студент жетістіктері деңгейінің орташа өлшенген бағасы (оқытудың ағымдық мерзімі ішінде кредиттің жалпы санына пәндер бойынша қорытынды бақылау бағасының балын сандық баламада кредитті жүргізу жиынтығына қатынасы) мына формула бойынша есептеледі:

GPA = (4)
мұнда И1 – емтихан қарастырылған пән бойынша қорытынды баға;

ИК2 – тек курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға;

ИС3 – – емтихан және курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға.

К1 … Кn – оқу жылы бойы оқытылған пәндер және практиканың көлемі;

n - оқу жылы бойы оқытылған пәндер және практиканың саны.

Дене тәрбиесі жөніндегі дифференциалды сынақ және әскери дайындық жөніндегі баға GPA есептеуіне енбейді.

Барлық академиялық қарыздар GPA есептеу кезінде нөлмен есепке алынады (И=0).

6.3. GPA есептеу кезінде бірнеше пән бойынша кешенді емтихан жүргізгенде әрбір пән жеке есептеледі.

6.4. Студенттер (магистранттар) үшін Университеттің барлық мамандықтары бойынша өту балының деңгейі 2014-2015 оқу жылына Университеттің Ғылыми кеңесі белгілейді және оқу мерзімі мен түріне қарамастан келесіні құрайды: 1 курс -1,8; 2 курс – 2.0; 3 және жоғарғы курстар – 2,2; для 1 курс магистранттары үшін – 2,8; 1 курс докторанттары үшін – 2,9, 2 курс –3,0. Студенттер, магистранттар және докторанттар жазғы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін деканаттан немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінен GPA алуға міндетті.

6.5. Студентке курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ өту балын ең аз алған жағдайда өз үлгерімінің (GPA) орташа балын жоғарылату мақсатында жазғы семестрде жекелеген пәндерді ақылы негізде қайтадан оқу («Қазақстан тарихынан» басқа, себебі сол пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және сол пән бойынша емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі ұсынылады.

6.6. Жазғы семестр аяқталғаннан кейін Тіркеу бөлімі әр студент үшін оқу жылына арналған өту балының есебін жүргізеді. Өту балының белгіленген деңгейін алған білім алушылар ректор бұйрығымен келесі курсқа өтеді.

6.7. Оқу жылындағы және оқытудың барлық алдыңғы кезеңіндегі пәндер бойынша академиялық қарыздар (емтихандар, курстық жобалар немесе жұмыстар, практика бойынша есеп беру, дифференцияланған сынақтар) студентті курстан курсқа, мамандықтан мамандыққа, ЖОО-дан ЖОО-ға ауыстыру кезінде оның GPA-сын есептеуде нөлге теңестіріледі (Иц=0).

6.8. Студент оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестрді ескергенде белгіленген өту балын кем алған жағдайда Университет Ректорының бұйрығы бойынша ақылы негізде қайта оқыту курсына қалады.

6.9. Емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі кезінде қайтадан қорытынды баға есептеледі, емтихан ведомостісіне, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.

Сабақ үлгерімінің орташа балын есептеу кезінде оқу пәні бойынша соңғы бағалар есепке алынады.



6.10. Транскрипте студенттің барлық қорытынды бағалары және емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі жазылады.

6.11. Қайта оқу курсына қалдырылған студенттің бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын толықтыруына немесе жаңа жеке жоспар құрастыруына болады.

6.12. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері, қайта оқыту курсына қалдырылған студенттер гранттан айрылады және қайта оқыту курсының кредиттерінің және зерделенетін пәндерінің саны көрсетілген төлем туралы шарт негізінде ақылы негізде оқуын жалғастырады.

6.13. Егер студент – мемлекеттік білім грантының иегері өту балын жинаса, бірақ сонымен бірге академиялық қарызы болса, ол келесі оқу курсына ауыстырылады және степендия тағайындалмайды.

6.14. Қайта оқу курсына қалдырылған және алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы бар студенттер ол қарыздарын жою үшін ақылы негізде сол пәндерді қорытынды аттестацияға дейін қайталап оқуға тиіс.

6.15. Пәндерді зерделеу сол пән бойынша қарастырылған сағат көлемінде дәрістер, практикалық немесе зертханалық сабақтар жүргізу түрінде ағымдағы, аралық бақылау (аттестация), емтихан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Пәндер бойынша кредиттер егер оқу қорытындысы бойынша жақсы баға алғанда есептеледі.

6.16. Практиканың барлық түрлері бойынша қарыздарды жою жазғы семестр кезінде ақылы негізде олардың бағдарламасына сәйкес немесе егер бұл технологиялық жағынан мүмкін болса оқу жылында сабақтан бос уақытта жүзеге асырылады.

6.17. Егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттердің бес оқу пәнінен артық болмаса, көшіру және сол курсқа қайта қабылдау жүзеге асырылады.

6.18. Білім алушыны Университетке ауыстыру және қайта қабылдаудың міндетті шарты оның көлемі кемінде 15 кредит болатын жеке оқу жоспарына сәйкес бірінші академиялық кезеңді толық аяқтауы болып табылады.

Бұл ретте білім алушы қайта қабылдау кезінде оқудан шығару мерзіміне қарамастан оқудың кез-келген түріне, кез-келген мамандыққа және кез-келген ЖОО-ға ауыса немесе қайта қабылдана алады.



6.19. Білім алушыларды ауыстарғанда немесе қайта қабылдағанда оқу курсы пререквизиттер есебімен анықталады. Меңгерілген кредиттер бойынша қайта сынақ тапсыру сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеруге қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі.

6.20. Пәндер бойынша айырмашылықты анықтаған кезде қорытынды бақылау түрі бойынша айырмашылық есепке алынбайды.

Сынақ білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалаудың минимум D-дан (1,0; 50–54%) максимум А-ға дейінгі (4,0; 95–100%) ауқымдағы әріптік жүйесіне теңестіріледі.



6.21. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы семестр нәтижесін және алынған өту балын қоса есептегенде жазғы семестр қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жүзеге асырылады.

6.22. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру ректор бұйрығымен рәсімделеді.

6.23. Білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауыса алады.

Жеке ЖОО-лар үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша арнаулы орындарға, сонымен қатар бөлінген квоталар шегінде педагогикалық мамандықтарға оқуға түскен білім алушылар басқа ЖОО-ға ауысқанда білім беру гранты сақталмайды.



6.24. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын докторанттардың және магистрантардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысуына білім беру саласындағы өкілетті органның мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу арқылы рұқсат етіледі.

6.25. Білім алушының бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысу рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға тілек білдірген білім алушы өзі оқитын ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш жазады және мөрмен расталған ауысуға жазбаша түрде берілген келісімді Университет ректорына жолдайды;

2) Университет ректорының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор және офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипт көшірмелері; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер болса); өзі оқыған ЖОО басшысы атына өтініш (басшының қолы қойылған және мөр басылған) тіркелуі қажет;

3) факультет деканы ұсынылған құжаттар негізінде салыстыру ведомостісін жасау арқылы оқу жоспарындағы пәндер айырмасын анықтайды және меңгерілген пререквизиттарға сәйкес оқыту курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттер бойынша қайта сынақ өткізеді және Тіркеу бөлімімен келісілген білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

4) факультет деканының, ОПҰД директорының, оқу ісі жөніндегі проректордың қолына сәйкес ректор білім алушының ауысуы туралы бұйрық шығарады.

6.26. Университет ректоры бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін алу мақсатында жазбаша сұрату жолдайды.

6.27. Білім алушы бұрын оқыған ЖОО жетекшісі мұндай сұрату алған соң «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген анықтамамен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке ісін қабылдаушы ЖОО мекен-жайына жібереді.

Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студент билеті және жіберілген құжаттардың тізімі қалады.



6.28. Білім беру гранты негізінде білім алушыны басқа ЖОО-дан Университетке ауыстыру кезінде ректор білім беру саласындағы өкілетті органға және сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімгеріне ЖОО-ларды қаржыландыру көлеміне түзету жасау үшін білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрық көшірмесімен бірге оның атына жазылған білім беру гранты туралы куәік көшірмесін жібереді.

6.29. Білімі беру гранты бойынша білім алушыны басқа ЖОО-дан Университетке бір курсқа төмен қабылдау тек ақылы негізде ғана мүмкін.

6.30. Басқа ЖОО-дан Университетке ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен Университет арасында шарт жасасумен қоса жүреді.

6.31. Білім алушыны бір мамандықтан басқа мамандыққа, бір оқу түрінен басқа оқу түріне ауыстыру тек ақылы негізде білім алу үшін жүзеге асырылады.

6.32. Ақылы негізде білім алушыны бір ЖОО ішінде басқа мамандықтан және оқу түрінен басқасына ауыстыру шартқа сәйкес өзгертулерді енгізумен қоса жүреді және ректрдың бұйрығымен рәсімделеді.

6.33. Оқу жоспары пәндерінің академиялық айырмашылығын жабу тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен рәсімделеді және ағымдағы оқу жылында білім алушының жеке оқу жоспарына бекітіледі.

6.34. Ақылы негізде оқитын, оқу ақысын төлемеуі себепті оқудан шығарылған білім алушы қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт апта ішінде оқуына қайта кірісе алады.

6.35. Білім алушылар қатарына қайта қабылдану және оқу жоспары пәндерінің айырмашылығын жабу тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

6.36. Қайта қабылдану рәсімі келесі тәртіпте жүзеге асады:

1) білім алушы өз оқуын жалғастырғысы келетіндігі туралы тілегін білдіріп, Университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жазады. Қайта қабылдау туралы өтінішке анықтама тіркеледі (түпнұсқа);

2) факультет деканы ұсынылған Анықтама негізінде салыстырма ведомостін жасау арықылы оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығын анықтайды және меңгерілген пререквизиттарға сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізеді және тіркеу бөлімімен келісе отырып, білім алушының жеке оқу жосарын бекітеді;

3) институт директорының, ОПҰД директорының, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор қолына сәйкес Университет ректоры білім алушыны қайта оқуға алу туралы бұйрық шығарады.



6.37. Егер білім алушы басқа білім беру ұйымында оқуын қайта қалпына келтірген болса, білім алушы оқыған ЖОО-ның жетекшісі қабылдаушы жақтың жазбаша сұратуы негізінде өзіне Анықтама көшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студент билетін және жіберілетін құжаттар тізімін қалдыра отырып, білім алушының жеке ісін жібереді.

6.38. Білім беру гранты бойынша оқитын білім алушының оқу кезеңінде жүре болған ауру нәтижесінде сол мамандықта оқуға тыйым салу туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда, ол бір мамандықтан білім беру гранты бойынша бос орын бар басқа мамандыққа ауыстырылады.

6.39. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелдерде жеке пәндерді оқиды.

Бұл ретте ректор басқа білім беру ұйымдарындағы оқытылатын кредиттердің жоғары шекті санын анықтайды.



Жеке пәндер Қазақтан Республикасының білім беру ұйымдарында оқытылатын болса, білім беру ұйымдары арасында екі жақты шарт жасалады.

6.41. Жеке пәндер басқа білім беру ұйымдарында оқытылған жағдайда пән бойынша аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушы Университеттің сәйкес деканатына емтихан бағалары, пәндер бойынша қорытынды бағалар және меңгерілген кредиттер саны көрсетілген емтихан ведомостісін (немесе транскрипт) тапсырады.

6.42. Университет шетел ЖОО-ларымен серіктестікте ортақ білім беру бағдарламаларын іске асыруда серіктес ЖОО-да қазақстандық кредитттерге және ECTS-ке тең меңгерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге асырады.

7. Қосымша пәндерді зерделеу, академиялық қарыздарды және академиялық айырманы жою үшін оқуды ұйымдастыру

7.1. Алдыңғы оқу кезеңі үшін академиялық қарыздары немесе академиялық айырмалары бар, сондай-ақ қосымша пәндерді зерделеуді, пәндер бойынша бұрын алған бағаларын көтеруді қалайтын студенттер мен магистранттар, егер олар Университетте семестрлердің біреуінде, оның ішінде жазғы семестрде жүргізілсе, осы пәндер бойынша сабақтарға ақылы негізде қатыса алады және ағымдағы, аралық (аттестациялар) бақылаудан және аралық аттестациядан (емтихан) өтіп, академиялық қарыздарын жоя алады.

7.2. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол осы пәнге қайтадан жазылуы тиіс, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қайта қатысуы, ағымдық бақылау талаптарын орындауы, рұқсат алуға және мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруы керек.

7.3. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханда бағаны арттыру мақсатында жақсы бағаға қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

7.4. Егер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы оқу-жұмыс жоспарында көрсетілген кредиттердің қажетті санын алмаған жағдайда тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқуға құқылы. Оқу жылына арналған бір кредиттің құнын Университет жыл сайын белгілейді.

7.5. Келесі курсқа GPA бойынша көшірілген грант иегері-студент, егер академиялық қарызы болса, берілген пәнді ақылы негізде қайта оқуға және академиялық қарызды жоюға құқылы.

7.6. Егер академиялық қарызы болатын пән ағымдағы семестрде жүргізілмесе, онда осы семестрде сабақтан бос уақытында немесе жазғы каникул кезеңінде, оқу тілдері бойынша ұйымдастырылған топтардағы студенттер саны 15-тен кем болмаған жағдайда, берілген пән бойынша ақылы негізде оқу жүргізіледі, пәндердің жақындығы мен бейінділігі негізінде біріктірілген топтар құрылуы мүмкін.

7.7. Оқудың алдыңғы кезеңіндегі академиялық қарызды жою мақсатындағы студенттердің өтініштері және пәнді зерделеу бойынша ақылы қызметтер көрсету шартын сабақ басталуынан бұрын 1 аптадан кешіктірмей, Тіркеу бөліміне (бас корпус, 316-каб.) беріледі.

7.8. Білім алушылардың келесі категориясы қосымша оқу құқығына ие болады:

- алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы бар, соның ішінде емтиханға себепсіз келмегендер;

- қайта қабылдау, ауысу, академиялық демалыстан қайтып келу кезіндегі академиялық айырмашылықтары бар;

- қосымша оқытудан өтуге тілек білдіргендер.



7.9. Қайта қабылданған, ауыстырылған, академиялық демалыстан келген кезде академиялық айырмашылығы бар, сонымен қатар қорытынды бағаны көтеру мақсатында пәнді қайта немесе қосымша оқуға тілек білдірген білім алушылар үшін Тіркеу офисі егер олар Университетте семестрлердің бірінде, оның ішінде жазғы семестрде болса, сол пәндер бойынша ақылы негіздегі сабақтарды және ағымдағы, межелік (аттестаттау) бақылауды және аралық аттестаттауды (емтихан) ұйымдастырады.

7.10. GPA-ның белгіленген деңгейіне жете алмаған білім алушы ақылы негізде пәндерді жазғы семестрде қайта оқуға құқылы, бұл ретте қосымша оқу пәндері кредиттерінің жалпы көлемі семестр үшін 9-дан аспауы қажет.

7.11. Деканаттар қысқы және жазғы емтихан сессиялары мен практикалардың нәтижелері бойынша GPA-дан өткен, сондай-ақ қосымша пәндерді меңгерген білім алушылар үшін оқу жылы аяқталған соң және GPA-ның белгіленген деңгейіне жеткен студенттер үшін жазғы семестр аяқталған соң курстан курсқа көшіру туралы бұйрық жасайды.

7.12. Білім алушыларды қайта оқу курсына қалдыру және GPA-ның белгіленген деңгейін ала алмағандарды гранттан айыру туралы немесе жұмыс оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларынның талаптарын орындамаған бітіруші курс оқушылары үшін бұйрықтарды Тіркеу офисі факультет декандарының қызметттік хаттары негізінде келесі академиялық кезең басталғанға дейін жасайды.

7.13. Академиялық қарызы бар пән ағымдағы семестрде жүргізілмесе, осы семестрде сабақтан тыс уақытта немесе жазғы семестр кезеңінде оқыту тілі бойынша ұйымдастырылған топтарда студенттер саны 10 кем болмаса, осы пән бойынша ақылы негізде оқыту жүргізіледі.

7.14. Егер студенттер саны 10 кем болса және кафедрада басқа пәндер бойынша қарыздары бар студенттер болса, онда бірнеше жақын және бейінді пәндерден біріктірілген пәндер ұйымдастырылады.

7.15. Біріктірілеген курстар бойынша студенттерді оқыту, ағымдағы бақылаудан жене аралық аттестаттаудан өткізуді жетекші оқытушы кафедра әзірлеген және оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.

7.16. Біріктірілген курстарды жүргізетін оқытушыларды тағайындау оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың атына жазылған кафедра меңгерушілерінің қызметтік хаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

7.17. Басқа оқытушылардың біріктірілген пәндерді оқу, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін қандай да бір блоктарға бөлуі рұқсат етілмейді.

7.18. Оқытушы белгілі себептермен жоқ болған жағдайда аралық аттестаттауды кафедра меңгерушісінің қызметтік хаты негізінде оқу ісі жөніндегі проректор тағайындаған комиссия өткізеді.

7.19. Пәнді қосымша (қайта) оқыту, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін кафедра меңгерушісі пәннің жетекші оқытушысын белгілейді.

Студент саны 10 және одан артық топты жинаған кезде осы студенттерді оқытатын басқа оқытушыға жазылуға құқылы.



7.20. Оқытушы еңбекақысы, егер жүктеме оқу жылының ішінде орындалған жағдайда, сағаттық қордан төленетін жүктеменің басқа да түрлерін қоса есептегенде 225 сағаттан артық емес көлемде қосымша оқытудан түскен қаржы есебінен жүргізіледі.

7.21. Егер қосымша оқыту бойынша жүктемені оқытушы демалыс кезеңінде орындаған жағдайда, онда осы шектеу ректордың рұқсатымен алып тасталуы мүмкін.

7.22. Оқыту мерзімі академиялық күнтізбемен анықталады. Оқыту мерзімін ұзартуды факультет деканы өтініш және ұсынылған растайтын құжаттар негізінде Кредиттік технология ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

7.23. Қосымша оқытуды, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу графигін Тіркеу офисі әзірлейді, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді, факультет деканаттарына беріледі, кафедра стенділеріне ілінеді және Университет сайтында жарияланады.

7.24. Тіркеу офисі кафедраға қосымша оқыту ведомостісін емтихан күні графикке сәйкес береді. Ведомостілер Тіркеу офисіне емтихан материалдарын тексергеннен кейін 2 сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы қажет. Емтихан материалдары кафедрада келесі академиялық кезең бойы сақталуы керек.

7.25. Білім алушылар қосымша оқытудан өту кезінде сабақтардың барлық түріне қатысуға, пән бағдарламасымен қарастырылған ағымдағы және межелік бақылаудың тапсырмаларын орындауға және қорғауға міндетті. 50% төмен орташа бал жинаған жағдайда ол аралық аттестаттаудан өтуге жіберілмейді және ақшалай қаржы 3.5 және 3.6 пунктілерге сәйкес қайтарылмайды.

7.26. Студент қосымша оқытудан бас тартқан жағдайда 3.6 пунктісіне сәйкес өтініш негізінде білім беру қызметтері бағасына қайта есептеу жүргізеді.

7.27. Факультет декандары:

- студенттерге академиялық қарыздарды жою қажеттілігі туралы хабарлайды және шарттарды ресімдеген факультет студенттерін тілдер бойынша оқу пәндері жүргізілетін Университет мамандықтарының топтарына (бірнеше топтарға) жібереді;

- сол пән бойынша ағымдағы семестрде оқыту жүргізілмейтін, кафедраларының меңгерушілерімен бірлесіп, пәнді сабақтан бос уақытта, соның ішінде каникул кезінде, сенбі күндері зерделеу үшін студенттер топтарын құрайды (тілдер бойынша оқу 8 адамнан кем емес) және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректордың бекітуі үшін сабақ кестесін жасайды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет