Парменова гулбану ералиевна



бет2/2
Дата04.05.2017
өлшемі452,2 Kb.
#15514
түріДиссертация
1   2

2- кестенің жалғасы

IV. Картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан әзірленген тағамдар мен гарнирлер дайындау технологиясы

    1. Пісірілген көкөністерден әзірленген тағамдармен гарнирлер

4.2Бөктірілген пісірілген көкөністерден әзірленген тағамдар мен гарнирлер

4

2

2

4

V Балықтарды өңдеу

5.1.Қоғамдық орындарда пайдаланатын балық тұрлері

5.2.Балықтарды механикалық- аспаздық өңдеу

5.3.Қабыршақты балықтарды өңдеу(бөлу)

5.4. Қабыршақсыз балықтарды өңдеу


4

2




4

VI.Кейбір балық тұрлерін өңдеудің ерекшеліктері

6.1. Бекіре балықтарды өңдеу

6.2.Балық шала фабрикаттарын дайындау

6.3. Балық котлет массасы

6.4. Балықты тартымдар ұшін өңдеу

6.5. Өнеркәсіп және ірі кәсіпорындарындағы балық шала фабрикаты өндірісі



4

2

2

4

VII Тамақтық балық шығындарын пайдалану және өңдеу

7.1. Балық атаулары

7.2. Бөлшектердің тұрлері кезіндегі тамақтық шығындар

7.3. Шала фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар

7.4. Теңіз өнімдері


4

2

2

4

VIII Ет және ет өнімдерінен әзірленген тағамдарды әзірлеу технологиясы

    1. Ет өнімдерін пісіру

    2. Етті қуыру

    3. Бұқтырылған ет өнімдері

    4. Қақтап қыздырылып пісірілген тағамдар

    5. Шабылған еттен әзірленген тағамдар

4

2

2

4

IX. Котлет массасынан әзірленген тағамдар

9.1Жабайы жануарлар етінен әзірленген тағамдар



    1. Ет тағамдарының сапасына қойылатын талаптар

4

2

2

4

Х Ауылшаруашылық құстар мен жабайы қанаттылардан әзірленген тағамдарын әзірлеу технологиялары

    1. Піскен құс еті

    2. Қуырылған құс және жабайы қанаттылар

    3. Құстан әзірленген бұқтырылған таағамдар

    4. Құс пен жабайы қанаттылардан әзірленген тағамдарға қойылатын талаптар

4

2

2

4

ХI Сұзбеден әзірленген тағамдарды әзірлеу технологиялары

11.1 Сұзбеден әзірленген салқын тағамдар

11.2 Сұзбеден әзірленген ыстық тағамдар

11.3 Сұзбе тағамдарының қатырып мұздатылған шала фабрикаттары

11.4 Сұзбеден әзірленген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар


4


2


2


4

2- кестенің жалғасы


XII Қазақтың ұлттық тағамдары

    1. Жалпы түсінік

    2. Салқын тағамдар мен дәм татымдар

    3. Бірінші тағамдар

    4. Екінші тағамдар

    5. Қамырдан әзірленген тағамдар

    6. Қазақтың ұлттық дастархан мәзіріне енетін басқа да тағам тұрлеріне сипаттама

4

2

2

4




48

24

24

48

2012-2013 оқу жылында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік

университеті «Гуманитарлық-педагогикалық» институты, «Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының білімденушілерімен бірге 050120 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бірінші курстың 18 студентіне «Аспаздық практикумы» пәнінен жаңа бір мәтінді педагогтың алдын-ала түсіндіруінсіз оқып шығу тапсырмасы берілді. 18 білімденушінің ішінде бесеуі ғана жаңа материалды түсіне алды. Егер талапты жоғарылататын болса, он білімденушінің біреуі ғана өз бетінше кітаппен жұмыс істей алады: жаңа терминдердің мағынасын түсіндіру, ең бастыларын көрсету, жоспар немесе тезис құру, негізгі сұрақтарды айыра білу осы мәселе бойынша басқа әдебиеттерді пайдалану, негізгі ұғымдарды түсіне білу. Бірінші курс студенттері, тіпті жоғары курс студенттері де көп жағдайда жаңа кітапты оқуды неден бастауды білмейді, өздеріне таныс емес жаңа мақаламен жұмыс істеуге үйренбеген, жаңа терминдердің мағынасын айқындамай­ды, анықтамалықты пайдаланбайды, жаңа ғылыми мақала мазмұнын талдай алмайды, оқығандарын өмірмен, тәжірибемен ұштастыра білмейді. Бұл олар­дың орта мектепте өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерінің төмендігінен деп түсі­не­міз.

Біз зерттеу жұмысымыздың барысында технологиялық шеберліктің құралы ретінде қарым-қатынастың мазмұнына және оның оқыту үдерісіндегі алатын орнына назар аударуды жөн деп таптық. Өйткені оқу-тәрбие үдерісі бір тұтас болып табылады. Онда қарым-қатынас оқыту құралы қызметін атқарады.

Мамандар дайындау сапасын жетілдіру жолдарын іздестіру инновациялық үдерістерді дамытуға негіз болды. Мұның өзі оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін әзірлеуді, оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларын жасауды, оқытудың түбегейлі жеке құралдарын қолдануды қамтыды. Олар ғылыми-техникалық ілгерілеуге орай мол мүмкіндіктерге ие болуда. Соңғы жылдары инновациялар мақсатты бағытты жүргізіліп келеді және оқыту технологияларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Технологиялық шеберлік мазмұнын және оның құрамдарымен қалыптасқан деңгейлерін анықтау үшін №6 кәсіптік техникалық мектеп (қазіргі атауы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі) таңдалды. Оқу жоспары бойынша 3 - курстың V семестрінде 6 апталық 4 - курстың VII семестрінде 8 апталық педагогикалық іс-тәжірибе барысында айқындаушы эксперимент жұргізілді. Эксперимент жұмысы барысына (БТ) бақылау тобында 35, (ЭТ) эксперимент тобында 50 студент болды.



Айқындаушы эксперимент барысында екі топта да кәсіби сапа сипаттары, оның кәсіби аспаздық технологиялық шеберлікті қалыптастырудағы ролі жөнінде толық мәліметтер берілді. Эксперимент топта да зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болашақ мамандардың іс- әрекеттеріндегі кәсіби сапаның айқындық мазмұндық көріністеріне назар аудару қарастырылды.


6 Сурет - Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетінің кәсіби сапа

2 Сурет- Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетінің кәсіби сапа моделі жөніндегі салыстырмалы эксперимент деңгейлері
2 суреттегі көрсеткіштердің БТ және ЭТ деңгейлерінің әртұрлі (мысалы жоғары деңгей – БТ - 37,3; ЭТ - 39,6) болуы. БТ- білімденушілердің тұлға сапасының құрылымын нақтылы ұғына алмағанынан т.с.с.

Жоғарыдағы фактілерді анықтау мазмұны біздің зерттеуіміздегі технологиялық шеберлік деңгейлерін анықтау мен оларды қалыптастыру деңгейлеріне нұсқаулар жасауымызға мұмкіндік берді.

Технологиялық шеберлік мазмұнын жетілдірудегі кәсіби сапа көрсеткішін сауалнама нәтижесінде мектеп мұғалімдерімен жүргізілді. Десекте, біздің аталған кәсіби сапаны меңгеру мазмұны және оның құралы жөніндегі сұрағымызға нақты жауап болмады.
3 Кесте- Қарым-қатынас деңгейлері


Қашықтық жіктемесі

Нақты білемін

Меңгеремін


Нақты айту қиын

Меңгере алмаймын

Ештеңе білмеймін

Технология мұғалімінің пікіралмасудағы қашықтық (15-45см)

22,2


38,2


20,4


6,4


7,1


Технология мұғалімінің теориялық, тәжірибелік іс-әрекет барысындағы қашықтығы

20,1

25,9

30,4


7,1

9,8


Нұсқалық қашықтық

19,1

20,5

34,5

8,4

10,4

Барлығының жиынтық қашықтығы

(4м жоғары)


21,7

20,1

36,7

9,6

8,6



Бір- бірімен қарым-қатынастары арқылы олардың көрсеткіштерімен технологиялық шеберліктің қалыптасу деңгейлері педагогтың тарапында жүргізілді. Мұнда педагогтың кәсіби сапа моделінің әрбір көріністерінің педагогикалық үдерісте орын алуы әр түрлі мазмұнға ие болды.

3 Сурет- Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастырудағы кәсіби сапа моделі жөніндегі салыстырмалы қозғалысы

3 суретте БТ технологиялық шеберлікке бағытталған әрекеттерді қалыптастыруда тұлға сапа мазмұны мен оның өз іс-әрекеттеріндегі нақтылы сипаты берілгенімен, оларды қалыптастыру құралдары мен ұйымдастыру жолдары қарастырылмаған. Нәтижелері БТ жоғары деңгей 38,2, ЭТ-45, орта деңгей БТ - 40,4, ЭТ - 42,9, төменгі деңгей БТ- 21,4, ЭТ- 12,1.

Алынған нәтижелер негізінде байланысты эксперимент топтарындағы одан арнайы курсқа дейінгі және кейінгі педагогикалық мәдениеті ескерілетін моделін жасауға мұмкіндік беретін кәсіби сапа көрсеткішінің сауалнама нәтижесі анықталды (4 кесте, 4 сурет).


4 Кесте - Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастырудағы кәсіби сапа моделі жөніндегі сандық көрсеткіштердің қорытынды нәтижесі



Педаго

гикалық


тұлға сапа

лары


Дең гейлер

Саяси–идеялық сапасы

Моральдық сапасы

Инно

вация


лық сапалар


Іскерлік сапасы

Кәсіби психология

лық құрылымы



Кәсіби психофизиологиялық құрылымы

Сырт көрінісі

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

ЭТ

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кей

ін


дейін

кейін

І Жоғары


36,8

41,6

38,0

44,0

37,0

43,0

40,0

44,0

40,0

47,6

44,0

46,0

40,0

47,2

ІІ Орта


28,0

38,4

36,0

40,0

35,0

58,0

38,0

42,0

41,2

44,4

40,0

46,4

40,4

46,0

ІІІ Төмен



35,2

20,0

26,0

16,0

16,0

15,6

22,0

14,0

18,8

8,0

16,0

7,6

19,6

6,8




4 Сурет - Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін

қалыптастырудағы кәсіби сапа моделі жөніндегі қорытынды деңгейі
Арнайы курсты игергеннен кейінгі эксперименттік топтардан алынған көрсеткіштерде тұлға сапасындағы теориялық білімдерінің нақты жоғары және орта өсу деңгейінің жоғарыланғандығы анықталды. Арнайы курсқа дейінгі жүргізілген эксперимент нәтижелернің сандық көрсеткіштері жоғары деңгейдегі 39,5%, орта деңгей 37,6%, төменгі деңгей 22,9% болды. Арнайы курстан кейінгі эксперимент кезеңдеріне сай жоғары деңгей 45%, орта деңгей 42,9%, төменгі деңгей 12,1% болды.

Зерттеу жұмысы барысында технологиялық шеберліктің әдіс-тәсілі ретінде қарым-қатынастың мазмұнына және оның педагогикалық үдеріс ретінде алатын орнына назар аударғанды жөн деп санадық. Өйткені педагогикалық үдеріс бір тұтас болып табылады. Қарым-қатынас оқыту құралы қызметін атқарады.

Арнайы курсты игергеннен кейінгі эксперименттік топтардан алынған көрсеткіштерде тұлға сапасындағы теориялық білімдерінің нақты жоғары және орта өсу деңгейінің жоғарыланғандығы анықталды. Арнайы курсқа дейінгі жүргізілген эксперимент нәтижелернің сандық көрсеткіштері жоғары деңгейдегі 39,5%, орта деңгей 37,6%, төменгі деңгей 22,9% болды. Арнайы курстан кейінгі эксперимент кезеңдеріне сай жоғары деңгей 45%, орта деңгей 42,9%, төменгі деңгей 12,1% болды.

Оқытушы қызметін жаңа формада дайындау ол білім беру мақсатынан, білімденушілердің мүмкіндіктерінен оқыту формалары, әдістері мен құралдарын таңдаудан құралады. Мұның өзі оқытушының өзіндік таңдауы болып табылады. Эксперимент жүзінде – бұл ойлаумен жүзеге асатын шығармашылық қызмет. Бұл жұмыстарды оқытушы әдетте, оқу бағдарламасын және жұмыс бағдарламалары мен тақырыптық жоспарларды жасамай тұрып іске асырмайды.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның әлемдік үдерістегі кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімдердің кәсіби - педагогикалық дайындығымен тығыз байланысты, себебі педагогикалық әлеуетті іске асыру мүмкіндігі; білімденушілердің ерік-жігерінің жаңаша сипатының мүмкіндігі көп жағдайында тиімді оқыту жүйесіне байланысты болады.

Қарастырып отырған зерттеу жұмысымыз педагогикалық мәнде осы жоғарыдағы міндеттің мүмкіндігін табуға қызмет етеді. Зерттеу тақырыбы бойынша алынған нәтижелерді төмендегідей қорытындылауға болады.



  1. Білімденушілердің өзіндік жұмыстары арқылы технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастыру педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін педагогтың әрекеттері барысында көрініс табатын кәсіби сапа жиынтығы, негізгі түпкі мақсаты жеке тұлғада технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастыру ретінде көрініс тапты.

2 Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекет мазмұнын ұғымдық, және түсіндірмелік тұрғыдан анықтау мақсатында, «педагогикалық шеберлік», «кәсіби шеберлік», «технологиялық шеберлік» мазмұнындарына берілген анықтамаларға талдаулар жасалынып және олардың негізінде болашақ мамандардың педагогикалық кәсіби сапасы ретінде көрініс табатын анықтамасы айқындалды.

3 Технологиялық шеберліктің педагогикалық үдеріс барысындағы кәсіби шығармашылық сипатын жан-жақты талдау, зерттеу барысында болашақ мұғалімнің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетіне негізделген тұлғаның сапалық қасиетінің қалыптасуы «субъект-субъект» арасындағы қарым-қатынаста орын алатындығы анықталды.

4 Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған кәсіби әрекеттерін

қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.

5 Болашақ мамандардың кәсіби педагогикалық шеберлікке бағытталған әрекетінің

педагогикалық мәдениеті ескерілетін нобайы жасалынды, онда: болашақ

маманның технологиялық шеберлікке бағытталған әрекеті оның кәсіби сапасында

көрініс табатындығы айқындалды.

6 Білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін оқыту

үдерісінде қалыптастыруды ұйымдастыру, білімденушілердің өз бетінше жұмыс

істеу қабілетіне ұшталатын ұжымдық оқыту формасы ретінде орын алатындығы

дәлелденді.

7 Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін ұжымдық формасы негізінде ұйымдастыру

мүмкін болатын мазмұндары анықталды.

8 Кәсіби сапа мазмұны мен оларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Тұлғаның

маман ретіндегі кәсіби сапасы» атты арнайы курс мазмұны анықталып, оқу

үдерісіне ендірілді.

Қорытындылай келе, қазіргі білім беру мақсаты білім алып, білік пен дағдылануға қол жеткізу ғана емес, сол негізде жеке, қоғамдық және кәсіби біліктілікке – мәліметтерді өздігінен ізденуге, жан-жақты түсіндіру және тиімді пайдалану, жаңаша формада жұмыс істей білуге қабілетті мамандар даярлауы, олардың кәсіби сапаға негізделген технологиялық шеберлігі орын алатыны айқындалды.



Диссертация тақырыбы бойынша жариялаған еңбектер тізімі:

1 Технология пәнін оқытудағы инновациялық (жаңа) әдістер // Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011. -133-135 б.

2 Қосымша білім беру негізінде оқушылардың шығармашылық және кәсіптік дайындығы // Жоғары кәсіптік білімнің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2012. -89-91 б.

3 Студенттердің өзіндік жұмыстарының маңызы // Жалпыға ортақ Қазақстандық еңбек қоғамы: әлеуметтік-педагогикалық, экономикалық, инновациялық және құқықтық аспектілер: халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның материалдары. – Тараз: Жамбыл ГТУ, 2013. -345-347 б.

4 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру – өзектілігін жоғалтпаған мәселе // Уалихан оқулары – 17: халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның материалдары. –Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, 2013. -201-204 б.
Резюме

На соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности 6М012000- Профессиональное обучение (по отраслям)
Парменова Гулбану Ералиевна
Совершенствование технологического мастерства

будущих учителей через выполнение самостоятельной работы

Актуальность исследования. В настоящее время, когда современное общество стремится к мировой цивилизации, процесс обучения профессиональному мастерству требует нового содержания в системе образования. Технология кредитного обучения делает основной акцент на самостоятельную работу обучающихся. Вместе с тем выполнение самостоятельной работы способствует формированию профессиональных умений будущих специалистов. Благодаря этому будущим специалистам прививаются навыки выполнения творческой работы и развиваются такие качества, как требовательность к себе, активность в сфере интеллектуальной деятельности. Итак, исследование, теоретическое и практическое обоснование роли самостоятельной творческой работы в развитии будущих учителей является одной из актуальных проблем, требующих своего решения.

Цель исследования: научно обосновать роль самостоятельной работы в формировании технологического мастерства будущих учителей, разработать методические рекомендации.

Объект исследования: процесс обучения в высших учебных заведениях, направленный на формирование технологического мастерства будущих учителей через выполнение самостоятельной работы.



Предмет исследования: педагогические условия формирования технологического мастерства будущих учителей.

Научная гипотеза исследования. Теоретическое обоснование процесса обучения и создание научно-методической системы его реализации, направленной на формирование технологического мастерства будущих учителей, способствуют качественной подготовке специалистов. Данное положение основано методическими указаниями, разработанными с научной точки зрения.

Цели исследования:

- Определить теоретические основы формирования технологического мастерства будущих учителей с помощью выполнения самостоятельной работы;

- конкретизировать с терминологической и понятийной точки зрения содержание деятельности будущих учителей, направленной на формирование технологического мастерства,

- разработать методику деятельности, направленной на формирование педагогического, технологического мастерства будущих учителей.



Новизна исследования:

- систематизирована самостоятельная работа обучающихся, направленная с точки зрения качества профессиональной деятельности на формирование технологического мастерства будущих учителей;

- выявлены и конкретизированы с терминологической точки зрения компоненты «технологического мастерства»;

- определена на основе самостоятельной работы модель профессионального качества, учитывающая педагогическую культуру, разработаны содержание и методика формирования педагогического мастерства.



Практическая значимость исследования. На основе результатов исследования обучающимся на специальности 050120 – «Профессиональное обучение» предложены учебные программы и инструкции в соответствии со стандартами Государственного высшего профессионального образования. Впервые технологическое мастерство рассмотрено в соответствии с качественным содержанием личности. На этой основе была предложена с учетом педагогической культуры модель, основанная на технологическом мастерстве будущего педагога. С целью реализации данной модели была разработана и внедрена в учебный процесс программа «Профессиональное качество личности как специалиста».

Abstract

on thesis for academic degree of master of pedagogical sciences

on specialty 6М012000 - Vocational training
Parmenova E. Gulbanu

The improvement of technological skills of future teachers by means of the independent work
The relevance of the research. Nowadays, in the society that strives for the achievement of the world development, it is necessary to improve the skills of future specialists from the professional point of view. The main goal of the credit educational system is to pay a great attention to the independent work of students in the education process. Besides, the performance of the independent work is aimed at the impact on the development of the students as future specialists. Due to the independent work within the formation of future specialists, the creative work, the ability to make demands to himself, the actions directed to the mental activity are taken into consideration. Therefore, the study of the independent creative work as the development of future teachers as specialists, its theoretical and practical justification is of great importance.

The aim of the research: to justify the formation of actions aimed at the technological skills of future specialists by means of performance of the independent work from the scientific point of view and to develop the methodical recommendations.

The object of the research: the education process of the higher educational institution aimed at the performance of the independent work for the formation of technological skills of future specialists.

The subject of the research: the pedagogical conditions of the formation of actions aimed at the technological skills of future specialists.

The scientific prediction: If one can justify the actions aimed at the technological skills of future specialists by means of the independent work and develop the scientific and methodical system of their use, the professionalism of future specialists is proved; the possibility to develop the highly qualified specialists appears because the developed methodical recommendations are considered to be the basis from the scientific point of view.

The objectives of the research:

- to determine the theoretical bases of the formation of actions aimed at the technological skills of future specialists by means of performance of the independent work;

- to identify the content and the methods of the formation of actions aimed at the pedagogical technological skills which is based on the skills directed on the technological skills of future specialists.



The scientific novelty of the research:

- the formation of interactions aimed at the formation of actions aimed at the technological skills by - means of performance of the independent work was systematized on the basis of professionalism;

the components of “technological skills” were identified and clarified from the point of view of terminology;

-the model of professional quality of future specialists that includes the pedagogical culture based on the independent work was determined;



- the content and the methods of formation of technological skills were developed as well.

The practical significance of the research: due to the obtained results the recommendations and the educational programs on specialty 050120 – “Vocational training” were developed according to the state standard of higher vocational education of the republic of Kazakhstan. The technological skills in the quality content of the personality were considered for the first time. The model that takes into account the pedagogical culture of future teachers based on the technological skills was proposed on this basis. In order to implement this model, the program “The professional quality of the personality as a specialist” was made for the special course and it was introduced into the education process.


Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет