Педагогикалық ТӘжірибе есебі


Педагогикалық практиканың жеке жоспары



бет2/2
Дата05.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#130775
1   2
Байланысты:
Педагогикалы Т жірибе есебі

1 Педагогикалық практиканың жеке жоспары




р/с


Практика бағдарламасына сәйкес, орындауға (оқып-үйренуге) тиісті жұмыстардың тізімі

Практика бағдарламасын орындау мерзімдері

басы

соңы

1.

Практиканы өтуге қойылатын талаптармен танысу, бағыт-бағдар беруге бағытталған конференцияға қатысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысу.

01.09.2021

06.09.2021

2.

Университеттің, кафедраның басқару құрылымын, профессорлық - оқытушылық құрамның құқықтары мен міндеттерін анықтайтын нормативтік құжаттармен танысу (жарғы, ережелер).

01.09.2021


15.10.2021



3.

Жоғарғы оқу орнындағы білім беру процесінің құрылымымен және оқытушылардың есептік құжаттарды жүргізу ережелерімен танысу.

01.09.2021

06.11.2021

4.

Кафедраның оқу-материалдық базасымен танысу (білім беру бағдарламалары, пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары, аудиториялар, зертханалар және т.б.).

01.09.2021

06.11.2021

5.

Таңдалған оқыту курсының мазмұнымен және бағдарламасымен танысу.

13.10.2021

06.11.2021

6.

Аудиториялық сабақтардың барлық (лекция, практикалық сабақ, лабораториялық сабақ) түрінің құрылымымен танысу.

01.09.2021

15.10.2021

7.

Оқыту курсының жоспары және конспекттерімен танысу.
Оқыту курсына сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттерді таңдау және талдау.

13.09.2021

06.11.2021

8.

Бекітілген бакалаврлық топпен, кураторымен, жұмыс жасау жоспарымен танысу.

13.09.2021

06.11.2021

9.

Практика жетекшісінің, сонымен қатар басқа мұғалімдердің сабақ беру барысына көңіл бөлу және бақылау, үйрену. Ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақтау.

01.09.2021

07.11.2021

10.

Бекітілген мұғалімнің практикалық және лабораториялық сабақтарына қатысу.

13.09.2021

07.11.2021

11.

Бекітілген топқа практикалық немесе лабораториялық сабақтар жүргізу.

15.09.2021

21.11.2021

12.

Педагогикалық практика бойынша күнделікті және орындалған жұмыстар туралы есепті дайындау және қорғау.

30.11.2021

04.12.2021

2 Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеті

Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудегі педагогикалық практиканың мақсаты жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетке дайындық, жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру бойынша практикалық іс-әрекеттің дағдыларын бекіту, сонымен қатар арнайы пәндерді оқытуды енгізу, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, пән бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс болып табылады.


Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері болып:

  • оқу материалдарындағы ғылыми білімдердің құрылымы мен қайта құрылуының, пән материалдарының ауызша және жазбаша жеткізілуін, қазіргі білім беру технологияларының әртүрлерін, қойылған міндеттердің, жаттығулардың, тесттердің әдістерін және басқа да ғылыми-педагогикалық пен оқу-әдістемелік жұмыстырдың негіздерінің дағдыларын меңгеру болып табылады;

  • оқу-тәрбие мақсатын құру бойынша, қойылған педагогикалық міндеттерге байланысты білім алушылардың оқу іс-әрекетінің әртүрлі ұйымдастыру формасын пайдалануда сабақ түрлерін, типтерін таңдау бойынша іскерлік қалыптастыру; оқу іс-әрекетінің тиімділігін диагностикалау, бақылау мен бағалаудың дағдыларын меңгеру;

  • оқу материалын құрылымдау мен көрсетудің әртүрлі тәсілдерімен, оқу іс-әрекетін белсендендіру тәсілімен, жоғары мектептегі оқытудың кредиттік технология бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі принциптерімен, «студент-оқытушы» жүйесіндегі өзара әрекеттестіктің спецификасымен танысу.

Педагогикалық тәжірибеден өту барысында магистрант келесі дағдыларды игеруі керек:

  • оқу процесін жобалау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыстарды орындау;

  • аудиториямен сөйлесу және сыныпта шығармашылық атмосфера құру;

  • оқытушылық қызметте кездесетін қиындықтарды талдау және оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдау;

  • өзін-өзі бақылау және педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мен өзін-өзі бағалау.



3 Педагогикалық практиканы ұйымдастыру
3.1 Практикалық және зертханалық жұмыстарды дайындау және жүргізу

Семинарлар, тәжірибелік сабақтар әртүрлі формада жүргізілуі мүмкін: күні бұрын белгілі жоспар бойынша кеңейтілген әңгіме (берілген тақырып сияқты ғылыми мақала бойынша алдын ала қойылған сұрақтарды талқылауы мүмкін); семинарға қатысушылармен талқыланатын студенттердің кішігірім баяндамаларды; есептерді шығару.


Аталған сабақ түрлері бір-біріне өтуі мүмкін. Семинарлық немесе тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін оқытушы мына іс-әрекеттерді жүргізеді: - курс ішіндегі семинармен тәжірибелік сабақ орынын анықтайды; - межелік пәндер тақырыптарымен семинарлық, тәжірибелік сабақтың байланыстылығын анықтайды; - семинарлық, тәжірибелік сабақтың жоспарын құрастырады; - семинарлық, тәжірибелік сабақтық материалын таңдап алады; - семинарда шығып сөйлейтін өзінің сөз үлгісін жасайды. Семинарлық және тәжірибелік сабақ тақырыбын таңдай отырып, оның өзекті, әлеуметтік мәнді, семинар мен тәжірибелік сабаққа қатысушыларының мүддесіне және проблемаларына қатысты болуын ескерген жөн.
Семинарлық және тәжірибелік сабақ тақырыбы оқып үйренілетін пәннің оқу бағдарламасы аясында таңдап алынады. Семинарлық және тәжірибелік сабақ тақырыбы айқын, анық болуы керек, мүмкіндігіне қарай қысқа болып, семинарға қатысушылардың зейінін бұрып, қойылған проблема бойынша оларды ойландыратындай болуы керек.
Семинарлық және тәжірибелік сабақ жоспарын құру мына негізгі моменттерді жасуды енгізеді: - оқытушының кіріспе сөзі (берілген тақырыпты таңдауды негіздеу, оның өзектілігін көрсету, семинардың, тәжірибелік сабақтың мақсатымен мәселелерін анықтау); - талқылауға шығарылған сұрақтарды ойлау; - тыңдаушыларды белсендендіру тәсілдерін анықтау; - сайыс, пікір-талас шарттарын анықтау; - жалпы күшпен негіздеуі қажет негізгі ережелерді қалыптастыру; - талқылау барысында пайдаланатын көрнекті құралдарды ойластыру. Семинар мен тәжірибелік сабаққа қатысушыларға талқылауға салынатын сұрақтар алдын ала студенттерге оқытушымен жеткізіледі, өйткені оларға сабаққа дайындалуы керек. Оқытушылар алған білімдерін ғана емес өзі тауып алған жаңа ақпаратты да пайдалануға, тұрған мәселелердің оңтайлы шешімдерін шығармашылық ізденіске бағыттайды.
Семинарды өткізу оқытушының үлкен педагогикалық және ұйымдастырушылық шеберлігімен, өзінің әртүрлі білімдері мен эрудицияларын іскерлі пайдалана білуімен тығыз байланысты. Өзінің алғы сөзінде және қойылған сұрақтарға жауап берген соң, оқытушы жалпы тану ісіне өзінің үлесін қосу үшін зейіндік жұмысқа, қойылған проблемаға терең талдауға, мазмұнды, айқын, еркін және логикалық сөйлеуге, алдын ала жағдай жасайды. Оқытушы топты терең шығармашылық ұжымдық саналық еңбекке жолдастарының зейінін тыңдауға, мүмкін болатын белгілі бір пікір таласқа, әдепті өзара дұрыс шешімін табуға, бір-біріне сұрақтар қоюына баулиды. Егер семинар баяндамамен бірге өтетін болса, онда оқытушы күні бұрын оппонентті тағайындап қоюына болады; баяндамашыға сұрақтар қоюды ұсынады, баяндама сапасын, баяндамашының мәселелерді дәлелдеп баяндау іскерлігін, жолдастарымен қарым-қатынас жасауын, аудитория тәртібіне дұрыс көңіл аударуын бағалап сөйлеуге шақырады. Оқытушы семинар жұмысын шығып сөйлеушілердің сөзін зейінді тыңдауға, өзінің ескертулерін, түзетулерін, оларға қосымшаларын бақылауға, сабақ өтуін түзетуге бағыттап отыруы керек. Студенттердің сипаттамалық қасиетін (коммуникабельділігі, өзіне сенімділігі, қауіптілігі) ескере отырып, оқытушы пікір-таласты басқарады, әрі рөлдерді үлестіреді.
Семинардағы сұрақтар психологиялық жағынан студенттердің тану белсенділігін қоздырғыш болады да, «білемін не білмеймін арасындағы шекте тұратын ойдың ерекше түрін» құрайды. Сұраққа жауап саналы ойды тудырады жадының жай ғана жұмысын тудырмайды; әйтпесе, зияткерлік ізденіс атмосферасын ұстау үшін және студенттердің танып білу қабілеттерін дамытуға қажетті ақыл-ойы жойылады. Студенттердің қызығушылығын тудыру және өзінің көзқарасын айту қажеттілігі, проблемаларды талқылау кезіндегі өзінің ойын белсенді білдіру студенттердің өзінің сенімділігін қалыптастырады.


4 Педагогикалық практиканың құрылымы мен мазмұны

Пән: Қашықтықтағы деректер базасын жобалау \


Сабақ түрі: Лабораториялық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Транзакцияларды басқару
Сабақтың мақсаты: MySQL-де транзакциялардың механизмін зерттеу
Қарастырылатын сұрақтар: Транзакция, транзакция командалары және транзакцияларды оларды басқару
Сабақтың барысында жасалған лабораториялық жұмыс:

  • транзакция жасау, кері қайтару және оны орындау;

  • зертханалық жұмыс бойынша есеп беру.

Сабақты өткізу кезінде студенттерге тразакция және транзакцияларды басқару туралы жалпы түсінік айтылды. Транзакция басқару командаларымен танысты. Лабораториялық жұмысты силлабус бойынша жасады.



Студенттерге сабақ түсіндіру барысы





Лабораториялық жұмысты тексеру



Сабақтың соңында студентерді бағалау және оқытушымен сабақ туралы кеңесу


Қорытынды

Магистранттың педагогикалық практикасы жоғары оқу орнында әртүрлі пәндерді оқыту әдістерін игеру және оқытушылық дағдыларды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды. Педагогикалық практикадан өту барысында магистрант Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жасанды интелект» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының дәріс және практикалық сабақтарына қатысып,білім бағдарламасына сәйкес оқытылатын пәндердің оқыту әдістемелерімен, оқу үдерісінде қолданылатын әдістемелік жабдықтарымен танысылды.


Педагогикалық практиканың жоспары толығымен жүзеге асырылды. Барлық алға қойылған мақсаттар мен міндеттер жүзеге асты.
Практика барысында сабаққа арналған жұмыс жоспарын нақты жасап, уақытты ұтымды бөліп, сабақ барысында студенттердің ынтасын арттыру және аудиториямен қарым-қатынасты құруды үйрендік. СӨЖ ұйымдастыру, оқу сабақтарын өткізудің оңтайлы педагогикалық әдістерін таңдауды, өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыруды үйрендік.

Қолданылған әдебиеттер



  1. Закон Республики Казахстан Об образовании (с изменениями и дополнениями по состоянию на 09.01.2012 г.)

  2. Панина Т.С., Вавилова Л.Н. Современные способы активизации обучения. – М.: Академия, 2007. –176 с.

  3. Шевчук, Е.В. Интеллектуальные информационные системы: учебно-методическое пособие / Е.В. Шевчук, А.В. Шпака.- Алматы: Эпиграф, 2016.- 137, [1] c.: ил., табл. 

  4. Джарратано, Д. Экспертные системы: принципы разработки и программирование : пер. с англ. / Д. Джарратано, Г. Райлт. – 4-е изд. – М. : ООО «И.Д. Вильямс», 2007. – 1152 с.

ҚОСЫМША А


START TRANSACTION;
SELECT balance FROM checking WHERE customer_id = 10233276;
UPDATE checking SET balance = balance - 200.00 WHERE customer_id = 10233276;
UPDATE savings SET balance = balance + 200.00 WHERE customer_id = 10233276;
COMMIT;


.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет