Р. А. Қадырқұлов, У. А. Ғайыпбаева


-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды



бет5/28
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#121248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Informatika Metodika 5 kl Kaz

5-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:


  1. «Компьютердің құрылғылары». Ақпараттық цифрлық тасымалдаушылар;

  2. «Компьютерлік желілер». Ортақ файлдармен жұмыс (орналастыру, редакциялау, жүктеу);

  3. «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты әртүрлі объектіде ұсыну: байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштар. Мәтіндік ақпаратты кодтау. Ақпараттың екілік көрінісі;

  4. «Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру». Мәтіндік редактор: беттің параметрлері, алдын ала қарау. Компьютерлік графика: растрлық кескіндерді жасау және өңдеу, векторлық суреттер жасау және өңдеу, растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері;

  5. «Программалау». Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау. Роботты көрсетілген градусқа бұру. Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигі. Нысанды табуға арналған ультрадыбыстық датчик;

  6. «Роботтехника». Роботты анықтау. Робот түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салалары. Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктерінің мысалдары. Гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципі;

  7. «Денсаулық және қауіпсіздік». Қауіпсіздік ережелері. Біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы. Құжаттарға арналған пароль.



Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер





  1. Қазіргі заманда сенімді, жауапты және зияткер тұлға болу қағидасы тұрғысынан алғанда оқушылардың өз-өзінен «оқуы» және жұмыс істеуі, қызығуы білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

  2. Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, мұғалімдерден оқушылардың бойында төмендегі қасиеттерді тәрбиелеуі және дамытуы күтіледі:

  • оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және оның бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;

  • тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

  • модельдеу және есептердің шешімін табу мысалдары арқылы оқу материалын оқушыға түсінікті тәсілмен көрсету;

  • оқыту барысында «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушыларды қолдау;

  • есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу іс- әрекеттерін ұйымдастыру.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет