Радиоактивтілік



бет2/2
Дата31.05.2020
өлшемі1,62 Mb.
#71880
1   2
Байланысты:
Радиоактивтілік

Сәулелік ауру

Радиацияға қарсы қоғаныс. Медициналық көмек көрсету

Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдырын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиоактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың мағызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек. “Радиоактивті зақымдану” дабылы берілген жағдайда жеке қорғаныс заттарын,дайындалған азық-түлік пен су қорын алып паналау ғимараттарына тығылу қажет [6].

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары 

АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі — 90*100*20 мм, массасы – 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:

1-ұя – резервтік, ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті ( 2% промодел ерітіндісі – 1мл) салуға арналған.

2-ұя – қызыл түсті пеналды, фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткасы (тарен, 6 таблетка).

3-ұя – үлкен түссіз пеналды, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2 (әрқайсысы 0,2 гр сульфадиметоксидінің 15 таблеткасы).

4-ұя – ақ қызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1 (әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин).

5-ұя – екі ақ пеналдағы кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 1.

6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2 (йодты калий – 0,125*10 таблетка).

7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек (этаперазин – 0,006 гр 5 таблетка) ]10].

АИ-4 медициналық қобдишасы АИ-2 қобдишасының базасы болып табылды. Оның құрамы мен қолдану принципі АИ-2 қобдишасымен сәйкес болып келеді. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар.Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапефтік препараттар (аспирин, седальгин, аммияк, бесалол, валидол, нитроглицирин, папазол, диазол, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар ( бриллианттық жасыл, калий пермаганат, деринат, левоменол немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицитті жабысқыш, бинт) [10].

Құтқару жұмыстары


  • көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;
  • жолдағы немесе апат орындағы өрттің жайылуына жол бермеу;
  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
  • оларды шғыару;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандарды, су басқан аудандардан көшіру;
  • адамдарды олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;
  • территорияны, құрылыстары, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет