Құрал-жабдықтар Мақсаты


Дәннің толысуы және пісуі



бет12/12
Дата23.08.2020
өлшемі146,54 Kb.
#76670
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
папка 1
акон 24 07
Дәннің толысуы және пісуі

Дәннің пісіп-жетілуі көптеген жағдайда, оның ішінде ауа райынатопырақтың гранулометриялық құрамына және басқаларға байланысты. Дәннің пісіп-жетілуін үш кезеңге бөледі: Сүттеніп пісу кезеңінде дән жұмсақ, түсі жасыл, іші сүт тәрізді қоймалжың затқа толы, дәннің ылғалдылығы 50% болады; Қамырланып пісу - дәннің эндоспермасы балауызданады, оған тырнақпен із қалдыруға болады, дәннің ылғалдылығы 30%-ға дейін; Толық пісу кезінде дән эндоспермасы қатты, оны бөлгенде іші ұн тәріздес немесе шыны түсті. Дәннің ылғалдылығы ауа райына байланысты 14-22% аралығында болады.

Қазақстандағы астық дақылдарының сорттары

Қазақстанда дәнді дақылдардың, жармалық және бұршақ дақылдарының республика селекционерлері шығарған 70-астам сорты мен гибриді аудандастырылған. 1980-1984 жылдары күздік бидайдың 10, күздік қарабидайдың 3, арпаның 3, сұлының 2 сорты, жүгерінің 9 гибриді, күріштің 4, тарының 6, қарақұмықтың 1 сорты шығарылды. Олардың ең бастылары - "Қызыл жұлдыз", "Красноводопадская - 210", "Богарная 56", "Алматы аласасы", "Оңтүстік Қазақстан 43", "Қазақстан 126", "Қызылбас", "Шортанды 25", "Қазақстан 3", "Целинный 20", "Қазақстан 4", "Целинный 21", "Қарағанды 2", "Эритроспермум 74", "Целинный 5", "Бәйшешек", "Қазақстан 43 ТВ", "Қазақстан 367", "Қазақстан С 4", "Қазақстан 5 ТВ", "Үштөбе"[2].



  • "Қызыл жұлдыз" - күздік бидай сорты. Красноводопад мемлекеттік сорт сынау стансасы шығарған. 1954 жылы ЖамбылШымкент облыстарында аудандастырылған. Ертелеу пісетін сорт. Дән түсімі гектарына 12-25 цҰны мен қамыры жоғары сапалы. Көбіне жұқпалы ауруларға шалдықпайды.

  • "Красноводопадская - 210" - күздік бидай сорты. 1976 жылы Шымкент облысында аудандастырылған. Ерте пісетін бағалы сорт. Дән түсімі гектарынан 22-25 ц. Аса бағалы сорттар тізіміне енгізілген.

  • "Богарная 56" - күздік бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1984 жылы Жамбыл облысында аудандастырылған. Ертелеу пісетін сорт. Дән түсімі гектарынан 24-27 ц. Күшті бидай қатарына жатады. Жұмсақ бидай ұнының сапасын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе ауру жұқпайтын, түрлі зиянкестерге төзімді бидай.

  • "Алматы аласасы" - күздік бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1980 жылы Шымкент облысында аудандастырылған. Дән түсімі гектарынан суармалы жерде 80-90 ц., жартылай тәлімі жерде 50-55 ц. Аса бағалы бидай қатарына жатады. Өсімдік аурулары жұқпайтын, түрлі зиянкестерге төзімді бидай.

  • "Оңтүстік Қазақстан 43" - күздік арпа сорты. Красноводопад мемлекеттік сорт сынау стансасы шығарған. 1982 жылы Шымкент облысында аудандастырылған. Ерте пісетін сорт. Дән түсімі гектарынан 24-39,6 ц. Жармасы өте сапалы. Өсімдік аурулары жұқпайды.

  • "Қазақстан 126" - жаздық бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1955 жылы АлматыТалдықорған облыстарында аудандастырылған. Дән түсімі гектарынан 35-45 ц. Бидай тұқымын жақсартатын күшті бидай қатарына жатады.

  • "Қызылбас" - жаздық бидай сорты. Қарағанды ауыл-шаруашылығының тәжірибе стансасы шығарған. 1963 жылдан ҚарағандыПавлодар облыстарында аудандастырылған. Кештеу пісетін сорт. Дән түсімі гектарынан 10-13 ц.

  • "Шортанды 25" - жаздық бидай сорты. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1975 жылдан Торғай облысында аудандастырылған. Ертелеу пісетін сорт. Дән түсімі гектарынан 12,3-28 ц. Күшті бидай қатарына жатады. Әдетте ауруға шалдықпайды.

  • "Қазақстан 3" - жаздық бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1979 жылдан АлматыТалдықорған облыстарында аудандастырылған, суармалы жерге өседі. Дән түсімі гектарынан 36-40 ц., кейде 65-66 ц.

  • "Целинный 20" - жаздық бидай сорты. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1979 жылдан Шығыс Қазақстан облысында аудандастырылған. Кешірек пісетін бидай. Дән түсімі гектарынан 13,2-24 ц. Дәні өте жылтыр, мөлдір.

  • "Қазақстан 4" - жаздық бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1980 жылдан АлматыТалдықорған облыстарында аудандастырылған, суарылмайтын және тәлімі жерлерде егіледі. Дән түсімі гектарынан 11,5-12,8 ц. Күшті бидай қатарына жатады. Ауру жұқпайтын, зиянкестерге төзімді.

  • "Целинный 21" - жаздық бидай сорты. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған.1980 жылдан СемейПавлодар, Целиноград(Ақмола облысы), Көкшетау облыстарында аудандастырылған. Кеш пісетін күшті сорт. Дән түсімі гектарынан 13,0-40,9 ц.

  • "Қарағанды 2" - жаздық бидай сорты. Қарағанды ауыл-шаруашылығының тәжірибе стансасы шығарған. 1980 жылдан Павлодар облысында аудандастырылған. Кешірек пісетін бидай. Дән түсімі гектарынан 16,1-25,7 ц.

  • "Эритроспермум 74" - жаздық бидай сорты. Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы мен Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1982 жылдан Ақтөбе облысында аудандастырылған. Табиғаты қатал, шөлейт алқапта гектарынан 10,1ц. дән алынады.

  • "Медикум 8955", Целинный 5", "Бәйшешек"- жаздық арпа сорттары. "Медикум 8955"- сорты сыра қайнату үшін пайдаланылады.

  • "Қазақстан 43 ТВ", "Қазақстан 367", Қазақстан С4" - жүгері гибридтеріҚазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. Дән өндіру және сүрлем дайындау мақсаттарымен егілетін сорттар. "Қазақстан 5 ТВ"- жүгері гибриді, көктей орылатын сорты.

  • "Үштөбе" - күріш сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты Қаратал тәжірбие егістігінде шығарылған. Таза күріш түсімі 70%. Бөрту коэффиценті жоғары. Жел өтіне төзімді.

Астықты дәнді дақылдардың шаруашылықтағы маңызы

Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тамақ өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады. Бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері азық-түлікке пайдаланылып, олардан түрлі тағамдар жасалса, сонымен қатар олардың кейбіреуі құнарлы мал азығы. Бірқатар дәнді дақылдар - тамақ өнеркәсібі үшін шикізат қоры. Арпа - сыра, жүгері спирт өндірісінде пайдаланылады. Осындай жан-жақты пайдаланылатын болғандықтан, оларды Қазақстанның барлық аймақтарында өсіреді.



Дереккөздер

  1.  Агрономия негіздері (авторлар: ЖаңабаевҚ., Арыстанғұлов С.) Астана - 2010. 352бет. ISBN 978-601-292-059-8

  2.  ҚазССР. Қысқаша энциклопедия - 2-том. Алматы - 1987.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет