Құрастырушы Ораз а-«Функционалдық сауаттылық қазіргі білім берудің мақсаты және нәтижесі ретінде»,2023 жыл 20 бет



бет16/17
Дата05.09.2023
өлшемі2,42 Mb.
#180264
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық
Годовой отчет, Өндірістік (педагогикалық) практика
13-тапсырма
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады? Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.


География сабағынан функционалды сауаттылықты қалыптастыратын тапсырмаларын құрастырып, сабақта
қолдану арқылы оқушылардың географияға деген
қызығушылығының артуына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар мәтінді көзбен жүгірту арқылы басты элементті анықтауға, ізденіс аймағын тарылтуға, қажет ақпаратты ажырата алуға ықпал етеді. Мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру, автор ой түйінінен қорытынды шығаруға, мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасап өз ойын зерделеуге, әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстырып, басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру арқылы бағалауға, түсінуге дағдыланады.
Сонымен қатар, ойлау тапсырмаларын орындау барысында пәнаралық ақпаратты тарту бағдарламалық материалды терең және мағыналы меңгеруге ықпал етеді, оқушылар құбылыстар, процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың практикалық іскерліктерін меңгереді және жетілдіреді. Бұл ретте фактілерді, теорияларды, заңдарды ұғынуға, география, физика, химия, биология, экология бойынша алған білімдерін нақтылау және тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
География сабағынан функционалды сауаттылықты қалыптастыратын тапсырмалары мұғалімге бір уақытта бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
оқушылардың жазбаша құзыреттілігінің даму деңгейін бағалау, яғни оқушы мәтінде қаншалықты түсіну және одан қажетті ақпаратты ала алады;
пән білімі мен біліктілігінің даму деңгейін бағалау;
- жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын дамыту деңгейін бағалау (интеллектуалдық, танымдық, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениеті т.б.).
- қазіргі әлемде табысты бейімделу үшін қажетті білім алу және қызмет тәсілдерін таңдау қабілетін бағалау, яғни стандартты емес жағдайларда нәтижелі әрекет ету;
- зерттеу құзыреттілігін дамыту арқылы пәнге танымдық қызығушылықты қалыптастыру;
— әр оқу пәні мен жалпы білім беруге қатысты оқушылардың прогресін салыстыруға ықпал етеді;
— ағымдағы және күтілетін нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды төмендету жолдарын анықтайды.
Осы аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан-жақты ізденістегі шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етпек. Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға айқындауға жол ашылады деп білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет