Республикалық балалар оқулары байқауын өткізу ережесі астана қаласы


сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды»



бет2/8
Дата05.09.2023
өлшемі69,6 Kb.
#180287
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2. Байқау ЕРЕЖЕСІ

9 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» романы).
10 сынып – «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар (Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер 2. Жанталас» романы және Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» романы).
Байқауды іске асыру тетіктері:

  1. 2023 жылғы мамыр-тамыз айлары аралығында республикалық балалар оқулары байқауының ұйымдастыру жұмыстары жүргізу және байқауға дайындалу үшін оқушыларға кітаптардың сілтемелер тізімін іріктеп, жолдау.

  2. 2023 жылғы мамыр-маусым айында республикалық байқау туралы ақпаратты БАҚ-та және ресми әлеуметтік желілерде жариялау.

  3. 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін орта білім беретін мектептер арасында І кезеңді (аудандық/қалалық) ұйымдастыру.

  4. 2023 жылғы 20 қазанға дейін кемінде 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалалар арасында II кезеңді (облыстық/қалалық) өткізу. Нәтижесінде кемінде 17 облыс пен 3 қалалық (жалпы 20 өңір) жүлдегерлерді анықтау.

  5. 2023 жылғы 30 қараша дейін байқаудың қорытынды (республикалық) IІІ кезеңін өткізу. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлерді анықтап, марапаттау.

  6. 2023 жылғы 30 қарашаға дейін байқаудың салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастыру.



І кезеңнің (аудандық/қалалық) өткізілу тәртібі


1. Әрбір аудан/қала бойынша кемінде 50%-дан астам орта білім беретін мектептер қамтылуға тиіс.
2. Байқаудың аудан, қала ұйымдастырушылары:
2.1. І кезең қатысушыларының тізімін бекітеді.
2.2. Байқауды өткізу үшін орталық алаңды (мектепті) дайындауды жүзеге асырады. Байқауды өткізуге арналған кабинеттер мен марапаттау рәсіміне арналған акт залын әзірлейді.
2.3. Қазылар алқасының құрамын анықтайды. Қазылар алқасының құрамына «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалімдер мен жоғары білікті әдіскерлер кіреді. Байқаудың төрағалары аудандық, қалалық ішкі саясат, білім бөлімінің өкілдері, басшылары және ата-аналар комитетінің төрағасы болуға тиіс. Қазылар алқасының құрамына байқаудың бұл кезеңіне қатысатын оқушылардың мұғалімдері кірмейді. Қазылар алқасының құрамына кемінде 3 адам кіреді (тақ сан).
2.4. Байқаудың қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді және
ІІ кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 оқушыны анықтайды
(8 сыныптан 1 оқушы, 9 сыныптан 1 оқушы, 10 сыныптан 1 оқушы).
2.5. Жүлдегерлерге диплом немесе алғыс хат әзірлеуді іске асырады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы – І орынға, 2 оқушы – ІІ орынға, 3 оқушы – ІІІ орынға ие болып, дәрежелі дипломдар мен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталады.
2.6. Қорытынды хаттама әзірлейді (2-қосымша) және республикалық ұйымдастыру комитетіне қажетті есептерді жолдайды (3-қосымша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет