С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Сөйлемдегі қарамен жазылған сөз қандай қызмет атқарып тұр



бет8/8
Дата13.11.2016
өлшемі2,02 Mb.
#1627
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

49. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөз қандай қызмет атқарып тұр.

Базардағы тазалықты қатаң қадағалау керек.

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б) анықтауыш

в) толықтауыш

г) пысықтауыш

50. Сөйлемді аяқтаңыз.

Денсаулықты нығайтуда ауа мен судың маңызы зор екенін ..... ..... .

а) ежелгі грек дәрігерлері атап өткендер

ә) бұрынғы кездегі дәрігерлер

б) үлкен шаһарлардағы ғұламалар

в) ерте заман адамдары да білген

г) ағзаға таза ауаның әсерін

51. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Іш киім мен сырт киімді отыру керек ауыстырып.

ә) Орта мектепті жылы өткен бітірдім.

б) Қазір медицина университетінде оқып жүрмін.

в) Университетте ұнайды оқу маған.

г) Мен болашақ дәрігерсің.



52. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Әке-шешем Семей қаласында тұрады.

ә) Асан зауытта жұмыс істейді.

б) Сіздің үйіңіз қай көшеде.

в) Бала ұйықтап жатыр.

г) Сабағым сағат бесте аяқталады.



53. Дұрыс аударылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) живые клетки –тірілер жасушалар

ә) здравоохранения – денсаулықты құрту

б) окружающая среда - ортадан жоғары

в) уровень дохада – табысы жоғары

г) осуществлять - жүзеге асыру



54. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауыру белгісі байқалды қашан?

ә) Қызуыңызды өлшедіңіз ба?

б) Қашаннан бері ауырады сен?

в) Жүрегіңіз айнып, көзіңіз қарауыта ма?

г) Дәрілер іштіңіз кімге?



55. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Атап көрсеткен ежелгі грек дәрігерлері.

ә) С.Мұқанов – қазақтан көрінекті жазушысы.

б) Медицина ғылымы қарқындың дамуда.

в) Халық медицинасы – халықтың ғасырлар бойғы жинаған тәжірибесінің жемісі.

г) Тазалық – денсаулыққа кепілі.



56. Сын есімнің күшейтпелі шырайы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Көкөніс сақталатын қойманың іші құрғақ болуы тиіс.

ә) Тым ыстық тағам да денсаулыққа зиянды.

б) Тоңазытқышта тамақ ұзағырақ сақталады.

в) Қазақстанның шығысы – таулы аймақ.

г) Аралдың құрғауы ол аймаққа зиянын тигізуде.



57. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұрын баспамен ауырып па едіңіз?

ә) Қайсы асханамен тамақтандыңыз?

б) Сенің болды қанша сағатыңыз?

в) Сағатыңыз болды неше?

г) Жұмысқа сағат барасыз нешеде?



58. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Между организмом и внешней средой постоянно происходит обмен веществ.

а) Ағза мен сыртқы орта арасында үнемі жүріп тұрады зат алмасу.

ә) Ағза мен сыртқы орта арасында жүріп тұрады үнемі зат алмасу.

б) Ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу үнемі жүріп тұрады.

в) Ағза мен үнемі сыртқы орта арасында зат алмасу жүріп тұрады.

г) Ағза мен сыртқы үнемі орта арасында зат алмасу жүріп тұрады




Жағдайлық есептер
1. Мектеп асханасының санитарлық жағдайын тексеруге келдіңіз. Мекеме басшысымен қалай әңгімелесесіз?

2. Демалыс күні «Медеу» мұз айдынында болдыңыз. «Медеудің» әсем табиғатын сипаттап беріңіз.

3. Бала бақшада балалар гигиенасы туралы баяндама жасаңыз.

4. Алматы қаласының көрікті жерлерін сипаттап беріңіз.

5. Күнделікті қалай тамақтанатыныңыз туралы айтып беріңіз.

6. Ретсіз тамақтанудың зияны туралы айтып беріңіз.

7. Жазда жайлауда болдыңыз. Қымызды қалай дайындағанын көрдіңіз. Әңгімелеп беріңіз.

8. Өзіңіз болашақта отбасыңызбен қандай үйде тұрғыңыз келеді? Әңгімелеңіз.

9. Топтарыңызбен тауға демалуға барасыздар. Қандай азық-түлік алатындарыңыз туралы ақылдасыңыздар.

10. Сіз Арал теңізі және Балқаш көлінде болдыңыз. Алған әсеріңізді әңгімелеңіз.

11. Қайда демалғыңыз келеді? Ол жерді неге таңдадыңыз?

12. Арал маңындағы ауылда болдыңыз. Ауылдың экологиясы туралы айтып беріңіз.

13. Базардың санитарлық жағдайын тексеруге бардыңыз. Сатушылармен қалай сөйлесесіз.

14. Бір асханада адамдар уланған. Сіз тексеруге келдіңіз.

15. Қоғамдық тамақтану орындарының біріне барып, тамақтардың қалай сақталып тұрғанын тексердіңіз. Қалай әңгімелесесіз.

16. Індет шыққан ауылға барып тексеру жұмысын жүргіздіңіз.

17. Қалада тұмау індеті өршіп тұр. Індетке қарсы қандай іс-шара қолданасыз?

18. Шет елден келген мейманға қазақтың ұлттық тағамдары туралы айтып беріңіз.

19. Басқа ЖОО-да оқитын досыңызбен кездесіп қалдыңыз. Өз оқу орныңыз туралы айтып беріңіз.

20. Университет кітапханасына барып, қажетті кітапқа тапсырыс беріңіз.

21. Ауылда ауыз су мәселесі шешілмеген. Сіз тексеруге келдіңіз.

22. Дүкеннің санитарлық жағдайын тексеруге келдіңіз. Сіздің іс-әрекетіңіз қалай болады?

23. Емдеу мекемелерінің санитарлық жай-күйі туралы хабарлама жасаңыз.

24. Қазақстандағы емдеу-сауықтыру орындары туралы не білесіз?

25. Семей полигоны аймағындағы ауылда болдыңыз. Аймақтың экологиялық жағдайын сипаттаңыз.

26. Мұнай орындарын тексеруге бардыңыз. Кемшіліктерді сипаттап айтыңыз.

27. Арал аймағының тұрғындарымен кездестіңіз. Аймақтың ахуалын сипаттап беріңіз.

28. Жеке бастың гигенасы туралы студенттермен сұхбат өткізіңіз.

29. Тұрғын үйдің құрылысы сізді қанағаттандырмайды. Қандай ұсыныстар айтасыз?

30. Әскери бөлімшеде болдыңыз. Көрген кемшіліктеріңізді сипаттап айтыңыз.

31. Студенттер асханасында болдыңыз. Қандай кемшіліктер байқадыңыз?

32. Өскеменнің өндіріс орындары қаланың экологиясын бұзуда. Кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіңіз.

33. Өндіріс орнының асханасындағы азық-түліктің сақталуын тексеріңіз.

34. Базардың тамақ өнімдері сатылатын бөлімдерін тексеріңіз.

35. Ой еңбегімен айналысатын адамға тамақтану туралы қандай кеңес бересіз?

36. Қоғамдық көліктердегі санитарлық нормалар туралы ойыңызды айтыңыз.

37. Дене еңбегімен айналысатын адам қалай тамақтануы керек?

38. Салауатты өмір салты туралы баяндама жасаңыз.

39. Ауа арқылы таралатын аурулардан сақтану туралы хабарлама жасаңыз.

40. Іш ауруларынан сақтану туралы кеңес беріңіз.

41. Қоршаған орта мен экологияны жақсартудың жолдарын көрсетіңіз.

42. Қазақтың сүттен жасалатын тағамдары туралы шетелдік қонаққа айтып беріңіз.

43. Ет тағамдарының сақталуы туралы айтыңыз.

44. Сіз өзіңіздің еңбек құқығыңызды қалай қорғайсыз?

45. Жұмыс істейтін орныңыздың тазалығы туралы ақпарат беріңіз.

46. Шетелге қыдырып шықтыңыз. Оларға Қазақстан туралы мағлұмат беріңіз.

47. Досыңыздың үйлену тойында болдыңыз. Қандай салт-дәстүрлер көрдіңіз.

48. Жақын маңда дәріхана жоқ. Суық тиіп ауырған адамды қандай дәрілік шөптермен емдейсіз?

49. Итмұрынның дәрілік қасиеті туралы баяндама жасаңыз.

50. Ауру малды сойған адамдар ауру жұқтырып алған. Сіз қандай әрекет жасайсыз?

51. Сізді індет ошағын жоюға жіберді. Жұмысты неден бастайсыз?

52. Әскери жаттығу өтетін полигонның жай-күйін сипаттап, хабарлама жасаңыз.

53. Темекіге қарсы акция ұйымдастардыңыз. Қалай өткізесіз?

54. Ақын-жазушылармен болған кездесуге қатыстыңыз. Қандай әсер алдыңыз?

55. Нашақорлыққа қарсы күрес туралы кеш ұйымдастыру керек.

56. Досыңыз балалы болды. Шілдеханада қандай дәстүрлер жасалды?

57. Қазақтың ұлттық мейрамдары туралы шетелдік қонаққа айтып беріңіз.

58. Өзіңіз тұратын көше туралы айтыңыз.

59. Халықтық емдеу тәсілдері туралы не білесіз?

60. Балалардың жазғы демалыс орнының басшысысыз. Жұмысты қалай ұйымдастырар едіңіз?





Қазақ тілінен қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне арналған емтихан сұрақтары
1. Адам және табиғат

2. Адам ағзасы – біртұтас құрылым

3. Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар

4. Ас әзірлеу гигиенасы

5. Тұрғын үй гигиенасы

6. Қазақстандағы экологиялық дағдарыс

7. Ас қорыту жүйесі

8. Тірек-қимыл жүйесі

9. Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы

10. Тыныс алу жүйесі

11. Арал тағдыры – адам тағдыры

12. Шылым шегу – ақыл-ойды күйзелтеді

13. Тазалық денсаулық кепілі

14. Судың адам ағзасы үшін маңызы

15. Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты шарты

16. Ұйқының гигиеналық маңызы

17. Топырақтың гигиеналық маңызы

18. Ағзаның қорғаныс қабілеті

19. Тағамтану ғылымының іргетасын қалаушы - Төрегелді Шарманов

20. Ауыз су әсерінен болатын аурулардың алдын алу

21. Қазақстанның мәдени орындары

22. Қазақстан экологиясы

23. Дене тәрбиесі – дәрісіз ем.

24. Медицина атасы Гиппократ және оның қанатты сөздері.

25. Тұздың емдік қасиеті.

Тәжірибелік дағдылар тізімі:


  1. Оқылымда:




  • сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемді, ережені дұрыс оқу;

  • дұрыс дыбыстай білу;

  • сөзді түсіне білу, грамматикалық белгілерін айыра білу;

  • сөздің мағынасын ажырата білу;

  • студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі Сабақтың тақырыбын түсінуі тиіс. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.




  1. Тыңдалымда:




  • дыбысталған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді ажырата білу;

  • берілген сұрақты түсіне білу, оған тиісті жауап бере білу;

  • керекті ақпаратты ойға түйіп ала білу;

  • естігендерін түсіне білу;

  • студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс.




  1. Жазылымда:




  • сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді сауатты жаза білу;

  • тыңдаған, оқыған мәліметті, мәтінді дұрыс жаза білу;

  • жазбаша хабарлама жасай білу;

  • баяндама, мақала, реферат, сұхбат жаза білу;

  • өз ойын жазбаша жеткізе алу.




  1. Айтылымда:




  • тыңдаған, оқыған хабарды жеткізе білу;

  • өзінің ойын айта білу;

  • құптау, құптамау (интенциялық) әрекеттерін түрлі эмоциялық реңктер арқылы жеткізе білу;

  • студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс.




  1. Тілдесімде:

- тілдік қатынасты жүзеге асыру, пікір алмасу, сұхбаттасу.



КІТАПХАНАДАҒЫ КІТАПТАР ТІЗІМІ

1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.

2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж.

3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993

4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж.

5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж.

6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

7. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011

8. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.

9. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б

10. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж.

11. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлесеміз.Алматы, 2010.-220б.

12. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002

13. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б.

14. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.

15. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б.

16. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б.

17. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік

тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б

18. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008



МАЗМҰНЫ


  1. Силлабус.............................................................................................................................. 1-12

  2. Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары.........................................................13-110

  3. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулары..............................................................................................................................11-122

  4. Бақылаушы-өлшегіш құралдар........................................................................................123-135

5. Тәжірибелік дағдылар тізімі.................................................................................................136

6. Әдебиеттер тізімі....................................................................................................................137



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет