Кеңістіктегі координаталар жүйесі 3 осьтен құрылған.
Координаталар жүйесінде орналасқан нүктелердің арақашықтығын есептеп табуға болады.
Мысалы АВ кесіндісінің арақашықтығын мына формуламен есептеуге болады:
АВ= (х2 –х1 )2 + (у2 – у1)2 +(z 2 +z 1 )2
Егер АВ кесіндісінде орталық нүктесісе орналасса оның координаттарын келесі формуламен табуға болады:
Х=(х1 + х2 )/ 2
у=(у1 +ух2 )/ 2 C (Х;У;Z)
z=(z1 +z2 )/ 2
Релаксация (сергіту сәті) – бейнеролик Турсынбек Қабатов- 2 мин
V Жаңа білімді бекіту -15 мин
Мысал көрсету
Есеп: А(4;5;2), В( 6;3;2), онда нүктелердің арақашықтықтары қандай болады?
Есеп шығару
Кім бірінші шығарады, соның қолын көтеріп қосымша баға алуға мүмкіндігі бар
№1 Егер А(3;-1;2), В( 9;7;2) болса, онда нүктелердің арақашықтығы нешеге тең болады?
Қазақ елінің бостандығын сақтай білген, үш жүзді біріктірген хан-Абылай хан. Қазақ халқының ақыны М.Жұмабаев «Батыр Баянда» Абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті:
«Алыстан орыс, қытай- ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,
Артында- ор, алдында - көр, жан-жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.
Осы есепті дұрыс шығарсақ , Абылай ханның тақта неше жыл отырғанының саны шығады . (10 жыл, 1771-1781)
№2 Кеңістікте екі нүкте берілген А( 7;6;5), В( 7;8;9). Орталық нүктесінін координаталарын табыңдар. Шешімін дұрыс тапсаңыздар Тәуке хан басқару кезіндегі мұсылман халқының қасиетті санына сәйкес шыққан Заңы шығады. Ол қандай Заң?
(7, «Жеті жарғы»)
VI Сабақты қорытындылау – 1 мин
Біз бүгін аз ғана Қазақ хандығына саяхат жасап кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесімен және жүргізілетін есептеулермен таныстық.
VII Сабақтың нәтижесін білу үшін Сіздермен синквейн әдісін қолданып қорытынды шығарамыз. – 3 мин
Бүгінгі тақырыпқа сай синквейн құрастырыңдар.
VIII Бағалау . – 2 мин
Үйге тапсырма: «Нүктелердің арақашықтығы» тақырыбына синквейн құрастырып келу
Достарыңызбен бөлісу: |