10.4.3.1 Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу.
10.5.1.2. Сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Берілген суреттер бойынша болжам жасай біледі. Болжаулары бойынша өз ойын, көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, дәлел арқылы дамытып айта алады.
Оқушылардың көбісі: Көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажырата алады. Сын есімнің жасалу жолдарын біледі. Хат бағалау критерийіне сай не сай еместігін анықтай алады
Оқушылардың кейбірі: Хат жазу мақсатын ашатын деректерді таба біледі. Хаттың жазылу тіліне сараптама жасай алады.