Сабақ, 45 минут Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 10 Қатысқандар


-тапсырма. Сөйлем құрау Т/Ж



бет6/6
Дата17.02.2022
өлшемі233,86 Kb.
#132274
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh.-aza-kinosy-men-dulat-isabekov-pke-dramasy
ref -dene-shynyqtyru-zhane-belsendi-qozgalys, Реферат «Дене шыны тыруж не спорта», Айналмалы тоқ және трансформатор, Айналмалы тоқ және трансформатор, 23-сабақ. Д.Исабеков «Әпке» драмасы (1), 3-сабақ. 3 практикалық жұмыс Сұйытылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқышқыл газына сапалық реакция, 11 сабақ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу, Кибербуллиинф для школьников, тест (2), БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ, Кибербуллинг туралы мұғалімдерге, Сабаққа қатысу парағы, 11-сабақ. ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебит пен өнердің дамуы
2-тапсырма. Сөйлем құрау Т/Ж:
Сын есім тудыратын жұрнақтар арқылы топта бірлесе отырып 5 сөйлем құрау (эпитет болатын 3 сөз және теңеу болатын 2 сын есімді қолдану).


3-тапсырма. Сәйкестендіру жұмысы Ж:

  • Оқушылар топта көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарын мысалдармен сәйкестендіреді.

Көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдары

Сәйкестендіруге арналған орын

Мысалдар



Теңеу




әдемі көйлек

Сен құрметте оны.
Түсіндің бе, қарағым(Ә.Сәрсенбаев).



Эпитет

арыстандай айбатты

қасқыр сияқты қоғам

қызықты кітап



Риторикалық сұрақ

Қазіргі жастар үлкендерді құрметтей ме?

үлкендерше сөйледі

Инверсия

балалы үй

Ескерту: сәйкестендіру үшін төрт түсті қалам немесе маркер қолдандыру қажет.
Бағалау критерийі:

  • Көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажырата алады.

  • Сын есімнің жасалу жолдарын біледі.



2-қадам
Жазылым тапсырмасы Ж

  • Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап алыңыз.

Ұсынылған тақырып:

  1. «Көксерек» көркем фильміндегі өзің қалаған кейіпкерге хат жазыңыз.

  • Шамамен 80-100 сөзден тұратын жазба жұмысын (хат) жазыңыз.

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданыңыз.

Мұғалім әр оқушы деңгейіне сай сөздер, сөз тіркестерін не дайын сөйлем үлгілерін ұсына алады.

Дифференциация

қарапайым деңгейдегі оқушылар

орта деңгейдегі оқушылар

жоғары деңгейдегі оқушылар

Хат жазуда қолдануға болатын сөйлемдер:
Сәлеметсіз бе, ...?
Менің ойымша, ... дұрыс болды.
Маған ... ұнады / ұнамады.
Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін.
Бір жағынан, ... деген ойдамын.
Сізге ... ұсынар едім.

Хат жазуда қолдануға болатын тіркестер:
Құрметті кейіпкер, менің ойымша, көзқарасыңызбен келісемін, ұнаған тұстары, айтатын ұсыныстарым, дұрыс шешім, әрекетіңізді бағалаймын.



Хат жазуда қолдануға болатын сөздер:
Құрметті ...
Себебі ...
Біріншіден, ...
... ұнады.
... келісемін.
... тілеймін.



Бағалау критерийі:

  • Хат құрылымын сақтай отырып жазаалуы (1 ұпай).

  • Хат жазудағы мақсатын ашатындай деректерді орынды қолдана білуі (2 ұпай).

  • Хат жазу барысында көркемдеуіш құралдар (3 эпитет, 2 теңеу) мен айшықтау амалдарын (инверсия, риторикалық сұрақтар) орынды қолдануы (3 ұпай).

  • Жазба жұмысында есім сөздерден, етістіктен жасалған сын есімдерді қолдана білуі (2 ұпай).

  • Тілінің сауатты (орфографиялық, пунктуациялық нормаларға сай) болуы (2 ұпай).

Дифференциация: Мұғалім нәтиже бойынша (бір уақытта әр оқушы әртүрлі көлемде жаза алуы) және берілген ресурстар бойынша (берілген сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдерді орынды қолдана білуі) саралайды.


3-қадам
Жазылымнан кейінгі тапсырма Ж, Т/Ж
«Карусель» әдісімен жұмыс

  • Әр оқушы топта «Карусель» әдісі арқылы жазған хаттарымен алмасады.

  • Өзге оқушының жазған хатын талдап оқиды және жазба жұмысына комментарий жазады.

  • Әр оқушы тобындағы өзге оқушының хатын оқи отырып, ұсыныс жазу арқылы алған жаңа ақпараттары бойынша білімдерін бекіте түседі.

  • Ең соңында, өз жұмыстарын алып, жазылған пікірлермен танысады.

  • Жұмыстарына берілген комментарийлер бойынша топта талқылау жүргізеді.

Бағалау критерийі:

  • Хат бағалау критерийіне сай не сай еместігін анықтай алады (2 ұпай).

  • Жазба жұмысына комментарий (пікір) жаза біледі (2 ұпай).

  • Хаттың жазылу тілі мен сауаттылығына сараптама жасай алады (1 ұпай).



5-қадам
Қорытындылау
Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық.
Біз ... үйрендік.
Жаңа сабақ ... өтті.


6-қадам
Бағалау
Жеке және топтық жұмыстарын бағалау критерийлеріне сай өзара бағалайды.


7-қадам
Үй тапсырмасы
Көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарының әр түріне екі сөйлем құрап келу.
Бағалау критерийі:

  • Көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажырата біледі.

  • Сөйлем құрылымын сақтап жаза алады.



үлестірмелі материал



Сабақтың соңы
2 минут



Кері байланыс «3-2-1»

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Қиындық тудырған 2 аспект;

  • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.






Қосымша ақпарат

Дифференциалау

  • Хат жазу барысындақолдану үшін ұсынылған сөйлемдерді орындыалады–қарапайым деңгей

  • Хат жазу барысында қолдану үшін ұсынылған сөз тіркестерін орынды алады-орта деңгей

  • Хат жазу барысында қолдану үшін ұсынылған сөздерді орынды алады-жоғары деңгей

Бағалау
Бағалау критерийі арқылы жеке, топқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын.

Пән аралық сілтемелер
Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру
АКТ сілтемелер:
Презентация көрсету.









Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?


Оқушылар бүгін не меңгерді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?
Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау


Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?
1:
2:
Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?
1:
2:
Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет