Керекті сөздер: Шалбар, қолғап, қалта, аяқ киім, киім, бәтеңке.
Білгенге маржан
Автор сөзі Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады. Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор сөзі "де" (деді, деп, дейді, деген, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.
Мысалы: Төл сөз бен автор сөзі:
- Хан ием, қандай шешім айтасыз?-деді құсбегі. Автор сөзі мен төл сөзі:
Ол Сүйіндікке қарап: - Тоқтат,аналарыңды!-деп ақырды.
Ізденімпазға тапсырма. Суреттерге қарай отырып, автор сөзі мен төл сөзді араластырып, диалог құрыңдар.