Сабақ жоспары Мектеп: Қостанай қаласы №17 орта мектеп



бет1/3
Дата27.02.2020
өлшемі0,49 Mb.
#58637
  1   2   3
"Өзін-өзі тану" пәнімен интеграцияланған қазақ тілінен сабақ жоспары

Мектеп: Қостанай қаласы № 17 орта мектеп

Мерзімі:

Мұғалімі: Кажахметова Макпал Кайратовна

Сынып: 7"А"

Оқушы саны: 12

Тақырыбы: Ұлы жібек жолы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, әділдік, ұқыптылық

Күні:

12.112017

Мұғалімнің

аты-жөні:

Кажахметова Макпал Кайратовна

Сынып:



Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Ұлы жібек жолы

Құндылық Қасиеттері

Дұрыс әрекет

Қамқорлық, әділдік, ұқыптылық



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

Сабақтың мақсаты:Ұлы Жібек жолының тармақтарын анықтай отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу

.Дамытушылық:оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып,өз бетінше жұмыс жасауына бағыт–бағдар беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени құндылықтарды қастерлеп, сақтай білуге баулу

Түрі: Жаңа білімді игеру сабақ Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ  жауап.

Көрнекілігі: интерактивтітақта Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Тәрбиелік міндет

Ой - өрістерін, ойлау белсенділіктерін арттыру, өз пікірлерін  нақты айта білуге байымдау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ұлы жібек жолын картадан көрсете алады.

Оқушылардың көпшілігі: Ұлы жібек жолы қайдан өткенін біледі.

Кейбір оқушылар: Ұлы жібек жолының не екнін біліді.

Күтілетін нәтиже:

 



Оқу дағдылардың деңгейі


Білу, түсіну, қолдану, қорытындылау.

Бағалау критерийі

Мәтінді толық аударып, түсіне алса 10 ұпай


Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты терминология:

Оқытудың тілдік мақсаты:

Диалог құруға қажетті сөздер топтамасы:

АКТ қолдану дағдылары

интербелсенді тақта, электронды оқулық, фотосуттер.


Сабақбарысы

Сабақтың басы


Ұйымдастыру шаралары: (сәлемдесу).

 «Алтын сандық» ойыны. Интерактивті тақтадан оқушыларға жалпылама сұрақ қоямын. Әр қақпада әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Жинаған ұпай санына қарай барлық сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға алтын сандық сұрағы қойылады.

Тас дәуірі қай кезеңді қамтиды? Қаншаға бөлінеді? Атап бер (б.з.б. 2,5-12м.ж. 3ке палеолит, мезолит, неолит)

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысын ата (садақ)

Энеолит дәуірі қандай ғасыр (мыс-тас дәуірі)

3.Үй тапсырмасыын сұрақ жауап арқылы сұрау






Дәптермен жұмыс

Жаңа сабақ. (тақырыпты ашу).

Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан–жануарлар сатыла бастаған.

Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.

Келесі тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою.



  1. Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетіменбәсекеге түскен.

  2. Мәселен, Қытайдың кейбір қалаларында олардың отарлары болған.

  3. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нара қаласында жібек сататын орындар болған.

  4. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғдытілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.




Интербелсенді тақта

Түсіну тасырмасы

мәтінмен жұмыс.
Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексер. 
№ ақпарат дұрыс Дұрыс 
емес 
Ұлы жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің арасын ғана байланыстырды 
Ұлы Жібек жолында тек Қытай жібектері сатылды 
Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерімен де өтті. 
Ұлы Жібек жолы Батыс Еуропаға жетпеді. 
Ұлы Жібек жолы Монғолияға да таралды. 
Ұлы Жібек жолынының ежелгі қалалардың өркендеуіне ықпалы болмады. 

АКТ, оқулық, плакат, маркер, қарындаш-тар










Үй тапсырмасы

Мәтін бойынша 5 сұрақ құра. 
Ватман, маркер, суреттер


Бағалау


Смайликтер арқылы бағалаймын






Сабақтың соңы


Рефлексия.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Бағдаршам» әдісі арқылы

1-жасыл түс – сабақ түсінікті болды, сабақ маған ұнады. Өзіме өажеттісін алдым.

2-сары түс – сабаққа белсенді түрде қатыстым, аз болса да топқа көмегім тиді

3-қызыл түс – сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым.



Үй тапсырмасы. Шағын эссе жазу





Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті

Мектеп: №17 орта мектебі ММ

Күні: 10.10.18

Мұғалімнің аты-жөні: Нысамбаева Перизат Ерболовна

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны: 19

Қатыспағандар: 19

Сабақтың тақырыбы

Әл-Фараби (өмірі мен шығармашылығы)

Оқу бағдарламасына сілтеме

6.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау (А/И2)

Бағалау критерийлері

Тілдік мақсат

Автор бейнесін ашатын сөздер: Ақын – өз елінің патриоты т.с.с.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

дұрыс әрекет

қасиеттер: шешім қабылдауда батылдық, ынталылық



Құндылыққа баулу

рухани-адамгершілік білімдерді меңгеруге бағыттау

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ- ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Алып Ер Тұңға

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы
12 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысы «Алып Ер Тұңға»

Мағынаны тану (М.Шахановтың «Арман»+галерия)

Ал Әбу ше?

Кеңге жайды ол қанатын,

Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,

Әбуіміз - біздің ұлы бабамыз

Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.

МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,

ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,

ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,

ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА-деп М.Шаханов жырлағандай,біздің бүгінгі сабағымыз да үлкен арман қуған,сол арманына білімімен қол жеткізген,өзінің ғылым мен әдебиет,музыка, медицина,т.б.салаларда өзіндік қолтаңбасы бар Әл Фарабидің өмірі мен шығармашылығына арналмақ. (Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады)



Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру, талқылау.

Қызығушылықты ояту (Мұғалім Әл-Фараби туралы аңызды әңгімелейді.)

Өнерлі жігіт

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбу Насыр одан: «Күніне қанша табасың?» – деп сұрайды.

- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:

- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Сұрақ:

- Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін? Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыздар?

- Білім адамға не үшін керек?

Оқушылар жауабы тыңдалып, талқыланады.

- Дұрыс айтасыңдар. Арине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.



кахот
http://www.classtools.net/3D/201810_XGN5WZ

бағалау парақшалары

http://engime.org/sabati-tairibi-el-farabi-ashitasi-tufan-jer.html



Ортасы

10 минут

5 минут

5 минут




1.Т.Шығармашылық жұмыс:

1-топ: «Әбу Насыр әл-Фарабидың өмірбаяны»

2-топ: «Әбу Насыр әл-Фарабидың шығармашылығы»

3-топ: «Қашықтасың туған жер» өлеңі



Дескрипторлар:

Мәтінмен жұмыс жасап, постер жасайды.

Әр топ өзіне берілген тақырыпты қорғайды.

ҚБ. «3,4,5 балдық жүйе»

2.T. Екі қадамды кесте.

1-топ


Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын – өз елінің патриоты






2-топ


Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын басқаларға сын көзбен қарайды






3-топ


Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын болашағынан үміт күтеді








Дескрипторлар:

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды; Үзіндінің автор бейнесін ашатындығын дәлел келтіре отырып талдайды.



ҚБ: «Шапалақ» әдісі.


постермен жұмыс (+мәтін)

үлестірме қағаздар





Сабақтың соңы

5 минут



Үйге тапсырма: «Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл» тақырыбына эссе жазу

Рефлексия: «Бір ауыз сөз»

слайд
слайд


Қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Қостанай қаласы білім бөлімінің «№17 орта мектебі» ММ

Күні: 15.11.17

Мұғалімнің аты-жөні: Нысамбаева Перизат Ерболовна

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны: 21

Қатыспағандар: 21

Бөлім атауы:

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақтың тақырыбы

Ғажайып ағаштар

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5. Мәтін мазмұнын түсіну, нақты ақпараттарды анықтау, антоним, синоним,омоним сөздерді қайталау .

Бағалау критерийі

синоним, антоним, омонимдер сөздердің мағыналарын ажыратады.

Тілдік мақсат

ағаш, ғажайып, өсімдік сынды тақырыпқа байланысты сөздерді қолдану.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

ақиқат

Пәнаралық байланыс

өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

тура мағына, ауыспалы мағына

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы
10 мин



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді.



Үй жұмысы слайд бойынша тексеріледі.

Пазл әдісі бойынша 4-топқа бөліну (нан, сүт, шоколад, шұжық ағаштары).


слайд
үлестірме қағаздар



Сабақтың ортасы
5 мин

3мин

15 мин

1 мин
12 мин





Қызығушылығын арттыру.

Мұғалім: – Оқушылар, мына суреттерде не бейнеленген? (Оқушылардың жауабы).

– Нанды қандай өсімдіктен алады? (Оқушылардың жауабы).

– Ал адамдар сүтті қайдан алады? (Оқушылардың жауабы).

– Осы сұрақтарды жаңа сабағымызда нақтырақ қарастырып көреміз! Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? («Ғажайып ағаштар»)

– Ал осы сабаққа қандай мақсат қоямыз? (Оқушылар сабақтың мақсатын айтады).
Мағынаны тану. Мұғалім тақырыптың мағынасын анықтап алады:

– Балалар «Ғажайып ағаштар» дегенді қалай түсінесіздер? Ол қандай ағаштар? (Оқушылардың топ бойынша жауабы).

–Ендеше бейнероликке назар аударайық! («Алматының қақ ортасында ғажайып ағаш өсуде» атты бейнематериал).
Оқылым алды тапсырма. Адасқан сөздер беріледі. Сол сөздер арқылы сөйлем құрастырады.


  1. Нан ағашының дәмі бидайдың наны сияқты.

  2. Сүт ағашының сүті сиыр сүтінен ешбір кем емес.

  3. Шұжық ағашының шұжық секілді болып көрінген жемістері жеуге жарамсыз.

  4. Какаодан алынған майды кондитерде, медицинада пайдаланады.

- Оқушылар қалай ойлайсыздар, шынымен нан, сүт, шұжық, какао ағаштарының болуы қаншалықты шындыққа жанасымды?


Оқылым тапсырмасы. (А4 қағазы беріледі, әр топ өзіне берілген мәтінді оқып, басқа топтарға түсіндіреді).

  1. Нан ағашы Үндістан мен Малая аралында өседі. Оның асқабақ тәрізді жемістері болады. Кейбірінің салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ағаштың жемісінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар осы нан ағашының жемісін бөлшектеп турап, қуырып ас етеді, дәмді тоқаш пісіреді. Ал, нан ағаш гүлдеп біткен кезде, оның тұқымын жинап шикідей де, қуырып та жейді. 21 жастағы бір нан ағашының жемісі 3-4 адамды бір жыл асырап шыға алады.

  2. Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің жағасында өседі. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды. Сол сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан, оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған. Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтаған. Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, сүттен дәмі айнымай қалады екен. Ағашты бір сауғанда 2-4 литрге дейін сүт алуға болады екен.

  3. Еуропалықтар ХІХ ғасырдың басында осындай ағаштарды алғаш көргенде, бұталарда шұжықтар өсіп тұр ма деген ойға қалған. Себебі, ағашта өсіп тұрған жемістердің түсі мен ұзындығы шұжыққа өте ұқсас келеді. Өкінішке орай, бұлар — шұжық емес... Шұжық ағашының гүлдеуінің өзі ерекше. Қызыл әрі шұңғыма тәрізді гүлдері кешке ғана ашылып, түнде жайқалып тұрады. Ал таң атысымен ашылған гүлдер түсіп қалады. Шұжық секілді болып көрінген жемістер жеуге жарамсыз және ешқандай пайдасы жоқ болып шықты. Алайда, «шұжық ағашы» деген атау өсімдікпен бірге біржола қалып қойды.

  4. Какао, шоколад ағашы – мәңгі жасыл стеркулия тұқымдасына жататын ағаш. Биіктігі 4-8 м, гүлдері сары не қызғылт түсті. Какао Орталық және Оңтүстік Американың жылына түсетін қалың ормандарында өседі. Африканың батысында және басқа да тропиктік аймақтарда 16 ғасырдың басынан қолдан егіле бастаған. Какаодан алынған майды кондитер, иіссу өндірістерінде және медицинада дәрілерге қосуға пайдаланады.

Дискриптор: мәтінді топтарға мазмұндап, жеткізеді.

ҚБ: өзара топтық бағалау.

Бағалау критерийі: лексикалық қолданысты біледі, негізгі ақпаратты анықтай алады.

- Балалар, көзіміз шаршаған шығар, көз жаттығуын жасайық!



Оқылымнан кейінгі деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей. Әр топ өз мәтінінен синонимдер, антонимдер, омонимдер табады.

2-деңгей. Берілген жұмбақтардың шешімін тауып, оларды орыс, ағылшын тіліндегі баламаларды жазып, айтады.

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.(ағаш)

Сылдыр сұйық, анады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (Сүт)

Күрең қызыл түсi бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар. (нан)

Тамақтың ең ұлысы (ет)



Қазақ тілі

Русский язык

English

ағаш

дерево

tree

сүт

молоко

milk

нан

хлеб

bread

ет

мясо

meat

Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет