Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


Өсімдіктің минералды қоректенуі



бет22/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс
УМК Саясаттану және әлеуметтану - для студентов, 0, Musabekov UBT
Өсімдіктің минералды қоректенуі.
22-жұмыс
Өсімдік күліне микрохимиялық анализ жасау
Қажетті құрал -жабдықтар: Жапырақ немесе темекі күлі, 10 % -тік тұз қышқылы, 1%- тік күкірт қышқылы, 10%- тік аммиак ертіндісі (NH3) , 1% -тік фосфор қышқыл натрий (Na 2HPO4), 1% молибден қышқыл аммоний (NH4 Mo 7O4) , 1%- тік азот қышқылының ертіндісі, 1%-тік азот қышқыл стронций, 1%-тік темір цианды кали» (сары қан тұзының) ертіндісі, стақандағы дистилденген су, пробирка, шыны воронка, сорғыш қағаз, шыны таяқша, заттық шынылар, микроскоп.
Жұмыс барысы:приборка алып, оның ішіне кулді салып, оның көлеміне төрт есе артық 1% тұз қышқылын құйып араластырып,сорғыш қағаз арқылы екінші приборкаға сүзіп алынады.Заттық шынының үстіне Са,Мg, Р және S пен Fе анализ жүргізіледі.Ол үшін зерттелетін приборкадағы ерітіндіге шыны таяқша ұшын тигізіп,бір тамшы ерітіндіні заттық шынының үстіне тамызады.Ол тамшыдан 2-3 см қашықтыққа белгілі элемент анықтау үшін қажетті реактив тамызылып,екі тамшы арасы өте жіңішке доға тәрізді етіп қосылады.Екі ерітіндіні қосқанда реакция өтіп,кристалдар түзіледі.Түзілген кристалл микроскоппен бақыланады.Пайдаланылған шыны таяқшаны әр ерітіндіден кейін жуып,сорғыш қағазбен сүртіп отыруы керек.
Кальций ионын анықтау үшін 1% күкірт қышқылы қолданылады.Күл ерітіндідегі кальций хлориді күкірт қышқылымен мына теңдеудегідей әрекеттеседі:
СаСI2+H2SO4 →CaSO4+2HCI
Түзілген гипс кристалы 16-суреттегідейй формаға келеді.
Магнийдің бар екендігін анықтау үшін зерттелуші ерітіндінің үстіне бір тамшы аммиак ерітіндісі тамызылып,ал реактив ретінде 2-3 см қашықтыққа 1% фосфор қышқылы натрий ерітіндісі пайдаланылады.Реакция мына теңдеумен өтіп,1-суретте көрсетілгендей әр түрлі пішінді кристалдар түзіледі:
MgCI2+Na2HPO4+NH2 NH4→MgPO4+2NaCI
Фосфорды анықтау үшін 1% -ті молибден қышқыл аммоний тұзының азот қышқылындағы ерітіндісін пайдаланылады.Реакция мына теңдеудегідей өтеді:
H3PO4+ 12(NH4)2MgO4+21HNO3 →(NH4)3PO4·12MgO3+21NH4NO2+12H2O.
Түзілген кристалдар түсі сарғыш болады.
Күкіртті анықтау үшін 1% -тік азот қышқыл стронций ерітіндісі пайдаланылады.Реакция төмендегідей өтеді:
NaSO4+Sr(NO3)2 →SrSO4+2NaNO2
Күкірт қышқылы стронцийдің кристалдары дөңгелек формада көрінеді.
Темірді анықтау үшін 1%-тік сары қан тұзының K4[Fe(CN)6] ерітіндісін зерттелетін ерітіндінің үстіне тамызғанда көкшіл түске боялуы арқылы анықталады.Жұмыстың аяғында реакциялардың формалары және кристалдардың суретісалып келтіріледі.
Пысықтау сұрақтары:Әр түрлі элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызын түсіндіріңіздер.Микроэлементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызын атаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет