Білім алушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлумат беру.
Дамытушылық:
Тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен, жеке білім алушылармен үлестірмелі карточкаларды пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар, экран беттерінен көрсетілген слайд, карточкалар.
Пән аралық байланыс: тарих, география, әдебиет, математика, биология
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
«Бұл күн-сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн- әділеттң әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн – бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн».
Н.Ә.Назарбаев
Үй тапсырмасы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің жағдайы туралы сұрап, әңгіме құрастыр.