Сабақ тақырыбы: «Әл-Фараби»



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі106,03 Kb.
#35280
түріСабақ
1   2   3   4   5
6 сынып қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Жұмбақтар
Сабақ мақсаттары:

  • жұмбақ туралы әңгімелеу арқылы қазақша ойлау, сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту және нығайту;

  • сөз қорын байыту және онымен тиімді пайдалануға үйрету;

  • өткен тақырыптарды қайталау арқылы қазақша сауатты жазу дағдыларын нығайту;

  • қазақ тілі мен әдебиетке қызығушылықтарын арттыру;

  • халық ауыз әдебиетін білуге, жақсы көруге тәрбиелеу;

  • логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Қолданылған технологиялар: сын тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап әдісі, мәтінмен жүмыс жасау әдісі, мадақтау-жазалау әдісі, тіл дамыту әдісі, қайталау әдісі, репродуктивтік әдістері;
Сабақ мазмұны:

  1. ұйымдастыру кезеңі;

  2. сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау;

  3. өткен тақырыптарға шолу жасау, қайталау;

  • әдебиет қай тілден енген?

  • әдебиет нені білдіреді?

  • әдебиет қандай мұра?

  • әдебиет не болып саналады?

  • Қөркем сөзді қазақ халқы қалай бағалады?

  • Халық ауыз әдебиеті қалай қалыптасты?

  • Ауыз әдебиетінің түрлері қалай тараған?

  • Ертегілер деген не?

  • Ертегілердің түрлері қандай?

  • Ертегілер қалай басталады?

  • Ертегілер қалай аяқталады?

  • Ертегілердің тілі қандай?

  • Мақал – мәтелдер – ненің түрі?

  • Олар қалай тараған?

  • Мақалдың көлемі қандай?

  • Мақалдың мағынасы қандай?

  • Қазақ халқы мақал – мәтел туралы не деген?

  • Мақал – мәтелдер сөздерді не істейді?

  • Мақал – мәтелдердің тақараптарын ата?

  1. жаңа тақырып «жұмбақтар» туралы әңгіме құру; кітаппен жұмыс жасау: оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.

- Жұмбақ деген не?
- Онда кім және не жайлы айтылады?
- жұмбақта адам өмірі мен тіршілігі, табиғат құбылыстары қалай айтылады?
- жұмбақтар нені дамытады?
- жұмбақтар неге үйретеді?
- жұмбақты дұрыс шешу үшін нені білу керек?
-жұмбақ нені талап етеді?
- жұмбақ адамды неге үйретеді?

  1. Жұмбақ шешу (оқулықтан, хрестоматиядан, қосымша)

Жұмбақтарды шеш:
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.

Сымға асылып,


Жүр асығып.

Жолы – темір, жаны – темір.


Темір атты зымыраттым.

Үш көзі бар қаз – қатар,


Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасаң
Үш түсті нұр шашады.

Ақ шатырлы бір қала,


Суда жүзіп жүр дара.

Төбесінде ебелек,


Ұшады өзі керемет.



  1. үй жұмысы: жұмбақтар туралы мазмұнын айту, өзіндік жұмбақ құру;

  2. қортынды, бағалау, рефлексия;

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі


А.М.Горький атындағы гимназия

«45minut»­ сайтында жариялауы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет