Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия -интернаты



бет1/12
Дата18.06.2017
өлшемі3,51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ



Бағдарлама атауы

Петропавл қаласы "Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия -интернаты"КММ даму бағдарламасы 2014-2017 жж

Нормативті-құқықтық база

2014-2017 жылына арналған Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия - интернаты даму бағдарламасы Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саясаты мен нормативті-құқықтық заңнамалық актілеріне сәйкес жасалды:

  • ҚР- ның Білім туралы Заңы;

  • ҚР- да білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы;

  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ;

  • «Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизацияны жеделдету жолында»; «Қазақстан өзінің дамуында жаңа серпіліс қарсаңында» атты Жолдаулары;

  • ЮНЕСКО ұсынған үздіксіз білім беру бойынша бала құқығы туралы Конвенциясы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 Бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары», Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;

  • 2007ж 07.08. №387.ҚР БжҒМ гимназия - интернаты базасында дарынды балаларға мамандандырылған үш тілде оқыту бойынша бұйрығы.

Құрастырушылар

Авторлық топ: гимназия- интернатының директоры К.Ж.Тукенова, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Е.Коспанова, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Ескалиева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.М Нургожин, І деңгей мұғалімдері: Ж.Ж.Абилова, Р.М.Айтжанов, Ж.К.Есенгалиева, Ж.С.Каржауова, Б.С.Токпанова


Мақсаты

Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету арқылы бәсекеге қабілетті дарынды тұлға қалыптастыру.

Міндеттері

  • Жаңа үлгідегі мектеп моделін құру.

  • «Дарын» РҒПО ұйымдастырған курстарға мұғалімдерді жіберу

  • педагогикалық оқу технологияларын оқу-үрдісіне енгізіп, нәтижеге бағыттау;

  • ұстаздардың кәсіби біліктілігін, зерттеушілік қабілетін, шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ғылыми-әдістемелік зертханалар құру; теориялық, практикалық, психологиялық семинарлар өткізуді жетілдіру;

  • дарынды, шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жүйелі, нәтижелі жұмыс істеудің жаңаша әдіс- тәсілдерін оқып-үйрену, пайдалану;

  • білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту бағытында қосымша үйірмелер ұйымдастыру;

  • оқу-тәрбие үрдісінің Қазақстандық патиротизмге, халықтық салт-дәстүр мен тарихын құрметтейтін биік мәдениетке тәрбиелеуді мұрат еткен жаңа әдістер мен материалдарды біріктіру, жетілдіру, дамыту;

  • Оқушылардың өзін- өзі басқару органдарының дамуын жетілдіру.

  • Отбасы мен гимназияның ықпалдастығын дамыту.

  • Кәсіби қоғамдастық және желілік қауымдастық арқылы тәжірибе алмасу.

Күтілетін нәтиже

  • білім сапасының өсуі, нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті білім, алу үшін жағдай жасалатын болады.

  • гимназия-итернатта бірыңғай білім беру ақпараттық ортасы құрылады;

  • білім берудің статистикалық көрсеткіштер жүйесі құрылады;

  • білім сапасын басқарудың инновациялық диогностикалық механизмі жүзеге асырылады;

  • оқушы және мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамытуға, оқушыларды жеке тұлғалық-бағытталған оқытуға бет бұрғызуға, әдістемелік қызметтің жаңа моделі негізінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға көңіл бөлінеді;

  • жас мамандар мектебін нығайту барысында тәжірибелі маман педагогтер тәрбиеленеді;

  • жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі дәл анықтау мен базалық және кәсіби сыныптарда таңдаған бағдары аясында қалыптасқан біліктілік негізінде кәсіби бейімделеді;

  • қабілетті мектеп түлектерін дайындау, яғни қажет білімді өз бетінше алып, қалыптасқан әр түрлі мәселерді шешу үшін тәжірибеде дұрыс қолдана алады

Іске асыру кезеңдері

2014–2017 жж

Бағдарлама үш кезеңде іске асырылады:



Бірініші кезең -2014-2015 жж. Педагогикалық ұйымдастыру кезеңі – педагогикалық  іс-әрекетті ұйымдастыруды зерттеушілік деңгейге жеткізу.

  • мектеп мұғалімдерінің үздіксіз әдістемелік және психологиялық оқыту жүйесін құру;

  • оқушы тұлғасын зерттеу әдістемелерін  жетілдіру;

  • оқушыны психологиялық, педагогикалық тұрғыда диагностика арқылы зерделеу;

  • мұғалім мен оқушының зерттеушілік іс- әрекетін ұйымдастыру;

  • талдау жасау, ақпарат банкін құру.

Екінші кезең - 2015 - 2016 жж. Бағдарламаны енгізу кезеңі – білім беру мазмұнын, тәрбие үрдісін жетілдіру. Дарынды және шығармашылығы жоғары қабілетті оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыру.

  • білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын  білім, тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;

  • мұғалімдердің ғылыми - әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.

  • мұғалім- оқушы шығармашылық іс- әрекеттерін зерттеп, сараптау.

  • мектептің қабілеті жоғары оқушылары туралы мәліметтер банкін құрып, олимпиадалық резерв дайындау.

Үшінші кезең – 2016 - 2017 жж Аналитикалық-нәтижелілік – орындалған іс-әрекеттердің нәтижесін талдау, тарату.

  • аралық нәтижелер мен экперимент бойынша алынған материалдарды диагностикалау, гимназия- интеранттың Даму бағдарламасының мазмұнына түзетулер енгізу;

  • бейімдеп оқытуды мектеп ішінде ұйымдастыру нәтижесін талдап шығару;

  • шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын шығару, іс-тәжірибелерін тарату.

Бағдарламаны іске асыруды басқару

Бағдарламаны гимназия-интернатының әкімшілігі оқу-тәрбие үдерісінің барысын бақылау және іс-шараларды басқару үдерісінде іске асырады.

Бағдарламаны іске асыру барысы мен нәтижелерінің мониторинг тәртібі


Бағдарламаның негізгі бағытын іске асыру нәтижесінің мониторингін эксперттік жұмыс тобы, педагогикалық ұжымның өкілдері, ата-аналар комитеті, оқушылар комитетінің мүшелері, педагогикалық қоғамның тәуелсіз өкілдері, мемлекеттік басқару органдары бақылап отырады.

Жылына екі рет (жылдың басынада және ағымдағы оқу жылында) эксперт тобы бағдарламаны іске асыру кезеңдерінің нәтижелерін бақылап, одан әрі қызметін нақтылап, түзетулер енгізу үшін қорытындысын шығарады. Мониторинг нәтижесі әкімшілік отырыстарында, педкеңесте, оқушылар мен ата-аналар жиналастарында талқыланады.



Нәтижелерін бақылау. Диагностикалық материалға талдау (саулнама, тест).

Енгізілген оқыту мен тәрбиелеу технологиясының аспектісінде өзара сабақтар мен тәрбиелік іс -шараларға нақты, толық талдау жасау

Оқушылардың оқу қызметі тиімді ұйымдастырылғанын оқушылардың оқу іс- әрекетіндегі қалыптасқан деңгейлерін анықтайтын диагностика арқылы бақылау.

Мұғалімдердің кәсіби дамуын диагностикалау.

Оқушылардың оқу нәтижелерінің қозғалысын тоқсан, жартыжылдық, жылдық нәтижелері арқылы бақылау.

Оқушылар мен мұғалімдер портфолиосына талдау.





ІІ. ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСІНІК ХАТ
«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамаңдандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014-2017 жылдарға арналған ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ жетістіктері мен кедергілері бар, басты мақсаты, міндеттері айқындалған, оқушыларды дамытуға, білім, тәрбие беруге бағытталған, кадрлармен қамтамасыз ету ерекшеліктері анықталған, педагогикалық процесте мекеменің әдістемелік, сонымен қатар

оқу-тәрбие жұмысының инновациялық дамуына жағдай жасалған, жоспарланған жетістіктері, критериилері бар ұзақ мерзімді нормативті-басқару құжаты болып табылады. Даму бағдарламасын жасау білім беру мекемесінің болашақта жететін нәтижелерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия - интернатының 2014-2017 жылына арналған даму бағдарламасы нормативті-құқықтық заңнамалық актілерін негізге ала отырып жасалды. Бағдарламада жылдар бойынша кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат қойылған, атқарылатын мерзімді жұмыстар жүйеленген, кадрлар мен оқушыларға арналаған кезеңді іс-әрекеттер, оқу-тәрбие процесіндегі нақты міндеттер, жергілікті бюджет бойынша бөлінген қаржы, мұғалімдердің сапалық құрамы, күтілетін нәтижелер енгізілген.
Даму бағдарламасы үш кезеңнен тұрады. Бірініші кезең - 2014-2015 жж. Педагогикалық ұйымдастыру кезеңі – педагогикалық  іс-әрекетті ұйымдастыруды зерттеушілік деңгейге жеткізу. Бұл кезеңде мектеп мұғалімдер үздіксіз әдістемелік және психологиялық оқытудан өтеді, оқушы тұлғасын зерттеу әдістемелерін  жетілдіреді, оқушыны психологиялық, педагогикалық тұрғыда диагностика арқылы зерделейді, мұғалім мен оқушының зерттеушілік іс- әрекетін ұйымдастырылады, талдау жасалады, ақпарат банкі құрылады. Екінші кезең - 2015 - 2016 жж. Бағдарламаны енгізу кезеңі – білім беру мазмұнын, тәрбие үрдісін жетілдіру. Дарынды және шығармашылығы жоғары қабілетті оқушылармен жұмыс жүйесі қалыптастырылады, білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын  білім, тәрбие беру үрдісіне енгізіледі, мұғалім-оқушы шығармашылық іс- әрекеттерін зерттеледі, мектептің қабілеті жоғары оқушылары туралы мәліметтер банкін құрылып, олимпиадалық резерв дайындалады. Үшінші кезең – 2016 - 2017 жж Аналитикалық-нәтижелілік – орындалған іс-әрекеттердің нәтижесін талдау, тарату. Аралық нәтижелер мен экперимент бойынша алынған материалдарды диагностикаланады, гимназия-интеранттың Даму бағдарламасының мазмұнына түзетулер енгізіледі, бейімдеп оқытуды мектеп ішінде ұйымдастыру нәтижесін талдап шығарылады, шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын шығарып, іс-тәжірибелері таратылады.

Даму бағдарламасының екінші кезеңіне өте отырып, биылғы оқу жылында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету арқылы бәсекеге қабілетті дарынды тұлға қалыптастыру мәселесін өзіміздік бағдарламамыздың мақсаты етіп алдық. Мақсатқа жету үшін кәсіби қоғамдастық және желілік қауымдастық арқылы тәжірибе алмасу негізінде дарынды, шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жүйелі, нәтижелі жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін оқып-үйренуді, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды міндет еттік. Мектептің ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жасау арқылы болашақта мектебіміздің білім сапасы өседі, нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті білім алу үшін жағдай жасалады, оқушы және мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамытуға, оқушыларды жеке тұлғаға бағытталған оқытуға бет бұрғызуға, әдістемелік қызметтің жаңа моделі негізінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға көңіл бөлінеді; қажет білімді өз бетінше алып, қалыптасқан әр түрлі мәселерді шешу үшін алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана алатын мектеп түлектері дайындалады деген нәтижені күтеміз. Бағдарламаны әзірлеу оқу-тәрбие процесіне өзгерістер енгізу мен білім беру сапасын арттыру  қажеттілігінен туындады.



ІІІ. МЕКТЕП ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Заңды тұлға атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамаңдандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Мекен жайы : Петропавл қаласы,Семашко к., 2

Мектеп телефоны : 47-57-34

e-mail: daryn_petropavl@mail.ru

Негізі қаланған жыл : 1981

Мектеп типі: типтік

Жоба қуаттылығы: 480 орындық

Білім беру мекемесінде төмендегідей нормативтік құқықтық сипаттағы құжаттары жинақталған:

Мемлекеттік лицензия: №14005962, 29 сәуір2014 жылы берілді, мерзімі шектелмеген

Заңды тұлғаны қайта тіркеу куәлігі: №1138-1948-01-ГУ, 23.05.2013

Білім беру ұйымының жарғысы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы №102 қаулысымен бекітілген

БСН: № 920 940 000 461

БИК: KKMFZ2A

ИИK: KZ92 0701 02KS N480 1000

Медициналық қызмет лицензиясы: 01086DT, 22.10.2013

Бағынатын орган: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Мектеп директоры: Тукенова Күлжан Жұмашқызы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қоспанова Дариха Ерденқызы

Ғылыми - әдістемілік ісі жөніндегі орынбасары: Есқалиева Айнагүл Жұмабекқызы

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Есенғалиева Жақсылық Көкенқызы
2015-2016 оқу жылының басында гимназия-интернатта 432 оқушы болды. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда

50 оқушыға кем. Кему себебі бастауыш, орта сыныптарда оқушылардың саны кеміді. Өткен оқу жылында 22 сынып-комплектісі болса, биылғы жылы 21. Сабақ бір ауысымда өтеді. Оқыту тілі – қазақ тілі. Бағыттары: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық. Оқушыларды қабылдау түрі: мектепке оқушылар 1- сыныптан бастап қабылданады. Қазақ тілі мен математикадан 30 сұрақтан тұратын тест алынады, психологиялық тест, пән мұғалімдерімен әңгімелесу.



Сынып-комплектілер саны : 21.

1-4 сыныптар – 4; 5-9 сыныптар – 12; 10-11 сыныптар – 5

Қаладан келіп оқитындар: 192 оқушы. Интернатта тұратындар: 240 оқушы

Бастауыш, орта және жоғарғы сынып бойынша оқушылар саны:



Сынып-комплектілер бойынша оқушылардың саны:

Сынып

1

2


3

4

1-4 сын.

























5-9 сын.

10ә

10б

11а

11б

11г

10-11 сын.

1-11 сын.

Сыныптар саны

1

1

1

1

4

2

2

3

3

2

12

2

3

5

21

Оқушылар саны

24

25

26

22

97

23

24

23

22

20

13

20

21

14

23

21

24

250

20

20

20

21

6

87

434

Барлығы

24

25

26

22

97

47

45

53

58

45

248

40

47

87

432

Білім алушылар контингенті

Оқу жылы

Сынып- комплект

Барлығы

Оның ішінде

Оқыту формасы бойынша

Оқыту сатылары бойынша

Оқыту тілі бойынша

күндізгі

кешкі

дист

бастауыш

негізгі

орта

мемлекеттік

орыс

2012-2013

21

475/464

475/464

-

-

105/100

261/260

109/104

475/464

-

2013-2014

21

477/457

477/457

-

-

105/100

251/246

121/111

477/457

-

2014-2015

22/21

482/453

482/453

-

-

109/107

249/245

124/101

482/453

-

2015-2016

21

432

432

-

-

97

248

87

432

-


оқушылардың оқудағы көрсеткіш динамикасы

Мазмұны

2012-2013

2013-2014

2014-2015

2015-2016

Оқу жылының басында оқушылар саны:

  • негізгі мектеп

  • орта мектеп

475

477

482

432


Оқу жылының аяғында оқушылар саны:

  • негізгі мектеп

  • орта мектеп

424

458

453

430


Мектеп бітірген оқушылар саны

  • үздік аттестатқа

  • «Алтын белгі»

  • үздік куәлікке

2

2



15

3

1



3

1

2



5

3

5



5

Оқу жылының соңында үздіктер саны

7-сыныптарда

8-сыныптарда

9-сыныптарда

10-сыныптарда

11-сыныптарда


12

12



8

22

4


17

10



10

17

28


8

15



4

5

39


15

15



7

7

35



Екпінділер саны:

- 7-сыныптарда

- 8-сыныптарда

- 9 -сыныптарда

- 10-сыныптарда

- 11-сыныптарда


26

32



27

19

17


24

26



31

42

9


41

43



31

37

10


50

50



20

20

17



Білім сапасы

87

83

88

90

Оқуға түскен түлектер саны:

- колледждер

- ЖОО


59

2

35



3

46


47


Түлектер саны:

- мемлекеттік грант алған

- обл гранты

38

27

40

47


Жақын мемлекеттерге оқуға түскен түлектер саны

2

3

9

5

Алыс мемлекеттерге оқуға түскен түлектер саны







5

3

Әскери ЖОО түскен түлектер саны

5

1

3

5



Мектеп бітірушілерді еңбекке орналастыру (11-сынып)
Педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы
Vііі. 2015-2016 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарлары
Сегізінші бағыт -

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет