Сабақ№2 Сынып: 11а пәні: География Сабақтың тақырыбы: Азияның саяси картасы және аймақтары



бет3/4
Дата04.07.2018
өлшемі87,28 Kb.
#46627
түріСабақ
1   2   3   4

Қортынды кезең. Бүгінгі сабақтан нені білдік?

Қытай елінің экономикасы 1949-57 ж. және 1960-70 жылдардағы айырмашылық неде?

ЖІӨ Жапониямен салыстыр.

А/ш дамуын Жапониямен салыстырып, елдің экономикасына тигізген әсері.



Мерзімі:

Сабақ№10

Сынып: 11А

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы: Ішкі айырмашылықтары, экономикалық аудандары, туристік нысандар, сыртқы байланыстар, Қазақстан Қытаймен қарым-қатынас.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Қытайдың ЕЭА дамуына сипаттама жасау, Қытайдың баж салығынсыз аумақтары, туристік нысандардың құрылуы туралы білім беру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Географиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, өздігінен тапсырма беру, картамен жұмыс.

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындалу.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.



  1. ҚХР жарияланған жыл.

  2. 1979 ж реформаның жетістіктері қандай болды?

  3. 1953-1958 ж аралығында Қытайдың дамуы.(өнеркәсіп, банк, көлік, сыртқы сауда мем қарамағына алынды, помещиктер табын жойды, шаруалар жер алды, кооперативтер, жоспарлы эк-ка, өнеркәсіп а/ш 2,3 есе өсті, индустрияның негізі қаланды, солтүстік пен батыс провинциялар өнеркәсіп, жұмысшы табы өсті, КСРО көмек ұсынды)

  4. 1960-1970 ж ҚХР саяси бағыты.отын-энергетиканың басты алабын картадан көрсет.

  5. Шаруашылықтың даму ерекшеліктері.

  6. Оған қандай факторлар әсер етеді?

ІІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Қытайдағы барлық ерекше экономикалық аудандар (ЕЭА) оңтүстік-шығыста орналасқан. Тапсырма: Кестеге мына мәліметтерді еңгіз:

5 ЕЭА

мақсаты

бағыты

Рөлі неде?

Бұлардың арасында байланысты көрсет, экономиканың дамуына қортыныды жаса.

Қытайлық баж салығынсыз аймақ «еркін портты». Бұл аймақта, экспорттық өнімдер,шығаратын өндеуші өнеркәсіптер мен сыртқы сауда дамиды. Онда ерекше кедендік полиция мен кедендік бақылау орнатылған.

1990 ж 13 баж салығынсыз аймақ құрылған. Бұл елдегі ең ашық аймақ, Солтүстік Қытайда ең ірі аймақ. Солтүстік-Шығыста шетелдермен байланысын кеңейтуге маңызды рөл атқарады.

Шекара маңында ашық қалалар. 1992 ж наурыз айында сыртқы сауда шекара маңында 13 қала қосылды. Оларды үлкен атластан тауып көрсету.

Тапсырма: Картадан Қытайдың құрлықтағы шекарасы қайсы елдермен шектесетінін анықтандар. Оның саяси және экономикалық-географиялық жағдайына баға беріңдер.

Қытайдағы туристік объектілер туралы әңгімелеу. Пекин қаласының ерекшелігі туралы, туристер үшін таңдайтын жер бар екенін, Қытай дың соңғы кездегі дамуы туралы әңгімелеу. Оқушылардың қызуғышылықтарын оятып Үйге, мәтінге сүйене отырып ғаламтор арқылы Қытайдың көрікті жерлерінің суреттерінен слайд жасау.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта не туралы білдік?

Сабақ несімен ұнады?

Қытайдың қандай объектілерімен таныстыңдар?

Қытай экономиканың жедел дамуына не әсер етті?

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Мерзімі:

Сабақ№11

Сынып: 11А

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы:Үндістан.

Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларға Үндістанның ЭГЖ, мемлекеттік саяси құрылымы, геосаяси мен табиғи жағдайы туралы білім беру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасау арқылы қызығушылықтарын оятып, пәнге деген сүйіспеншілікті дамыту.

Тәрбиелік: Жұмысты өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, өздігінен жұмыс жасау, картамен жұмыс.

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.

Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындалу.

ІІ: Жаңа тақырып түсіндіру. Үндістан мемлекетінің қалыптасу кезеңі туралы не білесіңдер?Қазіргі Үндістан аумағында өте ертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру.

Тапсырма: сызба жасау.

Үндістан


ЭГЖ

Мемлекет құрылымы

Геосаяси жағдайы

Оңтүстік Азияда

25 штата пен 7 аумақ

Дели

Шығыста-Бангладеш, Мьянма,

Солтүстікте-Қытай, Непал, Бутан,

Батыста-Пәкстанмен,

Үнді мұхит, Полк бұғазы, Шри-Ланка,

Шекара-14103 км, жағалау-7000 км, ауданы-3 млн 288 мың км2.

ЭГЖ шаруашылыққа қолайлы, Қызыл т арқылы Тынық мұхитқа, Үнді мұхит арқылы Аустралиямен байланыс бар.Пәкстан арасында мәселелер қиын, Қытай арасында шекара биіктаулы Гималай. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан-ауған жері бөліп жатыр.


Тәуелсіздік 1947 ж 15 мамырда,

26 қаңтар-республика жарияланған,

Билік-Президент

Кеңесін басқарушы-Премьер министр

Заң шығарушы-Екі палата,

Жоғары-халықтық, төменгі-штаттар кеңесі.

Саяси партиялар-ҮҰК, Бхаратия партиясы.


Б.з.б. ІІ м/ж харапп өркениеті.

Веда тілі алып келген үнді-арий тайпалар.

Б.з. ҮІ ғ. Парсы империя І Дарийдің қоластына өтті.

1398-1399 ж Темірлан

1526 ж Бабыр шах.

ХҮІІІ ғ.Ұлы Монғолдар.

ХҮІІІ ғ. с. мен ХІХ ғ. б. Британия.

1958 ж сипайлар көтерілісі

1947 ж тәуелсіздік.


Физикалық картадан Үндістанның жер берін көрсете отырып, әңгімелеу. 3 табиғи зона өтеді. Декан таулары түбекті дерлік алып жатыр. Үнді-Ганг жазығы екі бөліктен тұрады.

Шығыста-Ганг, Брахмапутра өзеңі, ылғалды тропиктік орман.

Батыста-Тар шөлі құрғақ аймақ.

Солтүстікте-Гималай таулары.Чогори -2 шың, Қарақорым-ең биік нүкте. Канченджанга-3 шың Нангапарбат орналасқан.

Басты өзендерін физикалық картадан табуға тапсырылады.Ганг, Үнді, Брахмапутра, Годавари.

Пайдалы қазбалар: көмір д/ж бойынша 4 орында. Темір кені, табиғи газ, мұнай,

марганец, титан, хром, алмас, слюда, әктас.

Климаттық жағдайы: жылдың үш мезгілімен ерекшеленеді. Көп бөлігін қыс- құрғақ, солтүстік-батысы циклонға ж-ш мол түседі.

Наурыз айынан температура өседі, мамырдың соңында ең жоғары шегіне жетеді +400С.

Маусымда жаңбыр басталады, температура төмендеп, ылғалдылық95% және одан да жоғары көтеріледі.

Қйркүйекте муссондар кетеді,температура 25-270С тұрақтайды. Кейбір аудандарда циклондар дауылға, тіпті тайфундарға ұласады.

Қорытынды. Не туралы білдік? Нені қосасындар? Несімен маңызды болды?

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: Параграф соңындағы тапсырмаларды орындау.

Сабақ №12 мерзімі
Сабақтың тақырыбы:Үндістаның шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Үндістанның халқы мен шаруашылықтың негізгі белгілері, ішкі айырмашылықтары туралы білім беру.

Дамытушылық: картамен жұмыс жасау арқылы, кесте арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өзге елдердің экономкиалық-әлеуметтік жағдайларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, географиялық диктант, кестемен жұмыс, картамен жұмыс

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.



  1. Географиялық диктант:

  • Үндістанның құрамында 25 штат.

  • Үндістан шығысында Бангладешпен, Мьянмамен шектеседі.

  • Үндістан тәуелсіздікті 1947 жылы 15 тамызда алды.

  • Заң шығарушы орган екі палатадан тұрады.

  • Үндістан түбегін Декан таулы үстірті дерлік алып жатыр

  • Көмір қоры жөнінен дүние жүзінде 4 орын алады.

  • Егістік 55 %, орман мен бұталар 23 % алып жатыр.

ІІ: Жаңа тықырыпты түсіндіру.

  1. Оқушыларға кестені толтыру тапсырылады.

    Халық саны

    1189 млн

    тығыздылығы

    362 адамнан

    ұлты

    Көп ұлтты, үнді-арийлер. 300 аса этнос бар,

    тілі

    Хинди, ағылшын

    діні

    Индуизм, ислам, христиан, сикха, будда

    Табиғи өсуі

    Туу 1000 23, өлу 10007 адамнан,

    Жыныстық құрамы

    Ерлер көп,

    тұрмыстары

    Шаруалар басым, жұмысшылар көбі шеберханаларда жұмыс істейді

    Урбандалу

    Сыртқы-шектеулі, ішкі өсуде, ауылдан қалаға көшу басым

  2. Экономикасы дәстүрлі мен қазіргі заманға сай а/ш өндіріс, жаңа жабдықталған кәсіпорындар дамуда.

Мемлекеттік секторы,

Ұлттық жекеменшік қолында

Шетел монополия

Жер қойнауындағы байлықтар, темір жол, шаруашылық, байланыс, суландыру құрылысы, ірі банк, ауыр өнеркәсіп,

Жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металлургия,

Мұнай өңдеу, химия,




  1. Картамен жұмыс, мына қалаларды картадан таб.

Калькутта, Мумбай, Мадрас

  1. А/ш.Реформалар жүргізгенен кейін капиталстік шаруалар нығайып, арендаторлардың жағдайы жақсарды. а/ш өнімдері өсуде, сұраныспен қамтамасыз етеді. Күріш өндіруден д/ж 2 орын алады.

80% азық-түлік дақылдары

Техникалық дақылдар

Мал шаруашылығы

Күріш-Ганг ө төменгі ағысында

Раби-Ганг ө жоғары

Тары – Декан таулы үстіртінде


Мақта- Декан таулы үстіртінде солт-бат

Шай-Гималай шығыс




Қой –негізгі шаруашылық

Ірі қара д/ж орында

Құс , балық,

Өнеркәсіп, көліктің дамуы туралы әңгімелеп, 16-суреттен негізгі аумақтарды көрсету.



  1. Ішкі айырмашылықтар. Дамадор ө ауыр өнеркәсіп, жеңіл, тамақ, күріш, джут, шай осы жерде шоғырланған.

Сатледж ө Бхакра-Нангал су электр стансасы, бидай мен техникалық дақылдары өсіріледі.

Ең ірі Дели – бай адамдар тұрады. Ескі мен жаңа деп бөлінеді.



Батыс пен Шығысы- мақта, мақта мата өнеркәсіп кешені бар, мұнай өңдеу, мұнай химия өнеркәсібі қалыптасқан.

Мумбайда түрлі машина жасау зауыттары орналасқан. Ғылыми-зерттеу институты, университет, киностудия бар. Туристер үшін, қонақжай үйлер салынған.

Оңтүстік штат – күріш, көкөніс, кокос,

Мадрас қаласында – а/ш өнімдерін сыртқа шығарумен айналысады.

Бангалор – көлік машина жасау, станок жасау зауыттары бар.

Қорытынды кезең: Сабақта не туралы айтылды?

Нені білдіңдер?

Үндістан несімен ерекшеленеді?

Бидай өндіруден нешінші орынд алады? (2)

Экспортқа шығаратын дақыл. (шай)

Ірі қара өсіруден д/ж алатын орны. (1)

!шкі айырмашылықтар неден байқалады?

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру. 29 параграфтың соңындағы тапсырмаларды орындау.





Халық саны




тығыздылығы




ұлты




тілі




діні




Табиғи өсуі




Жыныстық құрамы




тұрмыстары




Урбандалу




  1. Экономикасы дәстүрлі мен қазіргі заманға сай а/ш өндіріс, жаңа жабдықталған кәсіпорындар дамуда.

Мемлекеттік секторы,

Ұлттық жекеменшік қолында

Шетел монополия











Халық саны




тығыздылығы




ұлты




тілі




діні




Табиғи өсуі




Жыныстық құрамы




тұрмыстары




Урбандалу




  1. Экономикасы дәстүрлі мен қазіргі заманға сай а/ш өндіріс, жаңа жабдықталған кәсіпорындар дамуда.

Мемлекеттік секторы,

Ұлттық жекеменшік қолында

Шетел монополия










Мерзімі:

Сабақ№13

Сынып: 11А

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы:Түркия

Сабақтың мақсаты:Білімділік:ЭГЖ, тарихы, жер бедері мен климаты, халқы мен шаруашылығы туралы білім беру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өзге елді тануға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың құрал – жабдықтары: Түркияның жер бедері картасы, саяси картасы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сурет салу, картамен жұмыс, кестені толтыру.

Сабақтың барысы: І: Ұйымдстыру кезеңі.

ІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Түркия 75 провинция бар. 1923 жылы 29 қазанда тәуелсіз жарияланды. 3%-Еуропада, 93% Азияда орналасқан. Халықаралық қатынастар үшін ЭГЖ қолайлы. Босфор, Дарданелл, Мәрмәр теңіздер арқылы су жолы бар. Сыртқы қатынастар жасауға қолайлы.

Тапсырма: Түркияның физикалық картасынан, Түркияның шекарасын сыз. Шектесетін мемлекеттерді белгіле, жер бедерін, басты өзендері, көлдерді түсір.

Жер бедері таулы болғандықтан климаты алуан түрлі:



  • Қара теңіз жағалауында жылы қоңыржай, ылғалы мол, жазы ыстық, қысы жылы,

  • Жерорта теңізініңі жағалауында жерорта теңіздік климат , жазы ыстық құрғақ, ал қысы жылы жаңбырлы.

Түркияның 30% егісмтік жерлер, 26% ормандар мен бұталар, 12%шабындықтар мен жайылымдар.

Мұнай мен газ оңтүстік-шығыста;

Темір кені Фетхия мен Гулеман

Мыс кені Эргани, Мургул, Улудаг тау. Бат

Экспортқа – хром, мыс, алюминий, темір, кокстелінген көмір. Ас тұзымен Тұз көлі қамтамасыз етеді.


Халқы: саны

73,6 млн

Тығыздылығы 1км2

95

құрамы

94% түріктер, күрдтер, арабтар, түрікмендер, черкестер, лазылар, аджарлар, абхаздар, ингуштер, шешендер

тілі

Алтай тіл семьясына түркі тобына

діні

99%ислам

Туу көрсеткіші

1000 адамға 18 нәресте

өлу

1000 адамға 6 адамнан

Өмір сүру ұзақтығы

әйелдер 74, ерлер 69 жас

ЭБХ

20,4 млн адам, 44% а/ш, 41% қызмет көрсету саласында. 15% өнеркәсіпте.

Түркияның ірі қаларын мәтінге сүйене отырып картадан тауып, мәлімет жинау.
Шаруашылығы. ХХ ғ. 70 ж аграрлық ел болып келеді. Халықтың көбі тамақ, жеңіл өнеркәсібімен айналысады.

Экономикасы орталықтандырылған экономикадан еркін нарықтық экономикаға өтуде.

Өнеркәсіп дамыған салалар:

Тау-кен-көмір, хромит, мыс, бор Металлургия, Мұнай,



Тоқыма, Тамақ, құрылыс

Тас көмір

Қара т жағалауында Эрегли, Зонгүлдак, Амасра, Сегютези. Батыста Сейтемер, Тунчбилек, Дегирмисаз, Сам, Чан, Бейпазары, Әрәурулі

мұнай

Оңтүстік-шығыста, толық қамтамасыз етпейді

металлургия

Толық қамтамасыз етеді

Темір кені

Давриги, Сивас,

Хром кені

Фетхие, Башеррон, Гулеман,

мыс

Эргани, Моргул,

Қорғасын, мырыш

Кебан, Симав, Девели,






Электр эенергия

Ең ірі СЭС Ефрат ө Кебан су э.с.Сакария, Қызыл-Ирмақ, Тартус, Гезид, Сейхан ө салынған. Амбарлы мен силяхтар Стамбұл қ электр энергиямен қамтамасыз етеді.

Қара металлургия

Жылына шойын 4,8 млн т, болат Измир, қырыққалледене, Анталия мен Элизиге қ темірн-хром зауыттары жұмы істейді.

Түсті металлургия

Эргани, Мургуле қ мыс, Самаун, Сейдишехир қ алюминий зауыттары бар

Машина жасау мен металл өңдеу

Фиат, Рено, Мерседес, Тайота машиналары шығаруда, Стамбұл, бурса, Измир, Мерсин қ жүк таситын автомобильдер, автобукстар, миниавтобустар. 30 мың трактор, Тепловоздар, жолаушы, жүк вагондарын Ескишехир, Адапазары, және Сивал қ өңдіріледі. Стамбұл, Измир, Пендик қ кеме жасайтын зауыттар, Тұрмысқа қажетті электротехника құрал-жабдықтар Стамбұл, Измир қ шығарылады.

Химия өнеркәсібі

Измир, Ашага, Мерсин қ мұнай айыру және өңдеу зауыттары жылына 13 млн т мұнай өңдейді. 7 зауыт химиялық тынайтқыштар, Стамбұл, Измир және Адапазары қ түрік-америка автомобиль доңғалақтарын жасайды. Мәрмәр т шағын қ тұрмысқа қажетті жуғыш заттар шығарылады.

Жеңіл өнеркәсібі

Мақта мата өңдіру. Стамбұл, Измир, Адана қ, ал жүннен тоқылатын мата өңдіретін комбинаттар Бурса, Стамбұл, Херене, Диярбақыр, Спарта, Бюнеян қ орналасқан. Анадолы кілем тоқу. Алтын, күміс, қыш бұйымдарын жасайтын жекеменшік шеберханалар бар.

Тамақ өнеркәсібі

Жетекші орын алады. Өсімдік майы, кепкен жемістер, қалбырланған көкөкністер өндіреді. 17 қант зауыты, ет, сүт дайындау, май шайқау, шай, кондитер.

Ауыл шаруашылық

Егін шаруашылығы жетекші орында техникалық дақылдар

Бидайдан 2 орынға ие. Қант қызылшасы

Қант, арпа, сұлы, кұбағыс-1 орын. Мақта-оңтүстік-шығыста, Мәрмәр т жағалау

Зәйтүн, жүзім, інжір д/ж алдыңғы орында. темекі

Орман жаңғағы-1орын жержаңғақ,күнжіт-Анадолы оңт

Мақта, темекі, інжір экспортқа шығарады Зәйтүн, мандарин-жерорта т. жағасында

Диярбақыр –баубақша өркендеген.
Мал шаруашылығы:

Басты қой өсіру-50 млн. Анадолы таулы аймағында ангор ешкісінің саны 15 млн д/ж 2 орын.

Мүйізді ірі қара 17 млн бас. Оңтүстігінде түйе, жылқы, қашыр өсіріледі. Құс шаруашылығы қолға алынса, балық шаруашылығы жоқтың қасы.

Көлік пен турістік нысандар туралы әңгімелеп, негізгі объектілерді және ерекшеліктерін атап өту.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта нені білдік?

Қандай маңызды шаруашылық Түркияда байқалды?

ЭГЖ-ның қолайлылығы неде?

Шаруашылығының экономикаға қосқан үлесі қандай?

Сабақты бекіту мақсатында, мына тапсырманы беру:

Нұрбек-Анадолы мен Измир қаласында дамыған өнеркәсіп пен шаруашылық түрлерін атап шық.

Айсана-Стамбұл мен Анталияда қандай өнеркәсіп түрлері бар.

Нурсұлтан-Кебан мен Жерорта т жағалауында қандай шаруашылық түрелрі бар

Әсел-Спарта, Мерсин қаларын туралы мәлімет жинақта.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: параграф соңындағы тапсырмаларды орындау, қайталау.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет