Сабақтың тақырыбы Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер.
Сабақтың мақсаты. Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер бойынша алған білімдерін жүйелеу.
Сабақтың міндеттері. 1. Логарифмдік теңдеулердің шешу жолдарының тиімді тәсілдерін есеп шығаруда білім, біліктерін арттыру.
2. Теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ойлау және есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқып, ізденуге, шығармашылық қабілетін дамытуға, уақытты ұтымды пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі.Қорытынды сабақ.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
Кім жылдам. Қайталау сұрақтары
Жұбын тап ойыны
Тақтамен жұмыс «Көз көреді, ал ақыл-ой одан да әрі көреді».
Семантикалық карта
Өздік жұмыс «Жолы болар түлекке!»
Тест жұмысы
Сабақты қорытындылау
Бағалау
І. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысымын тексеру.
ІІ. Қайталау сұрақтары
Санның логарифмінің анықтамасын беріңдер.
Логарифмдік теңдеудің анықтамасы.
Айнымалысы логарифм белгісінің ішінде болатын теңдеуді логарифмдік теңдеу деп атайды.
Логарифмдік теңдеуді шешу жолдары:
Логарифмнің анықтамасын қолдану арқылы шығарылатын теңдеулер.
Потенциалдауды қолдану үшін логарифмдік теңдеуді түріне келтіру.
Жаңа айнымалы енгізу тәсілі.
Мүшелеп логарифмдеу тәсілі.
Жаңа негізге көшу.
Көрсеткіштік теңдеуді шешу жолдары:
Бірдей негізге келтіру
Жаңа айнымалы енгізу
Графиктік
Логарифмдеу тәсілдерімен шешіледі.
Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу барысында қойылатын негізгі талаптарды атаңдар.
Логарифмдік теңсіздікті шешу үшін басты назар неге аударылады.
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу кезінде логарифмдік функцияның анықталу облысын және қасиеттерін ескеремиз
1>
Достарыңызбен бөлісу: |