Сабақтың тақырыбы: 1-қыркүйек-Білім күні. Сабақтың мақсаты


Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 38 бет



бет4/14
Дата04.07.2018
өлшемі2,91 Mb.
#46435
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 38 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!


Сынып 4
Сабақтың тақырыбы: Түркістан
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Тарихи орындар, Түркістан қаласы, киелі қала туралы алған білімін кеңейту және тереңдету.Туған ел туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, оқушылардың алған білімін саралай отырып, практикалық дағдылармен салыстыру.

  2. Дамытушылық: сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту,ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.

  3. Тәрбиелік:киелі, қасиетті қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке, оқушыларды сапалы ел азаматы болуға тәрбиелеу. Туған жерді,рәміздерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

  4. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, слайд, суреттер,кестелер, «Қазақстан Республикасы» сөзі.

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, жобалау технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелесу, танымдық ойындар, диалог, ертегі-көрініс.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:

1.ҚР-ның Мемлекеттік Гербтің ортасында не бейнеленген?

2.Гербтің екі жағын не көмкерген?

3.Гербтің жоғарғы жағында не орналасқан?

4.Гербтің төменгі жағында не бар?

5.Мемлекеттік Гербтің авторлары кімдер?


III. Жаңа сабақ.
1.Сөздікпен жұмыс

Көне-древнии, старый

Түріктер мекені-земля тюрков

Кесене-мавзолей

Қасиетті жер-священная земля

2.Мәтінмен жұмыс

Түркістан-көне қала. Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында орналасқан. Қаланың көне аттары –Шабғар, Йасы.

Түркістан-түріктер мекені деген сөз. Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бар. Бұл-ғажайып ғимарат. Қожа Ахмет Йасауи-белгілі түрік ғалымы. Түркістан-қасиетті жер.
Сұрақтар:

1.Түркістан қандай қала?

2.Ол қайда орналасқан?

3.Қаланыңкөне атаулары қандай?

4.Түркістанда қандай кесене бар?

5.Қожа Ахмет Йасауи кім?

5.4-тапсырма.Берілген сөздерді топтап жаз.
Қатаң дауыссызы бар сөздер: көше, ескі, қала,кітап,ат,

Ұяң сөздер: аз, жер,ел, ол, баға, жүз, жаз, жаға.

Үнді сөздер: өлең, Йасы,
6.4-тапсырма.Сөзжұмбақты шеш.

1.Священный-қасиетті

2.Разные-түрлі

3.земля-жер

4.Государство-мемлекет

5.Известный-атақты

6.Мавзолей-кесене

7.здание-ғимарат

8.Ученый-ғалым

9.Древний-көне


7.Сабақты қорыту.

1.Түркістан қандай қала?

2.Ол қайда орналасқан?

3.Қаланыңкөне атаулары қандай?

4.Түркістанда қандай кесене бар?

5.Қожа Ахмет Йасауи кім?
Рефлексия кезеңі.

-Балалар, өздерің қалай ойлайсыңдар, сабақ қалай өтті?

-Жақсы!

-Әрине жақсы! Өйткені біз өзіміз кішкентай болғанымызбен, біз қазірден бастап Отанымызды сүйеміз.Рәміздерімізді білеміз.




Білемін

Білдім

Білгім келеді




















Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!
Сынып 4
Сабақтың тақырыбы: Отырар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Тарихи орындар, Отырар қаласы, киелі қала туралы алған білімін кеңейту және тереңдету.Туған ел туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, оқушылардың алған білімін саралай отырып, практикалық дағдылармен салыстыру.

  2. Дамытушылық: сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту,ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.

  3. Тәрбиелік:киелі, қасиетті қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке, оқушыларды сапалы ел азаматы болуға тәрбиелеу. Туған жерді,рәміздерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

  4. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, слайд, суреттер,кестелер, «Қазақстан Республикасы» сөзі.

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, жобалау технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелесу, танымдық ойындар, диалог, ертегі-көрініс.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:

1..Түркістан қандай қала?

2.Ол қайда орналасқан?

3.Қаланыңкөне атаулары қандай?

4.Түркістанда қандай кесене бар?

5.Қожа Ахмет Йасауи кім?


III. Жаңа сабақ.
1.Сөздікпен жұмыс

Көне-древнии, старый

Көне қалалардың бірі-один из древних городов

Ғұлама-великий

Салынған-построены

Топырағы құнарлы-почва плодородная

Ауа райы жұмсақ

Керуен жолдары-караванные дороги


2.Мәтінмен жұмыс

Отырар –қазақ жеріндегі көне қалалардың бірі. Отырардың ежелгі атауы –Фараб. Отырар Арыс пен сырдария өзендерінің ортасында орналасқан. Отырарда Арыстан баб кесенесі бар.

Арыстан баб- Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы

Фараб қаласында Әбу Насыр әл-Фараби туған. Ол-ғұлама адам. Отырарда ең бай кітапхана болған.



Сұрақтар:

1.Отырар қандай қала?

2.Отырардың ежелгі аты қандай?

3.Отырар қайда орналасқан?

4.Отырарда қандай кесене бар?

5.Әбі Насыр әл-Фараби кім?
5.2-тапсырма.Берілген сөздерді аяқтап жаз.
1.Ежелгі Отырар- қала.

2.Осы қалада Арыстан баб кесенесі бар.

3.Абу Насыр әл-Фараби –Фараб қаласында туған.

4.Арыс пен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан.

5.Отырарда ең бай кітапхана бар.

6.4-тапсырма. Жіңішке, жуан сөздерді бір бағанға жазыңдар.

Жіңішке сөздер: мен, ертең, көптеген, мектепке, кешкісін,сөмкеге, бірінші, тілі, үйге, өлеңді, Түркістан.

Жуан: барамын, оқу, құралдарын, саламын, ана, сабағы, тапсырылған, жаттады, Отырар, олар, қалалары.
7.Сабақты қорыту.

1.Отырар қандай қала?

2.Отырардың ежелгі аты қандай?

3.Отырар қайда орналасқан?

4.Отырарда қандай кесене бар?

5.Әбі Насыр әл-Фараби кім?
Рефлексия кезеңі.

-Балалар, өздерің қалай ойлайсыңдар, сабақ қалай өтті?

-Жақсы!

-Әрине жақсы! Өйткені біз өзіміз кішкентай болғанымызбен, біз қазірден бастап Отанымызды сүйеміз.Рәміздерімізді білеміз.




Білемін

Білдім

Білгім келеді




















Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!


Сынып 4
Сабақтың тақырыбы: «Астана –таза қала» диктант

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Лексикалық тақырып бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін, қазақ тіліне тән дыбыстардың таңбаларын дұрыс жаза алуға машықтандыру. Көркем, сауатты жазуға баулу. Таныс сөздерге септік, көптік жалғауын жалғай алу біліктілігін тексеру.

  2. Тәрбиелік: Туған жерді, аялауға, қорғауға , таза ұстауға тәрбиелеу.

  3. Сабақтың түрі: өтенді қайталау.

  4. Сабақтың көрнекіліктері: диктант жинағы

Сабақтың әдістері: оқу, аудару,әңгімелеу,тапсырманы дұрыс орындау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:

1..Түркістан қандай қала?

2.Ол қайда орналасқан?

3.Қаланыңкөне атаулары қандай?

4.Түркістанда қандай кесене бар?

5.Қожа Ахмет Йасауи кім?


III. Жаңа сабақ. «Астана –таза қала» диктант
Астана қаласы-Қазақстанның Елордасы. Ол Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мен Астана қаласында тұрамын. Астана-алып құрылыстар қаласы. Мұнда Парламент, Үкімет үйлері оналасқан. Біз сенбі күні қаланы тазартамыз. Қоқыстарды шығарамыз, сыпырамыз, тырмамен жапырақтарды жинаймыз.Астана өсіп, гүлденіп келе жатқан қала. Біз «Астана-таза қала» үші еңбек етеміз.

Грамматикалық тапсырмалар


1-нұсқа

1.Сөздерге көптік жалғау жалғаңдар: (-лар,лер,дар,дер,тар,тер)

Астана, қала, өзен, құрылыс,көше, ғимарат, дүкен.


2.Сөйлемге септік жалғауын жалғап жазыңдар.
Есіл өзен... бойында орналасқан. Мен сүйікті қаламым.. сенбілік күні өтті. Астана.. барып, досым.. үйне бардым.
Грамматикалық тапсырмалар
2-нұсқа

1.Сөздерге көптік жалғау жалғаңдар: (-лар,лер,дар,дер,тар,тер)

Парламент, Үкімет, үй, қала, жапырақ,тырма, көлік.


2.Сөйлемге септік жалғауын жалғап жазыңдар.

Мен Астана қаласын.. тұрамын. Біз сенбілік.. шығамыз. Атам... қаласы өте таза.




Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!

Сынып 4
Сабақтың тақырыбы: Туған күн – жақсы мереке.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Туған күн – жақсы мереке туралы алған білімін кеңейту және тереңдету.Мереке туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, оқушылардың алған білімін саралай отырып, практикалық дағдылармен салыстыру.

  2. Дамытушылық: сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту,ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.

  3. Тәрбиелік:киелі, Оқушыларды адамгершілікке, сапалы ел азаматы болуға тәрбиелеу. Туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

  4. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, слайд, суреттер,кестелер,

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, жобалау технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелесу, танымдық ойындар, диалог.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:

1.Қазір қай жыл мезгілі?

2.Қыс мезгілі туралы әңгімелеңдер.

3.Сен қай жыл мезгілінде туылдың?

4.Сен қай айда туылдың?

5.Туған күн қандай мереке?


III. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақты шешейік.
1.Шұбатты ненің сүтінен жасайды?

2.кукла- сөзін аударыңдар.

3.косманавт-сөзін аударыңдар.

4.қыста не жауады?

5.ас- атасы не?

6.день-сөзінің аудармасын табыңдар.

7.большой-сөзінің аудармасы.

8.біз қай мемлекетте турамыз?
1.Сөздікпен жұмыс

Туған күн-день рождение

Көктем мезгілінде-весной

Биыл-в этом году

Сыйлық-подарок

Қуанып қалдым-обрадовался

Достар-друзья

Көршілер-соседи

Құттықтады-поздравили

Жақсы мереке-хорошии праздник

Тілек-пожелание
2.Мәтінмен жұмыс

Туған күн – жақсы мереке.
Мен 25 мамырда, көктем мезгілінде дүниеге келдім. Бүгін менің туған күнім.Мен биыл 11-ге толдым.Әкем мен анам таңертең мені құттықтап,туылған күніме сыйлық берді.Мен олардың құтықтауларына қуанып қалдым.Анам екеуіміз дастархан жайдық. Анам менің ұнататын тағамдарын жасады. Әкем маған торт әкелді.Кешке достарым, көршілерім, атам мен әжем келіп мені құттықтады,жақсы тілектер айтты.Туған күн бір жылда бір келетін жақсы мереке.

3.Сөйлемдерге сұрақ қойып жазыңдар.

1.Мен 25 мамырда, көктем мезгілінде дүниеге келдім.


1._________________________________________________
2. Мен биыл 11-ге толдым.
2.__________________________________________________
3. Анам менің ұнататын тағамдарын жасады.
3.______________________________________________________
4. Кешке достарым, көршілерім, атам мен әжем келіп мені құттықтады,жақсы тілектер айтты
4.________________________________________________________________________
4-тапсырма.Кестедегі сөздерді септеңдер.


Сөздер

Септіктер

А.с

І.с

Б.с

Т.с

Сыйлық













Туған күн













көктем















5-тапсырма.Берілген сөздерді орын тәртібімен қойып жазыңдар.



Туған менің күнім бүгін.



мереке туған бір жылда

бір келетін жақсы күн.



сыйлық берді анам таңертең мені туылған күніме әкем мен құттықтап.


7.Сабақты қорыту.

1.Бүгін қандай мереке болды?

2.Сені кімдер құттықтады?

3.Саған не сыйлады?

4.Туған күн қандай мереке?
Рефлексия кезеңі.

-Балалар, өздерің қалай ойлайсыңдар, сабақ қалай өтті?

-Жақсы!

-Әрине жақсы!




Білемін

Білдім

Білгім келеді




















Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!


Сынып 4
Сабақтың тақырыбы:Әсеттің туған күні.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Әсеттің туған күн туралы алған білімін кеңейту және тереңдету.Мереке туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, оқушылардың алған білімін саралай отырып, практикалық дағдылармен салыстыру.

  2. Дамытушылық: сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту,ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.

  3. Тәрбиелік:киелі, Оқушыларды адамгершілікке, сапалы ел азаматы болуға тәрбиелеу. Туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

  4. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, слайд, суреттер,кестелер,

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, жобалау технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелесу, танымдық ойындар, диалог.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:
1.Бүгін қандай мереке болды?

2.Сені кімдер құттықтады?

3.Саған не сыйлады?

4.Туған күн қандай мереке?

III. Жаңа сабақ.

1.Сөздікпен жұмыс

Туған күн-день рождение

Тілек-пожелание

Құттықтадық-поздравили

Сыйлық-подарок

Денің сау болсың-будь здоров

Жақсы оқы-учись хорошо

Ренжітпе-не обижай

Адал-честный
2.Мәтінмен жұмыс

Әсеттің туған күні.

Бүгін Әсеттің туған күні. Әсет 12-толды. Біз Әсетті туған күнімен құттықтап, сыйлықтарымызды бердік. Біз Әсетке көптеген жақсы тілектер айттық. Болат Әсетке денің сау болсың, жақсы оқы, ата-анаңды ренжітпе, достарыңа адал бол деп құттықтады. Әсет өте қуанып қалды.

3.Сөйлемдерге сұрақ қойып жазыңдар.
1. Бүгін Әсеттің (..............) туған күні. 2. Әсетті туған күнімен (.................) құттықтап, сыйлықтарымызды (...........................) бердік. 3. Біз (..............) Әсетке көптеген жақсы тілектер (.....................) айттық. 4. Әсет (.......) өте қуанып қалды (.....................).
4.Сөздерге жатыс септіктің жалғауын қойып жазыңдар.
Әсет..., күн....., сыйлық......, тілек....., Болат......, ата-ана......, дос.......... .
7.Сабақты қорыту.

1.Бүгін кімнің туған күні?

2.Әсет нешеге толды?

3.Біз Әсетке не айттық?

4.Болат Әсетке қандай тілек айтты?
Рефлексия кезеңі.

-Балалар, өздерің қалай ойлайсыңдар, сабақ қалай өтті?



-Жақсы!

-Әрине жақсы!




Білемін

Білдім

Білгім келеді




















Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!





Пәні: қазақ тілі

4 сыныптары

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Туған күніңмен, досым!

Сабақтың мақсаты:

Танымдық қабілеттерін және ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Қазақ тілінде досын туған күнімен құттықтап, тілек айта білуді үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Досын туған күнімен құттықтап, жақсы тілек айтуда, диалог арқылы сөйлесуде өз ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруге, таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғуға, түсінуге дағдыландыру. Нақты үлгі бойынша жазба жұмыстарды орындату арқылы жіктік, тәуелдік жалғауларын қайталау, сауатты жазуға дағдыландыру.

  • Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету.

  • Тәрбиелік: Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

Көңіл-күй парағы, стикерлер, А3 форматты қағаздар, түрлі түсті бояулар (маркерлер).

Сабақтың түрі

Аралас, әңгіме-сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс, әңгімелесу.

Негізгі түсініктер:

Өзара сөйлесу, сұрақтарды тақырыпқа сай қойып, дұрыс жауап беру, дұрыс ойын жеткізу.

Оқыту нәтижелері:

  • Оқушылардың танымдық қабілеті артады.

  • Өз пікірін жүйелі жеткізе алады.

  • Өзін өзі тани білуге және жұптық, топтық жұмыста ынтымақтастықта болады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

  • Топта дұрыс шешім қабылдауға үйренеді;

  • Топта бір-бірін тыңдауға дағдыланады.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу

  • Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу

Жұмыс түрі

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Қызығушылықты ояту

1-әрекет.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Тілек ағашына» тілек жаздыртамын.



Оқушылар өздерінің тілектерін жазып, «Тілек ағашына іледі».

Топқа бөлу


2-әрекет.

Нөмірлер жазылған стикерлерді таңдату арқылы 3 топқа бөліп, көшбасшы сайлап және оқушыларға бағалау парақтарын таратамын.


Оқушылар қалаған стикерлерді таңдайды, 3 топқа бөлініп отырады.



Фонетикалық жаттығу

3-әрекет. Оқылым, айтылым.

«ғ» - туған, аға, саған, т.б.

«ү» - күн, туған күн, т.б.

«қ» - сыйлық, құттықтаймын, ашықхат, т.б.

Оқушылар сөздерді тыңдайды, қайталайды.



Ой қозғау (түрткі тастау)


4-әрекет. Сөйлесім.

- Балалар, «Сенің туған күнің қашан болады?» деп сұрақты бір-біріңне қойып жауап беріңдер. Онда қазір біз бір-бірімізден сұрайықшы.

Мысалы: - Сенің туған күнің қашан болады?

- Менің туған күнім 1-ақпанда болады. Ал сенің ше?

Оқушылар бір-бірінен сұрап, сөйлеседі.




Мағынаны тану

5-әрекет. Мәтінмен жұмыс.

    1. Мәтінді оқу.

Досымның туған күні

Бүгін менің досым Әлібектің туған күні. Ол 10 жасқа толды. Әлібек барлық сыныптағы оқушыларды туған күнін тойлауға шақырды. Анасы үлкен дастарқан жайды. Мен таңертең дүкенге барып досыма жақсы сыйлық және ашықхат сатып алдым. Содан соң ашықхатқа тілек жаздым. Сыйлықты әдемі қорапқа салып, безендірдім. Әлібекті туған күнімен құттықтап, жақсы тілектер айттым. Содан соң мен оған сыйлықты тапсырдым. Әлібек өте қуанды.



    1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Бүгін кімнің туған күні?

  • Ол неше жасқа толды?

  • Әлібек кімдерді туған күніне шақырды?

  • Анасы не істеді?

  • Ол досына не сатып алды және не айтты?

  • Әлібек қуанды ма?

Оқушылар мәтінді оқиды, берілген сұрақтарға жауап береді.



Жеке жұмыс

6-әрекет. Кестені толтырыңдар.

Мен

Сен

Сіз

Ол













Керекті сөздер: туған күнге барамын, туған күнге шақырды, дастарқан жасадыңыз, онға толдың, дүкенге бардың, сыйлық алдыңыз, ашықхат алдым, тілек жаздың, қорапқа салыңыз, безендірді, құттықтадым, тілек айттың, сыйлық тапсырдым, қуанды.

Оқушылар кестені толтырады.



Топтық жұмыс

7-әрекет. Сөйлесім. Айтылым.

1-топ. Кластермен жұмыс «Туған күні біз не істейміз?».

2-топ. Өзара диалог құрастырып сөйлесіңдер.

3-топ. Мәтін бойынша шағын әңгіме құрастыру.


Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.



Жеке жұмыс

8-әрекет. Жазылым.

Бос орынды толтырыңдар: туған күн, сыйлық, дос.

І. Менің ... І. Біздің ...

ІІ. Сенің ... ІІ. Сендердің ...

ІІ. Сіздің ... ІІ. Сіздердің ...

ІІІ. Оның ... ІІІ. Олардың ...

Оқушылар бос орынға берілген сөздерді қойып жазады.



Оқушыларды бағалау

9-әрекет.

Оқушылар білімдерін бағалап, бүгінгі сабақты қорытындылаймын.


Оқушыларды бағалап, күнделіктеріне қоямын.



Үйге тапсырма


10-әрекет.

1. Мәтінді оқу.

2. Әркім өз отбасы мүшелерінің туған күндерін айту.

Мысалы: Менің әкемнің туған күні он алтыншы қаңтарда, анамның туған күні он жетінші қаңтарда, т.б.


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.



Рефлек

сия


11-әрекет.

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Ұнамаған жағы болды ма?

  • Сендерге не қиын және оңай болды?

Өздерінің ойларын айтады.




Сынып 4
Сабақтың тақырыбы: «Мерекелердің мерекесі» диктант

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Лексикалық тақырып бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін, қазақ тіліне тән дыбыстардың таңбаларын дұрыс жаза алуға машықтандыру. Көркем, сауатты жазуға баулу. Таныс сөздерге септік, көптік жалғауын жалғай алу біліктілігін тексеру.

  2. Тәрбиелік: Туған жерді, аялауға, қорғауға , таза ұстауға тәрбиелеу.

  3. Сабақтың түрі: өтенді қайталау.

  4. Сабақтың көрнекіліктері: диктант жинағы

Сабақтың әдістері: оқу, аудару,әңгімелеу,тапсырманы дұрыс орындау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:


1.Наурыз айында қандай мерекелер болады?

2.Сен қандай мерекені жақсы көресің?

3.Сен кімді құттықтайсың?

4.Сен анаңа, әпкеңе не сыйлайсың?

5.Осылай сен бәріне не сыйлайсың?

III. Жаңа сабақ. «Мерекелердің мерекесі» диктант
8 Наурыз- аналар мерекесі. Мен анамды жақсы көремін. Мен анамның мерекесіне арнап қағаздан гүл жасадым. Гүлді қызылмен, сабағы мен жапырақтарын жасылмен боядым. Гүл әдемі болды. Мереке күні гүлді анама сыйға тарттым. Әкем де анама сыйлық жасады. Ол анама аппақ орамал сыйлады. 8 Наурыз мерекелердің мерекесі.
Грамматикалық тапсырмалар
1-нұсқа

1.Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Жақсы көремін.

2-нұсқа


1.Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Орамал, гүл

Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!

Сынып 3
Сабақтың тақырыбы: Спорт ойындары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Спорт түрлерін атап айтуды, диалог арқылы сөйлесуде өз ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруге, таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғуға, түсінуге дағдыландыру. Нақты үлгі бойынша жазба жұмыстарды орындату арқылы жіктік, тәуелдік жалғауларын қайталау, сауатты жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, слайд, суреттер,кестелер,

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, жобалау технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелесу, танымдық ойындар, диалог.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

-Армысың, асыл күн!

-Армысың, асыл жер!

-Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым бос.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау арқылы келешекте балалардың жасаған қателіктеріне бой алдыртпауларына жол көрсету.

2. Пысықтау сұрақтары:
1.Наурыз айында қандай мерекелер болады?

2.Сен қандай мерекені жақсы көресің?

3.Сен кімді құттықтайсың?

4.Сен анаңа, әпкеңе не сыйлайсың?

5.Осылай сен бәріне не сыйлайсың?


III. Жаңа сабақ. Спорт түрлері
Ой қозғау (түрткі тастау)

1.Спорт дегеніміз не?

2.Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

3.Сен спортпен шұғылданасың ба?

4.Спорт неге пайдалы?

5.Қазақстанның белгілі спортшылары кімдер?



Баскетбол

Хоккей


Футбол

Волейбол


Коньки тебу

Шаңғы тебу

Шахмат

Күрес


Жүгіру

Жүзу


Тоғызқұмалақ

Бокс


велоспорт



Спорт түрлері


1.Сөздікпен жұмыс

Денсаулық-здоровье

Пайдалы-полезный

Бүгінде-сегодня

Дамып жатыр-развита

Жетістік-достижение



2.Мәтінмен жұмыс

Спорт түрлері

Спорт денсаулыққа пайдалы. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Спорттың барлығы денсаулыққа пайдалы. Спорттың түрлері көп: Баскетбол

Хоккей, Футбол ,Волейбол, Коньки тебу, Шаңғы тебу,Шахмат,Күрес,Жүгіру, Суда жүзу

Тоғызқұмалақ, Бокс, велоспорт.Адам спорт түрімен айналысса, жетістікке жетеді.


Сұрақтар:

1.Спорт неге пайдалы?

2.Спорт елімізде қалай дамып келеді?

3.Спорттың түрлерін атаңдар?

4.Адам немен айналысса, неге жетеді?

2-тапсырма. Берілген анықтамаларды спорт түрлерімен сәйкесттендіріңдер.




1.Қысқы спорт түрі-

жүзу

2.Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі-

футбол

3.Мұз бетінде сырғанау-

Шаңғы тебу

4.Штанганы жоғары көтеруді орындау-

күрес

5.Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі-

Коньки тебу







6.Суда жаттықтыру-

Ауыр атлетика



4.Сөздерге жатыс септіктің жалғауын қойып жазыңдар, сөйлем құрастырыңдар.
Спорт..., денсаулық...., еліміз...., жүзу..., күрес.....,
7.Сабақты қорыту.

1.Спорт неге пайдалы?

2.Спорт елімізде қалай дамып келеді?

3.Спорттың түрлерін атаңдар?

4.Адам немен айналысса, неге жетеді?
Рефлексия кезеңі.

-Балалар, өздерің қалай ойлайсыңдар, сабақ қалай өтті?

-Жақсы!

-Әрине жақсы!




Білемін

Білдім

Білгім келеді




















Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 45 бет

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау.

-Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!

4-сыныптар Қазақ тілі Күні:
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып аясында әңгімелей алуға, сұрақтарға жауап алу арқылы өз ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, палуандар туралы ұғымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылықтарын арттыру. Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету. Жіктік, септік жалғауларды қайталау.
Дамытушылық: Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы орфографиялық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: палуандар жайында кітапша, суреттер, венн диаграмасы.

1-әрекет. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
2-әрекет. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың дайындап келген диалогтарын сұрап, пысықтау үшін мынадай сұрақтар беремін.

Пысықтау сұрақтары:



  1. Қандай спорт түрлері бар?

  2. Спорттың қай түрімен айналысасың?

  3. Сен айналысатын спорт түрінен чемпиондар бар ма? Кімдер?

3-әрекет. Ой қозғау.

Оқушыларға слайд арқылы суреттер көрсетіп, кім екенін сұраймын. Оқушылар жауап беріп, бүгін сабақта кімдер жайында өтетінімізді табады.

- Ал балалар, сендер қазақтың атақты палуандары туралы не білесіңдер?
4-әрекет. Мағынаны тану.

1. Жаңа сөздермен жұмыс.

Атақты – известный

Палуан – борец

Гірдің тасы – гиры

Таң қалдырады – удивил

А) сөздерді оқу, қайталау;

Ә) сөз тіркестерін құру.

2. Жаңа сабақты меңгерту.

Палуандар

Қазақ халқында атақты палуандар көп болған. Олар: Балуан Шолақ, Қажымұқан Мұңайтпасов, Бұланбай, Қазақбай, Қасымхан. Осындай палуандарымыздың бірі – Балуан Шолақ (шың аты Нұрмағамбет). Ол – палуан, әрі әнші болады. Оның аты Ресейдің атақты палуаны, чемпион Иван Кореньді жеңіп, қабырғасын сындырғаннан кейін барлық елге тарады. Ол Көкшетауда 816 килограмм гірдің тасын көтеріп, жиналған халықты таң қалдырады.

Қазір біздің елімізде палуанның атымен аталатын көшелер, спорт мектептері және спорт сарайы бар.

5-әрекет. Сұрақ-жауап.
1. Қазақ халқында кімдер көп болған?

2. Балуан Шолақтың шың аты кім? Ол қандай адам болған?

3. Ол кімді жеңгеннен кейін бүкіл елге танылады?

4. Көкшетауда ол не істеп халықты таң қалдырады?

5. Оның атында нелер бар?

6-әрекет. «Сөйлемдер тізбегі» ойыны (Ойынның шарты: шатасқан сөйлемдерді рет-ретімен қою).
1. Ол - палуан, әрі әнші болады.

2. Қазір біздің елімізде палуанның атымен аталатын көшелер, спорт мектептері және спорт сарайы бар.

3. Қазақ халқында атақты палуандар көп болған.

4. Оның аты Ресейдің атақты палуаны, чемпион Иван Кореньді жеңіп, қабырғасын сындырғаннан кейін барлық елге тарады.

5. Олар: Балуан Шолақ, Қажымұқан Мұңайтпасов, Бұланбай, Қазақбай, Қасымхан.

6. Ол Көкшетауда 816 килограмм гірдің тасын көтеріп, жиналған халықты таң қалдырады.

7. Осындай палуандарымыздың бірі – Балуан Шолақ (шың аты Нұрмағамбет).

7-әрекет. Кластермен жұмыс.

«Балуан Шолақ қандай болған?» деген сұрақ бойынша өз ойларын ортаға салып, жазады. Содан соң әр топтан 1 адамнан шығып қорғайды.


8-әрекет. Жазылым.

1-тапсырма. «Палуан, күшті» сөздерін жіктеңдер.

І. Мен __________________________ I. Біз ___________________________


ІІ. Сен __________________________ ІI. Сендер ___________________________
ІІ. Сіз __________________________ ІI. Сіздер ___________________________
ІІІ. Ол __________________________ ІІI. Олар ___________________________

2-тапсырма. Мына сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

Қазақ, халық, палуан, күшті, әнші, атақты, жеңіс, қабырғасын, Ресейдің, мәдениет.

3-тапсырма. Сөздерге дұрыс жалғауды қосып жазыңдар.

  1. Қажымұқан – әлемдік арена...(-ға,-ге) шыққан қазақ...(-ның, -тың) палуаны. 2. Қажымұқан он төрт жасы...(-да,-нда) байға жалшы болады. 3. Қажымұқан күрес өнері...(-н,-ің) өзінің туысы Ержақ палуан...(-дан,-нан) үйренеді. 4. Ол орыс палуаны Иван Поддубный...(-бен,-мен) достасады.

9-әрекет. Қорытынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет