Сабақтың тақырыбы Өзіңді таны



бет2/25
Дата04.12.2019
өлшемі1,67 Mb.
#53005
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1 сын Музыка ҚМЖ (1)





Күні: Сынып:1-ә

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің есімім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:

Көбі: Жаңа білімге мысалдар келтіре алады.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

ЖҰМБАҚ САУСАҚ МУЗЫКА MUSIC

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

МҚ,Ж) Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу:

Сәлеметсіңдер ме , балалар!

– Здравствуйте, дети!

– Hello, children!

Алдыңғы сабақта өткен «Сәлемдесу» әнін қайталаңыздар. «Сәлем! Привет! Hello» әніне балалардың өз есімдерін қосып айтқызыңыз



Шаттық шебері




Сабақтың ортасы

8 минут


1 минут

5 минут

3 минут

16 минут

Сен өз есіміңді әуендетіп орындай аласың ба? Қане,байқап көрейік. Есіміңді әуендетіп айтып, дыбыс биіктігін қолыңмен көрсет. Қолыңды шапалақтап, буынға бөліп орында.

(ОТ) Екі нотадағы әнді айтып тұрған кезде оқушылар ұрмалы аспапты (бубен, маракас) бір-біріне жалғастырып ұсынады.Ән аяқталған кезде қолында аспап қалған оқушы мұғалім тапсырған қарапайым ырғақты қайталауы тиіс, ал сыныптың барлығы қол шапалақтап қосылады.

(МҚ, Ж) Аспаптарды қолдана отырып ырғақтарға өз есімдерін буындап қосып айтуын сұраңыз.

Жұптасып отырған балалар бір-біріне есімдерін соль, ми биіктігімен айтып беріп үйренсін.

Мысалы: Ер-бол (2буын), Да-ни-яр (3буын),

Дәу-лет-қа-ли (4 буын)

Curwen қолдың жүйені көрсетіңіз.

(Ұ) Үштілділік: музыка –мелодия – music- барлығы бірге айтып үйренеді.

(Т,ОТ) Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды. Жұмбақ шеше отырып балалар затты сипаттайды. Оларды қай жерде қолданатынын әңгімелейді, түсіндіреді.

(Ұ, МК) Дауыс жаттығуы: Дауысты дыбыстың дұрыс айтылуын қалыптастыруға әуезді, созылып айтылатын «а, о, у, и» дауысты дыбыстарының немесе «да-ла», «ле-ле» буындарының, сөз соңындағы дауыссыз дыбыстарды дәл де анық орындауға «ба-ла-пан-пан-пан», «ба-ра-бан-бан-бан» сияқты сөздерді буынға бөліп айтудың тигізер көмегі көп екенін ескеріңіз.

(Ұ, Қ) Ән үйрену: «Он саусақ» (С.Мұхамеджанов). Ән мәтінінің мазмұнын суреттерімен байланыстыра отырып түсіндіріңіз. Саусақтардың қызметі туралы балалар өз ойларын ортаға салсын.

Мысалы: «Ине не үшін керек? Қаламды не үшін қолданамыз? Он саусақпен не істей аламыз?»



(Т, МК) Ән үйрену: «Жұмбақ саусақ» (қазақтың халық әні)

Суретке қарай отырып санауды және әндетуді үйретіңіз.

Балалардан дауыспен шағын музыкалық фраза ойластыруын сұраңыз. Ол үшін оқулықтағы суреттердің орнына өзі басқа заттардың атауын атасын. Сөз атауы мен сан атауының бірінші дыбыстары сәйкес келуіне назар аудару керек.

Мысалы: «Бір дегенім – бала, екі дегенім- етік, үш дегенім- үйрек» т.б.



СЕРГІТУ СӘТІ.

Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайықАлға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Дәптермен жұмыс Оқулықтағы тапсырма.

Ән саламыз. «Он саусақ» Саусақ аттарын біліп ал. Жұмбақ саусақ.

1 дегенім-бұзау, 2 дегенім-ешкі, 3 дегенім-үстел,4 дегенім-төсек, 5 дегенім –бесік, 6 дегенім-асық,7 дегенім-жылқы, 8 дегенім-сиыр, 9 дегенім-түйе,10 дегенім-оймақ,Бұның бәрі-жұмбақ.



Сергіту сәті

Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


МК, Ұ, Қ) Оқушылар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды- солға адымдау, оңға адымдау.3 рет қол шапалақтау кідіріс (төртке дейін санау) және басынан қайталау. Әрі қарай осы қимыл –қозңалыстарды қайталай отырып оқушылар кідіріс кезінде өз есімін қосады. Сабақ соңында оқушылардың білімін бағалау

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.



Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім



Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет