Саясаттану пәнінен дәрістердің тезистері



бет2/16
Дата08.01.2023
өлшемі0,53 Mb.
#165131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Саясаттану д рістері
1801-11 Сымбат экономика (копия), ZHalpy-fizika 2, Fizikany-o ytu- distemesi 2, 5 Математика 5 сынып 5.4.А Пайыз бөлімі Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу Қосымша 3 Үй жұмысы, Хронический пиелонефрит. Хронический цистит.rtf , КР МКТарихы силлабус

1948 жылы ЮНЕСКО –ның ұсынысы бойынша Париж қаласында өткен саясаттану ғылымының мәселеріне арналған Халықаралық конференцияда алғаш рет осы ғылымның басты міндеттері мен оның құрамдас бөліктерін жүйеліп реттеуге талпыныс жасалынды. Осынау құрамдас бөліктердің төрт тобы ажыратылып көрсетілді:


  1. саяси теориялар:

  • саяси теориялар;

  • идеялар тарихы (олардың пайда болуы, дамуы және қазiргi кездегi қызметi) болып екі бөлімнен тұрады.

  1. саяси институттар:

  • конституциялар;

  • орталық басқару;

  • аймақтық және жергiлiктi басқару;

  • бұқаралық әкiмшiлiк;

  • басқарудың экономикалық және әлеуметтік функциялары;

  • саяси институттарды салыстырып зерттеу, болып алты бөлімнен құралған;

  1. партиялар, топтар және қоғамдық пікір:

  • саяси партиялар;

  • топтар мен ассоцияциялар;

  • азаматтардың басқару мен әкімшілікке қатысуы; қоғамдық пікір атты үлкен үш бөлімді қамтиды;

  1. халықаралық саясат:

  • халықаралық саясат;

  • саясат және халықаралық ұйымдар;

  • халықаралық құқық сынды үш топты құрайды.

Саясаттану пәнінің ішкі құрылымы да үш арнаға бөлінеді:
1. Саясаттану ғылымы нені зерттеп, нені оқытады, оның тарихи жолы қандай, бүгінгі теориялық және практикалық проблемалары қайсы деген мәселелер;
2. Саясат, саяси билік және саяси жүйеге қатысты мәселелер;
3. Саясаттың, саяси биліктің мемлекетаралық көріністері төңірегіндегі мәселелер.
1949 жылы ЮНЕСКО – ның құрамында Бүкіләлемдік саяси ғылымдардың ассоцияциясы құрылып, оның жыл сайынғы өтетін конференциялары саясаттану ғылымының өркендеуіне іргелі үлес қосты. ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдарында саясаттану ғылымының өркендеуіне америкалық саясаттанушылардың үлесі қомақты болды. Дәл осы жылдары АҚШ – тағы және басқа елдердегі саясат мәселелері бойынша әдебиеттердің орасан зор толқыны жарық көрді. Бұл өз кезегінде жаңа ғылым және білім орталықтар құрылып, көптеген жалпыұлттық және аймақтық саясаттанулық журналдар жарық көре бастады.
АҚШ –ында саясаттану ғылымы негізінен университеттерде шоғырланды – саясаттану ғылымы бойынша кафедралардың саны 1340 жетті.
1949 жылы Францияда Ұлттық әкімшілік мектеп пен Париж университетінің жанынан Саяси зерттеулер институты, Саяси ғылымдардың Ұлттық қоры мен Француз саяси ғылымдар ассоцияциясы құрылды.
1951 жылы “Француз саяси ғылымдар журналы” жарық көре бастады.
1956 жылдан бастап Францияда үкіметтің шешімі бойынша елдің университеттерінде “Конституциялық құқық және саяси институттар” курсы оқытыла бастады. Француз ғалымдарының саясаттану ғылымының дамуына қосқан үлесі айрықша зор. Әсіресе М.Дюверже, Б. де Жувенель, Ж.Бюрдо, Ж. Ведел, М.Прело, П. Фавралардың еңбегі саясаттану ғылымында өзіндік із қалдырды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында саясаттану ғылымының дамуына ағылшын мектебінің өкілдері де өз үлестерін қосты деп атап өтуге болады. 1950 жылы Г. Ласк, Д. Брогэн, Ч.Уильсон, М.Окшоуттың ұсынысымен Бірлескен Корольдіктің саяси зерттеулер ассоцияциясы (БКСЗА) құрылды. Осы жылдан бастап Ассоцияция “Саяси зерттеулер” атты журнал шығара бастады және осы ұйым елдің 40 - тан астам университеттерінде саяси зерттеулер мен дәрістерді әлі күнге жемісті жүгізіп келеді. Бүгінгі таңда жоғарыдағы жураналдан басқа әлем мойындаған “Британ саяси ғылым журналы”, “Үкімет және оппозиция”, “Саяси тоқсандық ” және т.б. журналдар шығарып отыр.
Саясаттану ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан ендігі бір ел ГФР болып табылады. Саясаттану ғылымы Алманияда ХХ ғасырдың 60 – 80 жылдарында кең қанат жайды. Бұл жетістік ең алдымен К.Байме, Г.Рормозер, Г.Люббе, К.Зонтхаймер, Г.К.Кальтенбруннерлердің еңбектерімен байланысты.
Барлық ғылымдар сияқты саясаттану да саяси құбылыстар мен саяси үрдістерді зерттеуде методологиялық негізге, түрлі тәсілдерге сүйенеді. Методологиялық негіз есебінде дүние жүзінің көптеген саясаттанушылыры диалектикалық логиканың принциптерін басшылыққа алады. Саяси құбылыстарға нақты тарихи жағдай тұрғысынан талдау жасау, оларды өзара тығыз байланыста және үнемі өзгерісте деп қарау – зерттеу барысында үлкен маңызға ие болады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы кезеңде саясаттанулық зерттеулердің әдістемелік принциптеріне елеулі жаңалықтар енгізіліп, дамуға үлкен үлес қосылды, ғылымның кең қанат жаюына ықпал етілді. 50-ші жылдары саясаттану ғылымы әдістемелік тәсілдердің жаңа концептуалдық тұжырымдары мен тәсілдерінің кешенін қабылдады. Олардың ішінен бихевиоризм, жүйелік талдау, саяси – мәдени көзқарас және олармен байланысты теориялар мен тұжырымдарды, сондай-ақ тәсілдер мен әдістер, түсініктер мен категорияларды атасақ болады.
Жалпы саясаттану ғылымы да басқа ғылым салалары сияқты жалпы логикалық тәсілдерді қолданады. Оларға анализ және синтез, индукция және дедукция, абстракциялау, абстрактіден нақтыға өрлеу, тарихилық пен логикалықты ұштастыру, т.б. жатады.
Тәсілдердің екінші тобы объектінің ерекшеліктерін тікелей зерттеуді мақсат етеді. Оған жүйелік, құрылымдық – функционалдық, социологиялық, бихевиористік тәсілдер жатады. Жүйелік тәсіл саясатты күрделі, біртұтас, ішкі элементтері өзара иерархиялық байланыста болып, өздігінен реттеліп қозғалысқа түсіп отыратын жүйе есебінде қарайды. Социологиялық тәсіл – саясат пен нақты әлеуметтік ортаның өзара тығыз байланысын басты назарда ұстайды. Бихевиористік тәсіл саясатты жеке адамдардың және топтардың мінез – құлқын таразылау арқылы зерттеуді басшылыққа алады. Бұл тәсіл саясаттың субъектісі, қозғаушы күші – жеке адам, оның психологиялық жағдайы деп біледі.
Тәсілдердің үшінші тобына эмприкалық, тәжірибелік әдіс – түрлері жатады (статистикалық материалдарды талдау, анкета жүргізу, тәжірибе жасау, іскер ойындар, т.б.) Бұл тәсілді сандық тәсілдер деп те атайды.
Саясаттанудың функциялары.

  • Гносеологиялық (танымдық) - саяси өмірді шынайы бейнелеу, оның объективті байланыстары мен заңдылықтарын ашып көрсету;

  • Аксеологиялық (баға беру) – саяси құбылыстарға талдау жасап, бағалай білу;

  • Саяси әлеуметтендіру - азаматтық қасиеттерді, демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру;

  • Реттеушілік басқару – саяси дамудың үрдiс, бағдарын бақылай отырып, қоғамдық оқиғаларды тиiмдi басқару үшiн нақты мағлұматтар беру;

  • Жетілдіру - саяси өмiрдi ұтымды түрде жаңғыртуға бағыт сiлтеу;

  • Болжау – озық саяси өзгерiстер жасауға бағытталған ғылыми негiзделген алдыңғы қатарлы ұсыныстар.

Саясаттанудың санаттары (категориялары).
Саясаттанудың категорияларына саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми терминдер жүйесi жатады. Олар қатарында көп қолданылатын терминдерге төмендегi категорияларды жатқызуға болады: «саясат», «саяси билiк», «саяси жүйе», «саяси тәртiп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтену», «саяси өмiр», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендiк», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «iшкi саясат», «сыртқы саясат» және т.б.
Саясаттанудың басты категориясы, негiзгi түсiнiгi- билiк тұтқасы, саяси билiк, мемлекеттi басқару нысаны. Ал саясаттанудың оқытатын пәнi – саяси билiктiң, билiк тұтқасының қалыптасу, қызмет атқару және өзгеру заңдылықтары.
Саясаттану ғылымының теориялық және практикалық маңызы.
ХХ ғасырдың екінші жартысында саясаттану ғылымының басты теориялары, концепциялары, идеялары қайта жаңырып, жаңаша серпінмен дамыды. Бұл теориялар қатарында мына төмендегі теорияларды атап өту қажет секілді:

  • Топтар және мүдделі топтар теориясы мен саяси күштердің тепе – теңдігі теориясы (Д.Трумен, Д.Истон, Р.Тейлор және т.б.);

  • Демократия теориясы (Р.Даль, Дж. Сартори және т.б.);

  • Элита және элитизм теориясы (Г.Ласуэлл, Р.Милсс, және т.б.);

  • Билік, бақылау және ықпал теориясы (Дж.Кетлин, Ч.Мерриам, Г.Моргентау және т.б.);

  • Қазіргі заманғы саяси жүйелер теориясы (Д.Истон, К.Фридрих, К.Дойч, Г.Шильс, Р.Арон және т.б.);

  • Партиялық –саяси жүйелер теориясы (М.Дюверже,У.Д.Бернхэм, Дж.Санквист,К.Байме, және т.б.);

  • Саясилық әлемін құрылымдық – функционалдық талдау теориясы (Т.Парсонс, Ч.Бернард, Р.Мертон және т.б.);

  • Саясаттағы дау – жанжалдар мен ымырашылдық (конфликт және консенсус) теориясы (С.М.Липсет, Л.Каузер және т.б.).

Саясаттану ғылымы қоғамды демократияландыруға, Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуына қызмет етеді. Әлеуметтік қамқорлықты басты қағида деп танитын нарықтық қатынастар экономикасына өту, демократияландыру үрдісін онан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру секілді алға қойған басты мұраттарымыз республика азаматтарына түсіндіруге ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет