Үлкен әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар, мемлекеттер) арасындағы қатынастар саласында, олардың қоғамдық-маңызды талаптары мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін, саяси билікті орнықтыру мен оның қызмет етуін қамтамасыз ету барысындағы іс-әрекеттер
төменгі деңгей, жергілікті мәселелерді шешу мәселелерін қамтиды (тұрғын үй жағдайы, мектеп, университет, қоғамдық көлік және т.б.); бұл деңгейдегі саяси қызметті негізінен жеке индивидумдар атқарады, алайда кейбір мәселелерді жергілікті ассоциациялар шешуі де мүмкін;
жергілікті деңгей (локальдық), мелекеттің араласуын қажет етеді; саясатты көбіне өздерінің өлкелерінің, аймақтарының экономикалық дамуына мүдделі топтар және ассоциациялар жүргізеді;
ұлттық деңгей, мемлекеттің ресурстарды үлестірудегі шешуші рөлімен байланысты, саясат теориясында негізгі орынды иемденеді;
халықаралық деңгей , саясаттың негізгі субъектілері ретінде тәуелсіз мемлекеттер әрекет етеді.
Саясат пен билік бір-бірімен тығыз байланысты. Билік саясаттың негізі, оны жүзеге асырудың басты құралы ретінде әрекет етеді. Алайда билік қоғамдық құбылыс ретінде тек саясатқа ғана тән емес. Билік құбылысы адами қатынастардың барлық салаларында: отбасында, өндірістік ұжымда, түрлі деңгейлердегі ұйымдар және мекемелерде, мемлекетте және т.б. көрінеді. Бұл биліктің адамзат қоғамының басқаруды қажет ететін фундаментальдық мұқтаждығынан туындайтын құбылыс екенділігімен түсіндіріледі.