Саяси конфликттердіњ шешілуі


Жанжалды психологиялық тұрғыдан қарастыру



бет8/10
Дата12.12.2023
өлшемі123 Kb.
#196542
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Конфликтіні шешудің психотехнологялары

4. 3. Жанжалды психологиялық тұрғыдан қарастыру.
Психологиялық көзқарас бойынша жанжал қарсы бағытталған, жиі сәйкес емес қажеттіліктердің, дәлелдердің, ойлардың, сезімдердің, әдіс әрекеттері мен мінез актілерінің қақтығыстарын білдіреді. Жанжал оған қатысушылардың шиеленіскен қайшылықтарының эмоционалды күшпен, мұғалім мен оқушының негативті уайымдарының өткірлігімен ерекшеленеді. Жанжал барлық қатысушыларға өз ауыртпалығын тигізеді. Олар өте жиі стресстердің себептері болып табылады, қатынастардың айырылыстары болып саналады, әртүрлі психосоматикалық аурулардың себепшісі болуы мүмкін.
Мектептегі жанжалдар спецификалық ерекшеліктерге ие. Оларда әрқашан балалар қатысты болады, олар барлық әділетсіз шешімдерге сезімтал келеді, қатынастың авторитарлы стиліне қарсы. Жанжалдың нәтижелері балалардың тұлғалық дамуына тура әсер етеді, кейде мектеп түлектерінің кейінгі тағдырынан да көрініс табады. Жанжалдарда әр түрлі жастағы және әлеуметтік топтардағы өкілдердің қызығушылықтары, құндылықтары, идеялары, функционалды ролдік ұстанымдары қақтығысады; жанжалдың педагогикалық жағынан дұрыс шешімін табуы үшін жауапкершілік мектеп әкімшілігі мен мұғалімге жүктелген ; жанжалға көптеген қатысушылар тартылады, олар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие, ал жанжалды созу кезінде оның қатысушыларының саны өсе түседі; оқушының оқытушыға әлеуметті- психологиялық бағыныштығы және өмірлік тәжірибелерінің арасындағы айырмашылық жауапкершіліктің әртүрлі деңгейлерін туындатады т.б.
Зерттеу жұмыстары бойынша педагогикалық жанжалдардың себепшісі не болғанына байланыссыз, ол педагогтар мен оқушылардың қатынастарының әртүрлі сфераларын қамтиды. Осыған сәйкес, жанжалдарды әртүрлі көрсеткіштері бойынша дифференциялдауға болады. ЖЖанжалдарды ішкі(тұлға ішіндегі) және сыртқы (тұлғаарлық және топаралық) деп бөледі. Жанжалдар одан да ұсақ топтарға қайшылықтарының өткірлік деңгейіне қарай : риза еместіктен, келіспеушілік, ұрыс, қастықтан пайда болатын шиеленістердің деңгейіненбөлінеді. Даму барыснда бір типті жанжалдар басқа типтіге айналуы мүмкін.
М.М. Рыбакова жағдайлардың немесе жанжалдардың келесі түрлерін анықтайды: қызметтер жанжалдары, оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауы бойынтша туындайтын, үлгерімі, оқудан тыс қызметтер бойынша туындайтын; мінез –құлық кикілжіңдері, оқушылардың мектептегі ережелерді бұзуы кезіндегі істері бойынша, сабақта, метептен тыс; қатынас жанжалдары, оқушылар мен мұғалімдердің тұлғалық эмоцианалдық қатынасындағы сферада туындайды, олардың қарым –қатынасы сферасында педагогикалық қызмет процесінде туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет