4. 4. Педагогикалық кикілжіңдердің кезеңдері.
Әрекет кикілжіңдері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушының тоқулық тапсырмаларды орындауға келіспеуінен немесе оны дұрыс емес орындағанынан көрініс табады. Мұндай кикілжіңдердің себептері әр түрлі: оқулық материалды игерудің қиынболуында, оқудың қызық еместігінде; мұғалімнің қате ескертулерінде; шаршау т.б. Мұндай жанжалдар көбіне оқу кезіндегі қиындықтардан, оқулық ауыртпашылығымен шамадан тыс қызығып кеткеннен, оқудың төменгі мотивациясынан пайда болады.
Мінез –құлық кикілжіңдегі, мұғалім оқушы ісінің анализінде қателескенде, себептерін анықтамағанда, ештеңеге негізделмеген қорытындылар жасағанда шығады. Егер мұғалім оқушының істерін оған мәлім емес информациялар, дәлелдер, себептерсіз түзеуге тырысса, онда біз күткендей, оқушы мен мұғалім арасында алшақтау пайда болады, ол жанжалға әкеледі. Мұндай жанжалдар білім берудің нашар ұйымдастырылғандығынан, оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескермеген кезде туындауы мүмкін. Төрт кезеңді анықтауға болады:
Бірінші сынып (ойындық қызметті оқулыққа ауыстыру болады), жаңа талаптар мен міндеттер пайда болады. Егер мұғалім осы ерекшеліктерін ескермей жұмыс істесе, онда, біз айтқандай, оқушы мен мұғалім арасында жанжал туындайды.
Мысал келтірейік, Тима деген бала бала- бақшадағы үйреншікті жағдайдағы дайындық сыныбында оқып жүрді. Тәрбиеші мұғалім балаларға мейріммен қарады, оқу материалы мәжбүрлі емес формада игерілді , сабақ көңілді, қызық және қуанышты болды. Екінші сыныбында Тима жалпы білім беретін, онда мүлдем басқа қатынаспен кездесті. Мұғалім әрбір қателік үшін, балалық айыптылық үшін жазалайды , ұрысады, мектепке ата – анасын шақыртумен қорқытады. Ал , денешынықтыру сабағында мұғалім оқушыларды сапқа тұрғызып, ұзақ уақыт үгіттеу айтады, сонымен қоймай балаларды бұрышқа тұрғызады. Бала мұғалімге қрсы шығып , әдепсіздік істей бастайды. Түнде апасы баласының ақырын жылап жатқанын естіп қалады. Ол мазасызданып, немересінен сұрайды : « Тимок , сен неге жылайсың ?» Жауапқа ол : «Апа, мен мектепке барғым келмейді . Ондағы мұғалімдер қатал, ашулы» дегенді естиді. Көріп отырғанымызда, мұғалімдердің кішкентай мектеп оқушыларына деген мейрімсіз қатынасы кикілжіңдер туғызып олардың оқуға деген ынталарын жоғалтады.
Екінші кикілжің кезең – бесінші сыныпқа өту. Бір мұғалімнің орнына балалар әр түрлі пәндердің мұғалімдерімен жұмыс істейді, жаңа мектептік пәндер пайда болады. 9-шы сыныптың басында жаңа ауыртпашылықты мәселе туындайды: мектептен кейін не істеу керектігін шешу қажет – орта білім беруші оқу мекемесіне бару нмесе орта білім беру мектебінде оқуды жалғастыру.
Кикілжің жағдайлар көбінесе мұғалімнің оқушыға деген бейтарап көз қарасынан, ал кейде әдепсіз қатынасынан туындайды . Бұл кикілжің жағдайлар субьективті сипаттардың, жанжалдасулардың тұлғалық ерекшеліктерінен тұлғалық маңызға ие бола бастайды , оқушы мен мұғалімнің ұзаққа созылатын жек көрушілігін тудырып, оларды өз ара қатынгасын ұзаққа дейін бұзады. Мысалы, Беларус тілінің мұғалімі оқушыларға көкіректене қарады, қандайда болмасын қателіктерде мысқылмен және жек көрушілікпен ескертулер жасап, ақыл айтатын . Ол оқушыларды жақсы көрмеді, оқушылар да оған тура солай жауап беретін . Оқушылардың бірі ұзақ уақыт ауырып жатады. Ал оның қайта келуінен кейінгі екінші сабақта мұғалім оны тақтаға шығарады, ол жіберіп алған материалды қалай игергендігін тексеру үшін шығарады. Оқушы өзінің барлық мактериалды игеріп үлгермегендігін мойындап, шындығын айтады. Мұғалім артық сөзсіз: «отыр екі!» - дейді. Осы арада оқушы мен мұғалім арасында кикілжің пайда болады. Оқушы мұғалімді, оған қоса беларусь тілін жек көре бастайды. Осы жек көрінішті сезімі оның жүрегінде бірнеше жылдар бойы болды. Келтірілген мысал мұғалім такт сақтау керектігін көрсетеді. Оқушыларға түсінушілікпенқару керектігін, оларға жоғарғы талптарын көрсету қажеттілігін, сыйласымдылықпен шектік сезімін сақтау қажеттігін, әрбір оқушыға әділетті қатынастың болуын көрсетеді.
Кикілжің жағдайлар тек «мұғалім мен оқушы» системасында ғана пайда болмайды, ол сонымен қатар оқушылардың өздерінің арасында, жалпы тұтас сыныптар арасында, мұғалім мен ата- аналар арасында т.б. туындайды.
Педагогикалық жанжалдардың дамуында екі сатыны анықтауға болады: саналы түрде меңгерілмеген «потенциалды» және саналы түрде меңгерілген «шынайы». Бірінші кезеңге жанжалдың жасырн сипаттамасы тән. Педагогтың шеберлігі педагогикалық процестің расындағы көзделген жасырын кикілжіңді алдын ала байқап және одан шынайы жанжалға айналуды тактикалық әдістер мен тәсілдер жолымен алдын алу.
Құрылмдық қатынаста келесі жанжал стадиялары бақыланады: кикілжің жағдай, жанжалдасушылар, жанжал объектісі, жанжалды ара- қатынас және жанжал себептері.
В. И. Андреев жанжалды кикілжің жағдайдан айыру үшін келесі формуланы ұсынады: Мәселен, «кикілжің жағдай + қатысушылар+ инцидент= жанжал».
Педагогикалық жанжалдың қатысушылары оқушылар және педагогтар болып табылады. Жанжал объектісі болып оқытушы – тәрбиелік қызмет пен қатынас көрініс табады.
Зерттеушілер (А. Я. Анцуков, А. И. Шипилов) жанжал құрылымында оның мынандай маңызды құраушыларын анықтайды.
Жанжалдасушы жақтар. Жанжалда жоқ дегенде екі жанжалдасушы жақтар болады (конфликттанттар) – мұғалім және жеке оқушы, мұғалім және оқушылар тобы т.б. Жанжал кезінде басқа да қатысушылар еліктірілуі мүмкін – яғни, жақтаушы, араздатушылар, достастырушылар, кеңес берушілер, күнәсіз құрбандар.
Кикілжіңдерді басқарып, бақылау жүргізіп, тиімді шешілу жолдарын тауып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |