Тақырыбы: Дос және Достық



бет2/2
Дата09.10.2023
өлшемі24,98 Kb.
#184256
1   2
Байланысты:
Дос және Достық (1)

Жүргізуші: Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті әнге береміз.
ӘН: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды.
Мұғалім:
-Дос деген кім?

Шарты: Бір сөйлеммен айту.


Сыр бөлісетін адам.
Мені өте жақсы түсінетін адам.
Сенімді адам.
Көрініс: «Екі дос»
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
1.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)
Достық туралы мақал – мәтелдер:
1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.
3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ, Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ, Жауы ортақ.
Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін.


Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
Қорытынды: Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!
Мұғалім: Балалар, біз сендермен көп ұлтты мемлекетте тұрамыз. Қазақстанда 100деген ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүруде.Ендеше қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
Сендердің басқа ұлт өкілдерінен достарың бар ма? Өздерің басқа ұлттың қандай өлеңін, не тақпағын білесіңдер?(оқушылардың жауабы тыңдалады)
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Кто в дружбу верит горячо,


Кто рядом чувствует плечо,
Тот никогда не упадет,
В любой беде не пропадет.
А если и споткнется вдруг,
То встать ему поможет друг,
Всегда ему надежный друг
В беде протянет руку.
3.Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?
Мұғалім сөзі: Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100сом ақшаң болғанша
100досың болсын дегенді ұмытпа
«Жарық жалпы білім беретін мектебі» КММ

Сыныптан тыс іс-шара:


«Дос және Достық»

Өткізген: Кажыкаримов Е.Ж.


Мектептегі практика жетекшісі:
Макажанова С.Н.
Қарағанды 2022ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет