Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет8/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

Зерттеудің негізгі кезеңдері: 
зерттеу үш кезең бойынша жүргізілді. 
Бірінші кезеңде
(
2013-2014 ж.ж.)
зерттеу мәселесі бойынша материалдар 
жинақталды, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау 
жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге 
келтірілді. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік 
әлеуетін дамыту туралы нормативтік құжаттар, әлеует, лидерлік әлеует 
мәселесенің зерттелу жайы анықталып, зерттеудің ғылыми аппараты 
нақтыланды. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік 
әлеуетін дамытудың теориялық негіздері айқындалды. 
 
Екінші кезеңде (2014-2015 ж.ж.)
Педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделі жасалып, компоненттері
ӛлшемдері, кӛрсеткіштері, деңгейлері анықталды. «Лидерлік» атты элективті 
курс әзірленді, «Кӛшбасшылар» клубының ережесі,бағдарламасы, жұмысы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы парақша жұмысы ұйымдастырылды. 
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін 
анықтаудың педагогикалық-психологиялық диагностикасы нақтыланды. 
Ҥшінші кезеңде (2015-2016 ж.ж.)
Педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың диагностикасы, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижелері сараланып, ғылыми-әдістемелік 
ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді. Педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерінің 
лидерлік 
әлеуетін 
дамытуда 
тәжірибелік-эксперимент 
жұмыстары негізінде жаңа нәтижеге қол жеткіздік. Ғылыми-зерттеу жұмысы 
қорытындыланды, 
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың 
нәтижесі 
математикалық-статистикалық ӛңдеуден ӛтті. Диссертациялық жұмыстың 
материалдарының дайындалуы мен жариялануы жүзеге асты.
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақҧлдануы, тәжірибеге ендірілуі
талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәнімен сәйкес 
әдіс-тәсілдерді 
қолданумен, 
эксперимент 
бағдарламасының 
мақсатқа 
сәйкестілігімен, 
бастапқы 
және 
соңғы 
кӛрсеткіш 
нәтижелерінің 
қорытындыларымен, бастауыш сыныптағы дарынды балаларды тәрбиелеу 
жағдайында 
олардың 
тиімділігін 
тексерумен 
қамтамасыз 
етілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет