Басталуы Т. Айбергенов «Ана»


Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» шығармасынан сахналық қойылым



бет14/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba
срсп3
Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» шығармасынан сахналық қойылым
Аралдың ортасында бір төбе бар екен, әлгі әйел соған шығып алып, жаулығын бұлғап, бәрімізді шақыруы бар емес пе!.. Шаншып-ақ тастаймыз ғой деп төніп келгенде: 
- Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудындар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел, ботам, өзіме! - дегенде қолымдағы қыздың қалай ыршып кеткенін білмеймін, секіріп барып шешесінің мойнына асылды, - дейді. - Терімізге сыймай, қабағымыздан қан жауып тұрған бізде жұмысы да жоқ, шешесі қызын, қызы шешесін жұбатып өзді-өзі болды да қалды. Сол кезде манағы Кейкі шыдамай кетіп:
 
- Батыр, лұқсат етсең, екеуін екі тайға теңдеп алып жүрейін. Қызы қатынға, шешесі отынға жарар, - дейді.
 
Жалпақ Кейкіге қарап, алақандай көзін бір төңкереді де:
 
- Жаным, сен неткен жансың? Сені қазақтың қатыны шығар да, өзімді батыры шығар деп ойлаймын... Жөніңді айтшы! - дейді әйелге.
 
- Батыр, атыңнан түс! Артыңнан қуып келетін ешкім де жоқ. Сен бұл елді шабуға келсең, бұл ел де басқа бір елді шабуға кеткен. Асықпай-ақ айдап бар, жауабын да асықпай берерсің! - дейді әйел Жалпақ балуанға.
 
Содан кейін бәріміз де аттан түсіп, төбені айнала отырдық. Бұл қар қатынның қай шатасқанын тындайын деп отыр деп бәріміз Жалпаққа ренжідік,-дейді.
 

Аздан соң әйел құшағындағы қызды босатады да, сөзіне кіріседі

- Мен мына қыздың шешесімін. Қызым қазір он бесте. Дәл қызымның жасында өзім де сергелдеңге ұшырап едім. Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы мандайымнан әлі кеткен жоқ... 
Елім дейтін елім бар дейсің бе: сай сағалап, өзен жағалап жүретін төрт үйлі бір ауыл болыпты, сол ауылда Сонар дегеннің қызы едім... Қай ел екенін білмеймін, елсізде туғыр Бала би деген баласын сүндеттетіп той істеп, ат шаптырғанда бас бәйгіге құл бастатқан тоғыз, бас балуанға күң бастатқан тоғыз тігіпті. Бәйгіге өз қызын берсін бе, айнала қыз іздепті...
 
Әкем арбасын жондеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті:
 
- Жігіттер, жол болсын! - деп әкем жолай айтқанда:
 
- Жол болмаса болмасын, қыз болсын! - деп, қосқа сүйеніп тұрған мені қағып алды да, шауып кете берді...
 
Ертеңіне шапқан ат, күрескен балуанның қызығы біткесін жабулы нарға мінгізді де, мені бәйгіге беріп жіберді. Күреске түсіп, мені бәйгісіне алған Байсары деген балуан екен, еліне келгесін Құлтеке деген байына байлады. Құлтеке бай мені бір құлына отастырды да, екеумізді де сауынға салды. Онда көп жасағанда екінші аттың бәйгісіне тігіліп (алғашқы жолы бас бәйгіге тігілген екем), осы өздерің шапқан Сары деген байдың қолына көштім. Маған атастырған құл бас бәйгіге тігіліп, басқа бір елге кетті. Сары байдың Қайрақ деген жылқышысы бар екен:
 
- Өміріңде босағанда болайық, - деп байдан сұрап, мені қатындыққа алды.
 
- Бірің жылқышы, бірің сауыншы болып жүре тұрындар, кейін босатармын,-деп еді Сары бай. Содан бері он бес жыл өтті. Байым бүгін өліп босанды, өзім осы орталарыңда отырған. Күңдіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын, соңдарыңнан қуып келіп тұрмын! Нағып қорықпай қуып келдің демеңдер: он бесімде өзім де тап осы қызымдай едім; сендердің қолдарында кетсе, енді он бес жылдан соң қызым да тап қазіргі мендей болмай ма? Мен үшін бұдан артық қорқыныш та жоқ, қорлық та жоқ. Сол мені айдап әкелген! Берсеңдер тірі қайтам, бермесеңдер өлі алып қайтам! - дейді.
 
Мана әйелді асап қоярдай боп тұрған жігіттер, құлағымыз салбырап, күмілжи беріппіз; не сұрау, не жауап бере алмай, жерді шұқи бердік, - дейді. Әйел оны сезе қояды да:
 
- "Тең - теңімен" деп, он бес жыл отасқан байым еді, сүйегін жолда көрдім. Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы тендеске жұмсаған жоқсындар. Жағаласқан жау емес, жалбарынған сор емес пе еді, оның құнын қалай өтейсіндер?.. Құлынға қосақтап қызымды әкетіп барасындар, бұларың да не ерлікке, не әділдікке жанаспайды. Ең мықтағанда еліңе бір күң апарып қосасыңдар. Қызым сендерге барса күң болады, өзіммен қалса тым болмағанда, өз етегімде еркін еркелейді. Сондықтан қызымды алып қайтам! - депті.
 
Өмірінде әйелден мұндай сөз естімеген әумесер Кейкі былай депті сонда:
 
- Әйел еркекке қатындыққа жаралған. Біздің далада одан басқа не бітіреді олар? Қызды сатып алсаң да қатын, тартып алсаң да қатын... Жігіттер, мына қатынның сөзін қойдырып, өзін де ала жүрейік. Теретін тезек біздің елде де бар! - дейді.
 
Манадан ойға көміліп, тұнжырап отырған Жалпақ таудан құлағандай құлап отыр екен. Ұшып тұра келіп сары қасқа атын әлгі әйелге тоса береді де:
 
- Өз бойымнан бере алатын айыбым осы-ақ, жеңгей. Олқысынбай ала көр. Күндіктен босанғың келсе, мына жылқыдан қалағаныңша ал да, жердің шетіне дейін көше бер. Бірақ жер жүзінде күңдік пен құлдық жоқ ел бар дегенді естігенім жоқ еді, сондықтан өзіме еріндер: қанаттыға қақтырмайын, тұмсықтыға шоқыттырмайын! - дейді. Сонда әйел тұрып:
 
- Осы жылқының қаншасы өздеріңе тиеді? - деп сұрайды батырдан.
 
- Кім біледі, біреуі де тимес... Оны би біледі...-дейді Жалпақ балуан.
 
- Ендеше, жылқы да ал деме, атынды да берме, саған ере алмаймын да: сен де еліңе жеткенше ғана ерікті батырсың, еліңе барғасын сен де еркіңнен айрыласың: не байдың, не бидің сойылы боп қаласың. Батыр-балуанды көріп жүрміз ғой. Сені батыр деп жұмсайды да, мені қатын деп жұмсайды: айырмасы осы-ақ. Бірақ сенің еркің менікінен еркін болмайды. Солай емес пе, батыр? - дейді әйел.
 
Жалпақтағы да мойнын салбыратып отырады да:
 
- Біз даланың ессіз есерлеріміз ғой. Көзге түрткенде ғана селк етеміз. Көзге түртпесе көрмейміз. Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың. Әлгінде ғана қызынды сауғаға алып, кең өмірімнің аз ғана ойыншығы етермін деп ем. Енді одан қайттым. Өз еркім өзімде тұрғанда, мен де бір адамға ерік берейін, қыз сенікі. Желден де еркін өмір сүріндер! - дейді.
 
Бишараның боз көйлегі жырым-жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара! Ерні қырық тілінген, жарық-жарық Бірақ түйілген қабағынан, от жанған көзінен жаның шошырлық. Жалынған жоқ, сасқан жоқ, қырық жігітті билеп әкетті, - дейді.
 


Жалпақтың соңғы сөзін естуі-ақ мұң екен, бірі сары атқа, бірі торы бестіге мініп, екі әйел ойнап шыға берді. 
Бір кезде әйел, сар қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылып:
 
- Керей деген ел көрсеңдер, сәлем айт, Жалпақ деген батыр көрсендер, сәлем айт! - деді де, жөнеле берді. Әйелді аттандырған бойы тұра кеп тұрған Жалпак балуан гүрс етіп құлап түсті. Біз де сонда ғана есімізді жиыппыз. Айтып-айтып не керек, жылқы да қалып, Жалпақты сүйеп елге әрең жеткіздік, - дейді.
 
- Шіркін, әйелдің де әйелі екен,-деп Жанай балуан ылғи айтатын еді,-деп Әйтілес қарт сақалын тағы бір салалап қоятын еді...
 


ІІ. Дүниеде ананы құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те! Әйел –ана, дүниедегі жалғыз күш қой. Оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иеді! Ана деп тебіренген, ана деп жыр жазбаған ақым кемде –кем.
І. Анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен –ақ басталады. Ана деген сөздің өзі ыстық емес пе?! Жер бетіндегі әсемдік атаулының бәрі анаңа деген сүйіспеншіліктен басталады.
ІІ. Шаттығын әнге қосып әр үйіңнің,
Тербеткен тал бесігін сәбиіңнің.
Сәл ғана жел жұқартып, күн шарпыған,
Өзіңнің сол баяғы Сағиыңмын, -
деп жырлаған қазақтың дара ақыны С.Жиенбаевтың анаға деген құрметі шексіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет