Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873 — 1938) қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әліббидің атасы балаларды оқуға шақырған, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, ағартушы — ғалым, ұлт ұстазы. Иван Андреевич Крылов орыс халқының атақты мысал жазушысы, сатирик, драматург. Осы орыс ақыны И. А. Крыловтың мысалдарын Ахмет Байтұрсынұлы аударған.